7


  • Учителю
  • Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі. Көру анализаторлары. Көру орталығы. 8 сынып

Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі. Көру анализаторлары. Көру орталығы. 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Б.Бейсекбаев атындағы орта мектеп


Ашық сабақ


Тақырыбы: Көздің құрылысы мен қызметі

8«б»-сынып

Биология пәнінің мұғалімі :А.Кузербаева


Сынып-8____ Пән: биология күні ____ ____ ______ №19

Сабақтың тақырыбы: §18 Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі. Көру анализаторлары. Көру орталығы. Сығырлық және қырақтылық, олардың алдын алу. Көру гигиенасы. Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Көздің құрылысын,атқаратын қызметін түсіндіре отырып,көздің қосымша мүшелерін көрсету және қызметін түсіндіру;

Дамытушылық:Физика және валеология пәндерімен пән аралық байланысты дамыта отырып,көру анлизаторының қызметін және көрудің бұзылуының салдарынан туатын көз ауруларымен

Тәрбиелік:Көздің маңызын және көзді зақымданудан қалай сақтау керек екенін түсіндіру;теориялық білімді практикада пайдалануға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Слайд,көздің құрылысы,тест жұмыстары

Сабақ түрі,әдісі:Аралас сабақ. Баяндау,талдау,топтық жұмыс

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру А ) оқушыны түгелдеу

Ә ) Оқушылардың сабаққа даярл.қадағалау

Зейінін сабаққа аудару

ІІ Үй тапсырмасының жазбаша орындалуын тексеру ж/е толықтыру

Кестені толтыр Сәйкестігін анықта

1.Рецептор


2.Сезімтал жүйкелер


3.Үлкен ми сыңарлары қыртысының

аймақтары

а) импульсті жұмыс мүшесіне беру

ә) тітіркенуді қабылдау

б) рецепторлардан қозуды орталық жүйке жүйесіне беру;

в) сезімтал нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға қозуды тасымалдау

г) ерекше сезім қалыптастыру

ІІІ Үй тапсырмасын бекіту «кім жылдам? » сұрақ-жауап сайысы

1.анализатор дегеніміз не?

2.Анализатор қандай бөліктерден тұрады?

3.Тітіркенуді қабылдау қалай іске асырылады?

ІҮ Жаңа сабақ

Көздің көру жүйесі

Құрылысы бұлшық еттер

Тор қабық

Қан тамырлары

Көзбұршақ

Нұрлы қабық

Көздің қасаң қабығы


қабақ қас кірпік

көз жасы бездері көздің қосымша мүшелері көзжас өзекшелері

көзді қимылдататын бұлшық еттер көз алмасын қорғайды

көз алмасының көру жүйесі

құрылысы соқыр дақ

нұрлы қабық сары дақ

шыны тәрізді дене тор қабық

бұлшық ет пигментті қабат

көзбұршақ байламдары тамырлы қабық

алдыңғы камера ақ қабық

Көру анализаторының қызметі

Жарық көз алмасына қарашық арқылы түседі. Қарашық жарық сәулесін фокустайды. Көзбұршақ жарық сәулесін сындырады да, оларды шыны тәрізді дене арқылы аударылған күйінде көздің тор қабығына бағыттайды

Көрудің маңызы

* Адам көру анализаторы арқылы қоршаған дүниеден 90%-дан көп ақпарат алады. Бізді қоршаған заттар мен құбылыстарды, денеміздің өзін ең алдымен көру арқылы қабылдаймыз. Көруге байланысты тұрмыстық және еңбек дағдыларын, мінез құлықтың белгілі бір ережелерін орындауды үйренеміз. Демек, адам үшін сыртқы дүниені тануда көру аса маңызды рөл атқарады. Көру арқылы адамдар жазуға, оқуға үйренеді

Көздің оптикалық жүйесінің жұмыс істеу механизмі

Жарық көз алмасына қарашық арқылы түседі. Қарашық жарық сәулесін тоғыстау қызметін атқарады (фокустайды). Көзбұршақ сәулесін сындырады да, оларды шыны тәрізді дене арқылы аударылған күйінде көздің тор қабығына бағыттайды

ІҮ Бекіту Көзді зақымданудан қалай сақтау керек

1.Ала-көлеңкеде, нашар жарықта, автокөлікте оқыма, жазба, жұмыс жасама.

2.Компьютердің, теледидардың алдында ұзақ уақыт отырма.

3.Жұмыс уақытында көзің талса, көзің демалғанша терезеге қара.

4.Жатып оқыма, жатып жұмыс істеме, көзіңді тез бұзасың.

5. Ешқашан алкоголь, темекі, есірткі пайдаланба! Мұның салдарынан көру жүйкесі ауыр зақымдалып, адам көрмей қалуы да мүмкін.


Ү Қорытынды

Тест

1. Көздің қосымша мүшелерін ата?

1.Қас, қабақ, кірпік

2.Тамырлы қабық

3.Қарашық

4.Сығырлық, қырағылық

2. Қарашық көздің қай бөлігінде орналасқан?

1. Тор қабықта

2. Тамырлы қабықта

3. Қарашықта

4. Қасаң қабықта

3. Көздің тор қабығындағы көру жүйкесі шығатын жер қалай аталады?

1. Сары дақ

2. Соқыр дақ

3. Қарашық

4. Қасаң қабық

4. Нұрлы қабықта қандай пигмент болады?

1. Родопсин

2. Меланин

3. Хлоропласт

4. Рецепторларберің

5. Жарық сәулесінің сынуы көздің тор қабығының шегінен шығатын жағдайда не болады?

  1. Қырағылық

  2. Сығырлық

  3. Дальтоник

  4. Бейімделу

6. Құтышалар мен таяқшалар көздің қандай қабығында орналасқан?

  1. Тор қабықта

  2. Соқыр дақта

  3. Қарашықта

  4. Қасаң қабықта

7. Адам көзі алысты көрушілік пен көрмеушілік кезінде қандай қабатына зақым келеді?

  1. Тор қабықтағы сары даққа

  2. Тамырлы қабыққа

  3. Тор қабықтағы соқыр даққа

  4. Қасаң қабыққа

8. Қарашық қандай қабыққа жалғасады?

  1. Тор қабыққа

  2. Нұрлы қабыққа

  3. Қарашыққа

  4. Қасаң қабыққа





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал