7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс іс-шара 'Фито-шайлар' (7-сынып)

Сыныптан тыс іс-шара 'Фито-шайлар' (7-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ең пайдалы сусындар

Біздің ағзамыздың 70 пайызды сұйық заттардан тұратыны белгілі. Ағзадағы дұрыс тұз-су айналымы - мықты денсаулықтың кепілі. Ғалымдардың пайымынша, төмендегі сусындар адам ағзасындағы қартаю процесін тежеп, ағзаның иммуниетін арттырады. Есімізде жүрсін!
1.Анар шырыны

Анар жемісі фосфор, кальций, темір, магний, калий элементтеріне бай. Жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесінің жұмысын жақсартуға көмегі мол. Буындарымызға да пайдасы бар екен. Сондай-ақ, шаш, тырнақ, теріге де әсері шаш етектен.
2. Алма шырыны

Бауыр, бүйрек, зәр шығару жоларындағы сырқаттар және атеросклерозда көмегі зор. Сондай-ақ, асқазан жұмысын жақсартады, зат айналымы қалдықтарының сыртқа шығуына көмектеседі.
3. Апельсин шырыны

Бір кездері бұл жемісті «өлмейтін алма» деп атаған екен. Бұл да бүйрек, зәр жолдарына пайдалы. Адамды жасартады-мыс.
4. Көк шай

Бұл шәйдің пайдасы әлімсақта-ақ дәлелденіп үлгерді. 1 шыны көк шәй ішсеңіз, 80 калория жоғалтады екенсіз. Майлы тағамдарды жегеннен кейін көк шәйдан жұтып-жұтып жіберсеңіз, ағзаңызды артық маймен әуре қылмайтын боласыз.
5. Құрғақ қызыл шарап

Гректер бұл сусынды тамақпен бірге қолданады екен. Неге? Өйткені, ол тағамның қорытылу процесін баяулатып, адам тез тойып қалады. Үйдегілер «тез қорытылады, жеңсік ас» деп мақтап отырады кей тағам түрлерін… гректерді түсінбедім… Сондай-ақ, аталған сусынның қан тамырларына да оң әсері бар екен.
6. Лимон шырыны

Бұл шырын сары ауру, жүректегі ауытқулар, өкпе ауруы, ревматизмге ем. Сондай-ақ, жаралардың да тез бітуіне көмегі бар. Лимон шырынын суға езіп, сәл-пәл қант пен бал қосып ішіңіз.
7.Сәбіз шырыны

Шырынның бұл түрін бейне бір «дәрумендер шоғыры» дерсің… А, В, С, D, Е, К. Бұл шырын ас қорытуды жақсартады, асқазан жараларына пайдасы зор. Сондай-ақ, иммунитетті артырып, тәбетті ашады. Тістердің қатаюына көмектесіп, көздің көруін жақсартады.Бірақ, мұны тым көп қолдануға да болмайды. Өйткені, оның құрамында А дәрумені көп болғандықтан, гипервитаминозға шалдықтыруы мүмкін.
8. Каркаде

Каркаде шәйі - гибискус гүлдерінен дайындалатын қызыл түсті сусын. Бұл ағзаны шлактардан, токсиндерден тазартып, метаболизм процесін жақсартады.
9. Қайнатылған шөптер

Бұл ағзадағы микроэлементтер жетіспеушілігінің орнын толтырады. Олардың бірнеше түрлері бар: ас қорытуды жақсартуға арналған, зат айналымын жақсартуға арналған, артық сұйықтықты шығаруға арналған, т.с.с. Мұндай қайнатпаларды қабылдар алдында дәрігермен кеңесіп алған жөн.
10. Айран

Мен өз басым айранды сусын деп емес, тамақ деп қабылдаймын. Менің тамағым - осы. Айран - кальцийге өте бай. Ал, егер салмақ түсіремін десеңіз - онда айына 1 рет қана айран ішіңіз.

Көк шәйдің пайдасы

Көк шәйдің пайдасы туралы ежелден-ақ айтылып келе жатыр. Ертеде ауқатты байлар, төре-болыстар көк шәйді шараптан гөрі көп пайдаланып, шөл қандырған екен. Көк шәйдің нақты шығу тарихы белгісіз. Бірі Қытайда десе, бірі Жапонияда, енді бірі Вьетнамда шыққан дейді. Ежелгі Қытай аңызы бойынша император Чен Нунг қайнап жатқан суға түсіп кеткен жапырақты көріп, оның иісі мен дәмін көріп, көк шәйді пайдалану туралы үкім шығарады. Алайда, шәй ағаштарының түбірі Қытайда жатқанын бірнеше мәрте дәлелдеген.

Көк шәйдің емдік қасиеті ертеден-ақ белгілі болған. Шығыста көк шәй ұзақ өмір сүру мен жастықтың сусыны болып есептелген. Ыстық көк шәй салқын күндері жанға жылулық сыйласа, аптап ыстықта бойға сергектік беріп, шөл қандырады. Пайдалы микроэлементтер мен дәрумендерге толы көк шәй адам ағзасындағы зиянды қалдықтарды шығаруға, қандағы холестерин мөлшерін төмендетуге, созылмалы аурулардан қорғануға жол береді. Адам ағзасындағы қан айналым мен ас қорыту жүйесін жақсартады.

Қытай халқы «күнделікті бірнеше кесе көк шәй ішсе, иммунитет жақсарады» деп тұспалдайды екен. Расында да, көк шәй әр түрлі ауруларға қарсы төтеп бере алатын сусын. Ол тек шөл қандырып қана қоймай, теріні жұмсартып, нәрлендіреді.

Көк шәй тіске де пайдалы. Тісті сыртқы әсерден қорғап, оны тазартып, түсін сақтайды. Тіс эмалі мен қызыл иекті берік қылып, кариестің пайда болуына жол бермейді. Ауыз қуысындағы жағымсыз иістен де арылуға жол ашады. Тісіңіз ауырған жағдайда ауыз қуысын жылы көк шәймен бірнеше мәрте шайып жіберіңіз.

Артық салмақтан, ағзадағы зиянды қалдықтардан арыламын десеңіз, көк шәй ішіңіз. Тек оған сүт, қант және тосап қоспаңыз. Бұл жағдайда көк шәй өз қасиетін жоғалтып, денсаулыққа еш пайдасын тигізбейді.

Моншаға түскен соң не душ қабылдаған соң, 1-2 кесе көк шәй ішіңіз. Шөл қанып қана қоймай, ағза да іштей тазарады. Сондай-ақ, көк шәйді физикалық жаттығулардан кейін ішкен жөн.

Мүмкіндігінше, құрамында көк шәй бар косметикалық бұйымдарды пайдаланыңыз. Мұндай косметикалық бұйымдар көз астындағы ісіктердің болмауына, терінің жұмсарып, жасаруына, денедегі сызат-дақтарды кетіруге жол береді. Күнделікті таңертең көк шәймен жуынған дұрыс. Жатар алдында көк шәйді қайнатып, бетін жауып қойыңыз. Түні бойы салқындаған сумен таңертең беті-қолыңызды жуыңыз. Көзіңіз қызарып жүрсе, көк шәй қалтасын басып, 15-20 минут демалыңыз.

Есіңізде болсын! Көк шәй қан қысымы жоғары жандарға өте пайдалы. Қан қысымын төмендетіп, бойға сергектік пен жеңілдік сыйлайды. Ал қан қысымы төмен жандардың көк шәйды көп мөлшерде пайдаланбағаны абзал.

Түймедақ шайын ішіңіз

Бұл шай нағыз дәрумендер жиынтығы. Екі шай қасық шөпке бір стақан қайнақ су құйып, бұқтырыңыз. Күніне екі рет: таңертең және кешке ішуді әдетке айналдырсаңыз, талай қиындықтардан арыласыз. Бұл дауа жүйкеңізді тыныштандырып, иммунитетті жақсартады.

Дәрілік жалбызтікен - Алтей лекарственный - Althaea officinalis

Құлқайырлар тұқымдасы - Семейство мальвовые - Malvaceae

Қалай танимыз?

Биіктігі 50-150 сантиметрге жететін өн бойын түк басқан көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тік, жұмыр, аздап қана бұтақтанған, жапырақтары ұзын сағақты, сағағының ұзындығы 2-4см, жапырағының ұзындығы 2,5-14см, ені 3-11см, жұмыртқа пішіндес, өркен бойына кезектесіп орналасады. Гүлдері 2-3-тен жапырақ қолтығынан шығады, тостағаншаның астыңғы жағындағы қаптай орналасқан жапырағының ұзындығы 6-12мм, ұш жағы үшбұрыштанып тілімденген. Жемісінің диаметрі 7-8(10)мм, әр қайсысы 15-25 жемісшеден біріккен, тұқымы бүйрек пішіндес, ұзындығы 2-2,5мм, ені 2мм, қоңырқай түсті, сырты жылтыр. Маусымнан бастап қыркүйекке дейін гүлдейді.

Медицинада дәрілік жалбыз тікенмен армян жалбызтікенінің тамыры мен тамырсабағын пайдаланады.

Қайдан табамыз?

Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі.

Далалы аймақтар, ылғалды сортаң шалғындықтарда, өзен арнасы, көл жағасы, тоғайлы жерлер, бұталар мен шилердің арасында өседі. Қалың болып тұтасып өспей, әр жерде топтанып өседі.

Басқа түрлері. Армян жалбыз тікені өзен арналарында, сортаңды шалғындықтарда, көл, арық жағаларында, кесілген ағаш орындарында өседі. Мойынқұм, Балқаш, Алакөл аудандарында, Іле, Күнгей Алатаулары, Шу-Ілетауы, Қаратау, Тянь-Шаньның батыс жағында кездеседі.

Қоры. Зерттелмеген.

Құрамы қандай?

Тамыры мен тамырсабағында көмірсулар, сілемейлі заттар, органикалық қышқылдар, илік заттар, майлар болады.

Қолданылуы. Дәрілік жалбызтікеннен жасалынған препарат мемлекеттік фармакопеяға енгізілген. Ұнтақ, тұндырынды, сұйық, экстракт, сироп түрінде тыныс жолдары қабынғанда, іш өткенде, асқазан, бауыр ауруларына қарсы қолданады. Басқа өсімдіктермен қосып қақырық түсіру үшін шайға салып ішеді.

Қалай дайындаймыз?

Қайнатындысын әзірлеу үшін 2 шай қасық ұсақталған шикізатқа 1 стакан ыстық су құйып 30 минут қайнатады, суытады, сүзеді. Күніне 1/3-1/4 стаканнан 3-4 рет тамақтың алдында ыстық күйінде қабылдайды.

Тұнбасын суық күйде әзірлейді. Ол үшін 20 г шикізатқа 1 стакан суық суды құйып 9 сағат тұндырады. Күніне ас қасықпен 4-5 рет ішеді.

Өнеркәсіпте жалбызтікеннің тамырының құрғақ экстрактысынан "Мукалтин" таблеткасын, сироп жасайды.

Тыныс алу, ас қорыту мүшелерін және бүйректі емдейтін қоспалардың құрамына кіреді.



Пайдалы фито-шайлар

көрмесі



Бізден кеңес

Шай ішу - қыста

жылынудың бірден бір

амалы. Үйреншікті қара, жасыл шайлардан жалықсаңыз, жөке,

жалбыз, итмұрын,

раушан, бақбақ және

басқа да өсімдіктерден әзірленген шай ішіп

көріңіз.

7-сынып




Тасшөп (чабрец)

Бұл өсімдіктің шайы тұмау, асқазан, бүйрек аурулары кезінде пайдалы. Ол несеп айдағыш құрал болып саналады, қан аздығы, ұйқысыздық, ревматизм кезінде мықты дауа.





Түймедағы шайы

Түймедағы жүрекпен қиындықтары бар

жандарға таптырмас дәрі. Сондай-ақ тұмау, жөтел кезінде жақсы көмектеседі.






Итмұрын

Итмұрын шайы антиоксиданттар, флавоноидтер, дәрумендер (С, К), минералдарға бай. Диарея ауруы кезінде ішуге кеңес береміз.




Беде (клевер)

Беде шайына бал қоссаңыз, тұмауды кетіретін дәрі болады. Жалпы биде шайы бауыр тазартуға, әйел ауруларына жақсы дауа. Қант диабеті ауруына шалдыққандарға күнделікті ішуге кеңес береді.





Раушан

Раушан шайы көңілді көтереді, вирустарға қарсы әсері зор, сол себепті жалпы иммунитетті жоғарылатады. Айта кетсек, бұл шайды демдегеннен кейін бірден ішу керек, суыған раушан шайының емдік қасиеттері болмайды.




Жалбыз

Жалбыз шайы жүйкені тыныштандырып, асқорыту жүйесінің қиындықтарына төтеп бере алады. Ұйқыны реттеп, ауруды басады.


Фенхель


Асқорытуды реттейтін фенхель шайы іштің қабынуын басады. Бұл мақсатта осы шайды тіпті сәбилерге береді. Сондай-ақ жөтел кезінде көмектеседі.



Бүлдірген жапырақтары


Бүлдірген жапырақтарынан демделген

шай қан тазартып, оның сапасын

жоғарылатады. Жалпы ағзаны

берік қылып, жүйкені тыныштандырады.

Хош иісті шайға құрғақ бүлдірген

жидектерін де қосуға болады.


Мыңжапырақ (тысячелистник)



Гастрит кезінде мыңжапырақ

шайы - таптырмас дауа.


Бақбақ


Бұл шай бауырды тазартып, емдейді.

Ішімдік, темекі, дәрілердің әсерінен

арылтып, қалпына келтіруге

көмектеседі.



Жөке (липа)

Жүйкеңізді тыныштандыратын,

уайым-қайғыдан арылтатын шай.

Ол қан қысымын төмендетіп, бас

ауруларынан айықтырады.

Тұмаудан профилактика ретінде ішсе

болады. Алайда бұл шай жүрекке

әсер ете алады, сондықтан

оны күнделікті ішпеген жөн.


Лаванда

Бұл шайдың басты қасиеті -

жүйке жүйесін тыныштандыру.

Ол ұйқыңызды реттеп, күндіз сергек

болуға көмектеседі. Ағзаны жалпы тазалау және бас ауруларын емедеу үшін қолданылады.


Османтус немесе қоңыр

ағаштың гүлдері


Ағзадағы зат алмасу процесін

реттеп, жөтел кезінде көмектеседі.

Бұл гүлді шайды кәдімгі қара

не жасыл шайға қосып та ішеді.





Жалбыз


Жалбыз шайы жүйкені

тыныштандырып, асқорыту жүйесінің қиындықтарына төтеп бере алады.

Ұйқыны реттеп, ауруды басады.







Көк шәй


Көк шәй тіске де пайдалы. Артық салмақтан, ағзадағы зиянды қалдықтардан арыламын десеңіз, көк шәй ішіңіз.Құрамында көк шәй бар косметикалық бұйымдарды пайдаланыңыз. Есіңізде болсын! Көк шәй қан қысымы жоғары жандарға өте пайдалы.



Түймедақ

Бұл шай нағыз дәрумендер жиынтығы. Екі шай қасық шөпке бір стақан қайнақ су құйып, бұқтырыңыз. Күніне екі рет: таңертең және кешке ішуді әдетке айналдырсаңыз, талай қиындықтардан арыласыз. Бұл дауа жүйкеңізді тыныштандырып, иммунитетті жақсартады.



Құрметті ұстаздар және оқушылар!

30.01.2015ж. күні апталық аясында биология пәнінен «Пайдалы фито-шайлар» көрмесі өткізіледі. Көрмеде шайдың дәмін татып көруге болады.

Көрме 1 қабатта сағат 12.00.-13.00.-ге дейін өткізіледі.

Ұйымдастырушы 7-сынып





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал