7


  • Учителю
  • Саба0ты4 та0ырыба Қаңқаның бөлімдері, маңызы, құрылысы

Саба0ты4 та0ырыба Қаңқаның бөлімдері, маңызы, құрылысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<br>


Сабақтың тақырыбы: Қаңқаның бөлімдері, маңызы, құрылысы

Мақсаты: Білімділік: Оқушының қаңқаның жеке бөліктері және тірек - қимыл жүйесімен танысып, маңызын түсінуі.

Дамытушылық: Оқушылардың тірек - қимыл жүйесі бойынша білімдерін өз бетімен іздене меңгеріп, одан әрі дамытуы.

Тәрбиелік: Ұжыммен жұмыс істей білу, тиянақтылық.

Көрнекіліктер: Сүйектің бөлімдері көрсетілген суреттер, флипчарт.

Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру.

Сабақтың әдісі: СТО дамыта оқыту.



Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өтілген «Сезім мүшелері» тарауы бойынша тапсырмалар беріледі.

1 - тапсырма.

Биологиялық диктант. (Оқушының жауабы бос жерді көрсету арқылы тексеріледі)

1. Көз алмасы ақ қабық, тамырлы және тор қабықтан тұрады.

2. Көздің тор қабығында жарыққа сезімтал рецепторлар: құтышалар және таяқшалар орналасқан.

3. Есту мүшесі сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ болып бөлінеді.

4. Есту сүйекшелері балғашық, төстік, үзеңгі буын арқылы қозғалмалы байланысқан.

5. Дыбыс қаттылығы децибел арқылы өлшенеді.

6. Ортаңғы құлақ самай сүйегінде орналасқан.

7. Қышқыл дәмді тілдің бүйір шеті сезеді.

8. Адамда тепе - теңдік мүшесі ішкі құлақта орналасқан.

9. Қарашықтың артқы бөлігінде линза тәрізді көзбұршақ орналасқан.

10. Соқыр дақта жарықты сезетін жасушалар болмайды.



2 - тапсырма. Берілген сурет бойынша тапсырма орындалады. (Дұрысы бос жерден суретті шығару арқылы тексеріледі)

1. Көз алмасының құрылысы.

2. Құлақтың құрылысы.

3. Дәм сезу мүшесінің құрылысы.



ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1. Қызығушылықты ояту: «Ой шақыру».

- Адамның денесінің негізгі тірегі не? Ойланып көрейік. (Адамның суретінен қанқа көрсетіледі )

- Адам қаңқасы туралы не білеміз?

Кестенің екі бағаны ғана толтырылады.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал