7


Адам болам десеңіз (2 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектеп: №10 ЖББОМ

Мерзімі: ________________

Класс: 2 «А», «Ә», «Б», «В», «Г»,

Тақырып: Адам болам десеңіз

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: дұрыс ой,жанашырлық, әдептілік

Сабақ: № 32

Мұғалім: Рысқұлова А.Б

Оқушылар саны:Сабақтың мақсаты: Адами қасиеттердің мәнін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушының ішкі ойын кеңейте отырып дұрыс ой салу;

  • Ұлттық рухқа деген жанашырлық қасиетін дамыту;

  • Оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер,

(аудио, видео жазбалар, плакатқа салынған сурет, кубик)

Сабақ барысы:

Адам болам десеңіз (2 класс)І. Ұйымдастыру кезеңі Адам болам десеңіз (2 класс)

Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару.5 Т ережесі

Адам болам десеңіз (2 класс)ІІ. Тыныштық сәті

"Нұрға бөлену"

Адам болам десеңіз (2 класс)ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  • 32-сабақ, 147- бет. «Өсиет әңгіме» мәтінін оқу.

  • Жұмыс дәптері: 31-сабақ, 40-бет. 1-тапсырма

  • Хан өз уәзірлерімен не үшін ақылдасты?

  • Қандай жарлық шығарды?

  • Хан баласы «халық даналығын» қалай табады?

  • Халық даналығы деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

  • Халық даналығына нелер жатады?

  • Даналыққа қалай қол жеткізер едіңдер?

</<font face="Times New Roman, serif">Сабақ барысын талдау



Адам болам десеңіз (2 класс)ІV. Дәйек сөз

Ақыл көркі - тіл,

Тілдің көркі - сөз

Халық даналығы

  • Ұлдар 2 рет, қыздар 2 рет

  • Барлығы қосылып 1 рет айтады.



Адам болам десеңіз (2 класс)V. Мұғалімнің сыйы

«Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық» (аңыз)

Баяғы өткен заманда бір патша өмір сүріпті. Ол көршілес елдің ақылгөй дана адамына менің екі адамымның ақиқатын сынап берші депті. Бір адамының түрінің сыйқы жоқ ,үсті басы кір қожалақ екен, ал екіншісі болса келбетті маржандай тістері бар хош иіс шыққан жағымды адам екен. Қарт келбеті келіскен адамды сый құрметке бөлеп, моншаға жібереді. Ал түлі сыйықсыз, үсті басы кір қожалақ екінші адамды қасына шақырып:

  • Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы жаман нәрселер айтты. Сен де қаласаң маған оның жаман жақтарын айтып берші, - дейді .

  • Ол болса жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпады. Қарт қалай тырысса да, мақтаудан басқа ештеңе айттыра алмады.

Екінші досы моншадан қайтып келгенде, қарт оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң:

Ана досыңа айтып берген жаман істерің болмаса жап-жақсы жігіт екенсің, -депті.

Сөйтсе әлгі ашуланып, жолдасы туралы қайдағы жоқты айтып, жамандай бастайды.

Қарт біраз тыңдаған соң :

  • Доғар балам , кімнің кім екенін енді білдім, сен жамандаған жолдасыңның түрі кір қожалақ сыйықсыз болса да, сенің ішің сасыған, кір екенсің, - депті.

  • Ертеде кім өмір сүріпті?

  • Патша неліктен қарт адамның даналығына мұқтаж болды?

  • Қарт адамның даналық айласы іске асты ма?

  • Қай адамның бойындағы шынайылық дұрыс деп ойлайсыңдар?

  • Өз бойыңда қандай адалдық қасиеттер бар?

  • Әрқашан шынайы сөйлейсің ба?



Адам болам десеңіз (2 класс)Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз солға бір,

Бұрыламыз оңға бір.

Біздер тату баламыз,

Гүл - гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.



Адам болам десеңіз (2 класс)VІ. Шығармашылық жұмыс (жеке)

  • Даналық сөздерді оқып, суреттерде берілген тақырыптарға сәйкес топтастыру. (Кітаппен жұмыс)



Адам болам десеңіз (2 класс)VІІ. Топпен ән айту. «Жаса, Қазақстан!»

Сөзі мен әні: Қ.Нұртас



Адам болам десеңіз (2 класс)VІІІ. Үйге тапсырма Адам болам десеңіз (2 класс)

  • 33-сабақ, 149- бет. «Ұланымыз ұлы елдің» оқып келу.

  • Жұмыс дәптері: 26-сабақ, 38-бет. 1-тапсырма



Адам болам десеңіз (2 класс)Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқушыларға алғыс айтамын!

Жинаған -дар санына қарай марапаттаймын!





Адам болам десеңіз (2 класс)Соңғы тыныштық сәті

  • Тыныштық... Тыныштық бар жерде... Тыныштық бүкіл әлемде...

  • Рахмет балалар, сау болыңыздар!





Мектеп: №10 ЖББОМ

Мерзімі: 17, 19, 21, 22 - 09.2016 ж

Класс: 2 «А», «Ә», «Б», «В», «Г»,

Тақырып: Көңіл күйімізді басқара білейік

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер: әдептілік, мәдіниеттілік

Сабақ: № 3

Мұғалім: Рысқұлова А.Б

Оқушылар саны:Сабақтың мақсаты: Балалармен еркін қарым-қатынас жасай отырып, «көңіл-күй» ұғымының мәні мен маңызының тікелей адамға немесе қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

  • «Көңіл-күй» ұғымына қатысты белгілі тұлғалардың ой пікірлерімен танысып, ой түюге, қорытынды шығаруға үйрету.

  • Кешірімді болуға, басқа адамдармен түсінісуге дағдыландыру.

  • Кеңпейілділікке, адамгершілікке, өзара түсіністікке, біреуді тыңдай білуге тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер,

(аудио, видео жазбалар, плакатқа салынған сурет, кубик)

Сабақ барысы:

Адам болам десеңіз (2 класс)І. Тыныштық сәтіАдам болам десеңіз (2 класс)

Сергіту жаттығуы. «Нұрға бөлену»

Адам болам десеңіз (2 класс)ІІ. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару.5 Т ережесі

Ішкі шеңбер сыртқы шеңбер

Адам болам десеңіз (2 класс)ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  • Пысықтау сұрақтары: Мұраттың көңіл-күйі қандай? Мұраттың қуанышының себебі неде?

Сабақ барысын талдау



Адам болам десеңіз (2 класс)ІV. Дәйек сөз

Өмір деген жарыста,

Шаттанған дос қалыспа.

Ш.Смаханұлы



Адам болам десеңіз (2 класс)V. Оқып үйренейік:

«Тиін мен қасқыр» (аңыз)

Тиін бұтақтан бұтаққа секіріп жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне түседі. Қасқыр жемекші болады.

-Қоя бер мені - деп тиін жалына бастайды.

-Жақсы қоя берейін, бірақ осы тиін біткен неге сонша көңілді боласыңдар, соның себебін айтшы маған. Мен үнемі жабығып жүремін, ал сендер төбемізде асыр салып ойнайсыңдар да жүресіңдер.

-Ең әуелі мені ағаштың басына жібер, сол жерде тұрып айтайын, әйтпесе сенен қорқамын, - деп жауап береді тиін оған.

Қасқыр тиінді қоя береді. Ол ағаштың басына шығып алып: -Сен өзің зұлымсың, содан ылғи жабығасың да жүресің... ал біз болсақ, қайырымдымыз, ешкімге жамандық жасамаймыз, сондықтан үнемі көңілді боламыз, -дейді. Ертеде кім өмір сүріпті?

  • Тиін неліктен үнемі көңілді жүреді?

  • Ренжіген немесе қуанған кездеріңде өздеріңді қалай ұстайсыңдар?



Адам болам десеңіз (2 класс)Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз солға бір,

Бұрыламыз оңға бір.

Біздер тату баламыз,

Гүл - гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.





Адам болам десеңіз (2 класс)VІІ. Топпен ән айту. Топпен ән айту: «Бала тілегі»

Ф.Жолдасова





Адам болам десеңіз (2 класс)VІІІ. Үйге тапсырма Адам болам десеңіз (2 класс)

  • 3-4-сабақ, 16- бет. «Тиін мен қасқыр» мәтінін оқып келу.



Адам болам десеңіз (2 класс)Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқушыларға алғыс айтамын!

Жинаған -дар санына қарай марапаттаймын!





Адам болам десеңіз (2 класс)Соңғы тыныштық сәті

  • Тыныштық... Тыныштық бар жерде... Тыныштық бүкіл әлемде...

  • Рахмет балалар, сау болыңыздар!











































Мектеп: №10 ЖББОМ

Мерзімі: 10, 12, 14, 15 - 09. 2016 ж

Класс: 2 «А», «Ә», «Б», «В», «Г»,

Тақырып: Біз осындай баламыз

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: дұрыс ой,жанашырлық, әдептілік

Сабақ: №2

Мұғалім: Рысқұлова А.Б

Оқушылар саны:Сабақтың мақсаты: Адами қасиеттердің мәнін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушының ішкі ойын кеңейте отырып дұрыс ой салу;

  • Ұлттық рухқа деген жанашырлық қасиетін дамыту;

  • Оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер,

(аудио, видео жазбалар, плакатқа салынған сурет, кубик)

Сабақ барысы:

Адам болам десеңіз (2 класс)І. Ұйымдастыру кезеңі Адам болам десеңіз (2 класс)

Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару.5 Т ережесі

Адам болам десеңіз (2 класс)ІІ. Тыныштық сәті

"Нұрға бөлену"

Балалар көзімізді жұмамыз, сіздер енді мектекптен шығып барасыздар, самал жел таза ауа орманға да кеп қалдыңыздар, өте әдемі, гүлдер, гүлдер бірінен кейін бірін иіскеп жүрсіздер, құстардың жағымды дауысы қандай керемет кішкене отырып дем алыңыздар. Енді артқа келген жолмен сабаққа асығып келесіздер, кеп қалдыңыз да, енді көзімізді ашып сабаққа дайындалайық.

Адам болам десеңіз (2 класс)ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау

"Менің жазғы демалысым" тақырыбындағы эсселерін тексеру.

Сабақ барысын талдау

Адам болам десеңіз (2 класс)ІV. Мұғалімнің сыйы

Ойынның шарты бойынша тапсырма беру: «Айнаға қарап тұрып өздеріңнің бір жыл ішінде қалай өзгергендерің туралы ойланыңдар». Мейлі ол, сыртқы келбеті болсын, мейлі ол ішкі ойлары болсын, мейлі ол, ақылдары мен адамгершілік қасиеттері болсын, мейлі ол жақын, туыстарымен, достарымен қарым-қатынастары болсын. Ойлануға 1-2 минут уақыт беру. Оқушылардың ойын жетелеу үшін мынадай сұрақтар қою:

  • 1-сыныпта сен нені жақсы көруші едің? Ал қазір ше?

  • Не істей алмаушы едің? Ал қазір қолыңнан не келеді?

  • Былтыр сен нені армандадың? Ал биыл ше?

  • 1-сыныпта досың қанша еді? Ал қазір ше?



Адам болам десеңіз (2 класс)Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз солға бір,

Бұрыламыз оңға бір.

Біздер тату баламыз,

Гүл - гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.



Адам болам десеңіз (2 класс)V. Шығармашылық жұмыс (жеке)

  • Өсімдіктер мен жан-жануарлардың өсуі үшін не қажет?

  • Адамның дамуына не ықпал етеді?

  • Өскен сайын өз бойларыңнан қандай өзгерістер байқадыңдар?

  • Өз бойларыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсыңдар?





Адам болам десеңіз (2 класс)VІ. Үйге тапсырма Адам болам десеңіз (2 класс)

  • 3-сабақ, Бірнеше көңіл - күйді білдіріп тұрған смайликтерге сойлем құрау.



Адам болам десеңіз (2 класс)Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқушыларға алғыс айтамын!

Жинаған -дар санына қарай марапаттаймын!





Адам болам десеңіз (2 класс)Соңғы тыныштық сәті

Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер.

Демдеріңді ішке алып, сыртқа шығаруға және сыртқа шығарғаннан кейінгі аз үзіліске назар аударыңдар. Тыныс алу фазаларына сәйкес ойша: «Демді ішке алу, дем шығару, үзіліс», - деген сөзді 3 рет қайталаңдар. Үзіліс жасамай-ақ осылайша тыныс алып, демді ауызбен жай үрлеп шығарыңдар. Осы кезде сыртқа шыққан леппен жағымсыз сезім мен әдеттер бірге кетті деп елестетіңдер. Дем шығарғанда: «Сенімсіздік, жалтақтық, алаңдаушылық, ашу-ыза», - бірге кетті деп айтыңдар. 5 - 10 рет қайталау керек.





  • Тыныштық... Тыныштық бар жерде... Тыныштық бүкіл әлемде...

  • Рахмет балалар, сау болыңыздар!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал