- Учителю
- Урок планирование ' Плаунтәріздес өсімдіктер бөлімі'
Урок планирование ' Плаунтәріздес өсімдіктер бөлімі'
Плаунтәріздес өсімдіктер бөлімі
Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жалпы сипаттамасы, құрылыс ерекшеліктері, көбеюі
ерте дәуірде пайда болған. Олардың қазіргі кездегі өкілдері - көпжылдық мәңгі жасыл шөптекті өсімдіктер. Жойылып кеткен түрлерінің ішінде ағаштары да кездескен. Оның айырлана тармақталган майысқақ сабағы жерге төселе өседі. Топыраққа таралған тамыры өсімдіктің жер бетіндегі сабағын жоғары көтереді. Сабағы және оның тармақтары өте ұсақ, үшкір жапырақтармен тығыз қапталған. Бұл жапырақтар өсімдік сабағын жер бетімен жайлап бір орыннан екінші орынға жылжытады (жылыстатады). Сондықтан, бұл плаунды жылысқы деген жөн деп есептейміз (орысша «плаун, плывун» - жүзу, жүзіп жүргіш, жылжымалы). Қазіргі кезде жылысқының 200-500 түрі белгілі. Плаунтәріздестер - тең және әр түрлі споралы өсімдіктер. Тең споралы плаунтәріздестердің кең тараған өкілі - шоқпарбас плаун. Ол жиі кездеседі. Төселіп өсетін сабақтан жоғары қарай - ұсақ жапырақтары бар өркендер, ал төмен қарай қосалқы тамырлар жетіледі. Күзге қарай жоғары бағытталып, тік өсетін өркендердің ұшында екіден (сиректеу 3-5-тен) спора түзетін масақтары дамиды. сабағының ішкі құрылысы өте қарапайым. Сабақтың сыртын жұқа өң жауып тұрады. Оның астында жақсы жетілген қабық қабатты болады. Қабықтың сыртқы қабатында тірек ұлпасы бар. Сабақтың ортаңғы бөлігін шеңберлі шоқ алып жатады.
Шоқпарбас плаун өсімді, және жолдармен көбейеді. төселіп өсетін өркендерінің үзінділері арқылы жүзеге асады. Мұндай үзінділердің жас алдымен қосалқы тамырлар, содан соң жас өркендер жетіледі. Осылай бір өсімдіктен бірнеше жас плаун пайда болады. Кейбір түрлері (басқа ағашқа жабысып өсетіндер) өркендерінің ұшында пайда болатын бүршіктері арқылы өсімді көбейеді. әбден жетілгенде үзіліп, 0,5 м қашықтыққа түсіп, қолайлы жағдайда енеді. Мұндай бүршіктер өркенде жылына бір рет түзіледі.
арқылы жүзеге асады. Споралар өркендерде жетіледі. Плаунның спора түзетін өркенінің ұшына көптеген үш бұрышты, ұшы үшкір (грекше «спорос» - екпе, сеппе, «филлон» - жапырақ, спорангиі бар жапырақ) бекиді. Осы бүйрек тәрізді орналасады. - дамитын орын. Олардың ішінде көптеген ұсақ, сары түсті споралар жетіледі. Споралардың барлығының пішіні мен мөлшері бірдей. Пісіп жетілген споралар спорангийлер жарылғанда жерге шашылады.
жерге түскен споралардың өнуінен басталады. өнуінің екі: жерүсті және жерасты типі белгілі. Бірінші жағдайда жерге түскен соң бірнеше күннен кейін жерүсті өскіншелерін береді. Бұл өскіншелер жартылай (грекше «сапрос» - шірінді, «фитон» - өсімдік, шіріндімен қоректенетін ағза) ретінде қоректенеді. Олардың жерге төселіп өскен ашықтау-жасыл түсті өскіншелерінің астында саңырауқұлақтардың жіпшумақтары (гифалары) болады. Саңырауқұлақтың жіпшумағынсыз өскіншелер өспей, құрап қалады. Осылай жартылай жерге еніп жататын өскіншелер бір жаздың өзінде пісіп жетіледі. өскіншелері - қосжынысты, ұзындығы 20 миллиметрден аспайды. Өскіншенің үстіңгі бетінде және түзіледі. Аталық және аналық жыныс қосылып, ұрықтанады. болашақ өсімдіктің тамыры, сабағы және жапырағының бастамасы болады. Келешекте ұрықтық тамыршадан - нағыз , сабақшадан - нағыз сабақ, ал жапырақшадан нағыз жапырақ қалыптасады. Соның нәтижесінде плаун өсімдігі пайда болады. Жерасты споралар жерге түскен соң 6-15 жылдың аралығында жіпшумақтарымен селбесіп өсіп, қосжынысты өскіншеге айналады. Ұрықтанған келешекте жас плаун өсімдігі пайда болады.
барлық жасыл өсімдіктер секілді үдерісінің нәтижесінде ағзалық заттар түзіп, ауаға оттегін бөліп шығарады. жердің бетіне қаптай өсіп, топырақ түзу үдерісіне қатысады. Олардың іс жүзінде маңызы шамалы. Спораларын көп мөлшерде жинап, дәрі-дәрмек жасауға пайдаланады. Шөбін қайнатып, тұнбасын іш жүргізетін, несеп айдайтын және өтті тазартатын дәрі ретінде қолданады.
Плаунтәріздестер бұдан 300 млн жыл бұрын ағаш түрінде өркендеп, кең тараған жасыл өсімдіктер. Қазіргі кезде қылқанды және аралас орманда кездесетін шөптектес көпжылдық өсімдіктер түрінде таралған. Плаунтәріздестер сабақты, ұсақ жапырақты және қосалқы тамырлы болып келеді. Табиғатта 200-500 түрі бар деп есептеледі.
өсімді, және жолмен көбейеді. Өсімді көбею төселіп өсетін сабақтардың үзінділерінен, ал жыныссыз көбею споралар арқылы жүзеге асады. кезінде аталық және аналық жұмыртқалар қосылып, . болашақ өсімдіктің тамыры, сабағы және жапырағының бастамасы болады. Плаундардың спорасы және шөбі медицинада дәрі-дәрмекке пайдаланылады. Өнеркәсіпте сары және жасыл бояу алынатын шикізат болып табылады.
биік тауларда өсетін плаун полушниктің кейбір түрлерінде ерекше қасиет бар. Олар қажетті көміртегін ауалан емес, тұнба материал - әктастардан алады.
Плаундар өкілі селагинелла құрғақта өсуге бейімделген. Оның денесінің суға шылығуы ауаға және топырақтың ылғалдығына тәуелді. Құрғақшылық жыл кезеңінде ол құрғақ ауадан кеберсиді. Алайда жаңбыр жауса-ақ өсімдік сыртқы көрінісі мен ішкі құрылысын толық қалпына келтіреді.
өте баяу өседі. Мәселен, кейбір саңырауқұлақтардың жіпшумағымен селбесіп өсетін өскінше 15-18 жыл өседі.