7


  • Учителю
  • Сайыс сабақ 'Биолог ата' 8 сынып

Сайыс сабақ 'Биолог ата' 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: "Биолог атағы кімге бұйырады?"

Мақсаты: 1) Оқушыларды адам организмі және ондағы жеке мүшелермен физиологиялық құбылыстарын жете түсінуге, биологиялық білімдерін жетілдіру

2) Биология пәнінен оқушылардың білімге деген ынтасын арттыру, өз бетінше ізденіске, шығармашылық жұмыстарға қызықтыра білу

3) Жас ұрпақты қоршаған орта табиғатын өз организмін қорғай білуге тәрбиелеу .

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі (Жарыс 2 топ арасында жүргізіледі)

І-топ: 8 "а" ІІ-топ: 8 "ә"

1-жүргізуші:

Табиғаттың бар байлығы даламда,

Жер-Ананың жаттығы жоқ адамға

Тамақ та, киім де, денсаулық та,

Бәрі, бәрі табиғаттың қолында.

2-жүргізуші:

Тапқыр, білгір дарынды

Жарыс бар бүгін арынды.

Сүйсең туған жеріңді,

Ортаға сал, барыңды

. 1-жүргізуші:

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар

Жарыс 6 кезеңнен тұрады:

1. Таныстыру (Әр топ өз тақырыптарын қорғап, ұран, эмблема, шығарады)

2. Үй тапсырмасы (Әр топ тақырыпқа байланысты өз ойын айтады)

3. Білгенге маржан (Әр топ тақтадағы сұрақтарға жауап береді)

4. Анықтам бюросы ( сұраққа жауап беру, жылдар мен ғалымдар аты)

5. Сандар сыры ( Тақтадағы сандар қандай мағына беретінін табу)

6. Танып біл (Көрсетілген суреттердін ерекшелігін қарастырып, таныстыру) 1. Таныстыру 2. Үй тапсырмасы 3. Білгенге маржан

1-сұрақ

І-топқа: Жасушаның химиялық құрамы қандай? (органикалық, бейорганикалық заттар)

ІІ-топқа: Ұлпалар қандай топтарға бөлінеді? (эпителий, дәнекер, жүйке, бұлшық-ет ұлпалары)

2-сұрақ

І-топқа: Гуморальдық реттелу дегеніміз не? (биологиялық белсенді химиялық заттар-гормондар көмегімен жүзеге асады)

Ішкі секрециялың бездерді ата. (эпифиз, гипофиз, қалқанша безі, қалқанша маңы безі, тимус, бүйрек үсті безі)

ІІ-топқа: Гормондар дегеніміз не? (ішкі секреция бездері қанғабөліп шығаратын және организмнің түрлі әрекеттерін реттейтін күшті биологиялық заттарды айтамыз) Сыртқы секрециялық бездерді ата (қарын безі, сілекей безі, ұйқы безі, ішек безі, бауыр)

3-сұрақ

І-топқа: Жұлынның қызметі: (рефлекстік, өткізгіштік) Қандай рефлекс доғасы жұлын арқылы өтеді? (рефлекторлық доға)

ІІ-топқа: Мидың құрылысы? (үлкен ми сыңарлары, аралық ми, сопақша ми, ортаңғы ми, мишық) Мишықтың ең басты қызметі? (тепе-теңдікті сақтау, қимылды үйлестіру)

4.Анықтама бюросы

1.Клетка дегеніміз не және оны қай ғалым, қай жылы ашты? (тірі ағзаның ең кішкентай өлшем бірлігі. 1665ж Роберт Гук)

2. Дальтонизм ауруы және оны ашқан ғалым қай жылы? (заттың түсін айыра алмайтын ауру. 1794 ж.Джон Дальтон)

3.Кортиев мүшесі дегеніміз не және оны кім ашты? (есту анализаторының рецепторлық аппараты.Италиялық анатом А.Корти)

4.Витаминдер дегеніміз не және оны ашқан ғалым, нешінші жылы? (организм тіршілік әрекетіне қажетті органикалық заттардың жеке тобы.1881 ж. Н.И.Лунин)

5.Кан топтарын ашқан ғалым және қай жылы? (1901ж. Австралиялық ғалым К.Ландштейнер)

6. Фагоцитоз құбылысы, қай ғалым, қай жылы ашты? (лейкоциттердің микроорганизмдермен басқа бөгде денелерді сіңіру, қорыту процесі 1882ж. И.И.Мечников)

7. Ми рефлексі еңбектің авторы және қай жылы? (1863 И.М.Сеченов) 8.Шартты және шартсыз рефлексті ашқан ғалым? (1903ж И.П.Павлов) 5.Сандар сыры 1) 70-75 рет (минутына журектің соғу ырғақтылығы)

1.) 46-23 (сомалық және жыныстық хромосоманың саны)

2) 1300-1400г (мидың салмағы)

3) 7 млн, 130 млн (көз рецепторындағы құтышалар мен таяқшалар)

4) 30мм (есту мүшесінің сыртқы дыбыс жолы)

5) 200- ден астам (қаңқадағы сүйек саны)

6) 1 ммᵌ 6-8мың (лейкоциттердің саны) 120 күн (эритроциттердің тіршілік ұзақтығы)

7) 55-60% (қандағы плазманың мөлшері)

8) 600-ден астам (адамдағы бұлшық еттің саны)

6. Танып біл ( организм мүшелері мен жануарлар суреттерін қимылмен көрсетіп, анықтау)

7. Қорытынды. Сыныптан тыс жұмыс қорытындыланып, ең көп балл жинаған, Жас биолог тобы жеңіске жетті.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал