7


  • Учителю
  • Капилярлық, веналық, артериялық қан кету

Капилярлық, веналық, артериялық қан кету

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 30.01 8 сынып сабақ № 39

Тақырып: Капиллярлық, веналық және артериялық қан кетуде көрсетілген алғашқы көмек. Аяқ-қол қан тамырлары зақымданған кезде жгутты пайдаланып көмек көрсету. Мұрыннан қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек.

Мақсаты: Артерия және вена қан тамырларының , лимфа тамырларының түзілісі олардың ерекшеліктері, адам организмінде қажеттілігі туралы біледі; 2. Қан кеткендегі алғашқы көмек туралы білімдерін нығайтады; 3. Жүректің қалыпты жұмыс істеу үшін адам оған қамқорлық және күтім жасауды үйренеді.

Тірек сөздер:



Күтілетін нәтиже: Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек туралы біледі. Басқалардың және өз пікірін сыни тұрғыда бағалайды. Шығармашалық қабілеттері байқалады. Топта бірлесе жұмыс жасайды.

Оқыту үшін бағалау 1. Диалог 2. Жеке жұмыс 3. Топтық жұмыс

Дерек көздері: Газет-журнал материалдары, интернет көздері

Тапсырмалар: Миға шабуыл, блум токсономиясы

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру.

1. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

2.Сыныпты топқа бөлу. Ынтымақтастық шеңбері бойынша топқа бөлу.

3. Әр топтың өздеріне топ басшысын сайлату.

4. Топ ережесін құру.

ІІ.Білу Үй тапсырмасы

1. «Ғажайып ондық» сұрақтары

  1. Жүрек қан- тамырлар жүйесі қандай бөлімдерден тұрады?

  2. Артерия деп қандай тамырларды атайды?

  3. Капиллярлар қандай қан тамырлар?

  4. Вена деп қандай тамырларды атайды және олардың артериядан айырмашылығы неде?

  5. Қандай қанайналым шеңберлерін білесіңдер?

  6. Жүректің орналасуы мен құрылысы?

  7. Жүрек камералары?

  8. Қанайналымның венлақ шеңбері қандай артериялардан басталады?

  9. Жүрек веналары?

  10. Жүрек ұшы қалай орналасқан?





ІІІ. Түсіну. Жаңа сабақ

  • Гипертония-қан қысымының үнемі немесе жиі көтерілуі

  • Жүрек инфаркті - жүрек бұлшықетінің жансыздану аймақтарының әсерінен болатын жүрек жұмысының бұзылуы

  • Атеросклероз - қанды өткізу қуыстарының тарылуы мен қызметінің бұылуынан болатын артериялық қан тамырларының созылмалы ауруы.

  • Жүрек ақаулығы -жүрек қызметін бұзатын жүрек пен одан шығатын қан тамырларының құрылысындағы ақуалықтар

Артериялық қан ету - алқызыл түсті қан, атқылап ағады. Веноздық қан кету - қою қызыл түсті қан ағады. Капиллярлық қан кету - жарақатта қан тамшылары бөлінеді.

ІV. Қолдану. Ой толғаныс.

1.



2. Ситуациядан шығу:

1. Баланың тізесі жарақаттанған.

Қан тамшылап ағуда. Зақымданған жері ластанған. Қан кету түрін анықтап, алғашқы көмек шараларын жаса.

2. Химия сабағында қышқылға күйіп қалғанда алғашқы жәрдем қалай көрсетіңдер.

3. Жарақаттанған адамның оң жақ иығынан қатты қан кетіп жатыр, қанның түсі алқызыл. Қан кету түрін анықтап оны тоқтату жолын көрсетіңдер.

3. Есептеп шығар: Адамның жүрегі минутына 60-70 рет жиырылады. Бұл уақытта жүрек өзінен 4 литрден астам қанды айдайды. Жүрек арқылы тәулігіне қанша литр қан өтетінін есептеп шығар.

V. Талдау.



VI. Жинақтау. Буриме әдісі бойынша 4 жолды өлең жазу.

Жолдастарыңды салауаты өмір салтына шақыр

...............................................жатпаңдар,

.................................................тастаңдар.

................................................жадырап,

.................................................бастаңдар.

VII. Қорытынды.

Жгутты салу ретін сипаттап жазыңдар:

  1. Алдымен қан кету түрін анықтап алу керек, себебі.........

  2. Жгуты зақымданған жерге салу тәртібі...

  3. Жгутты шамамен ... сағат ұстау керек, себебі...

Жарақаттану түрі:

1.Капиллярлық қан кету

2.Веналық қан кету

3.Артериялық қан кету

4. Ірі артериялар зақымданса

Алғашқы көмек

  • А. Қолды шынтақ буынын бүгіп, таңып тастау

  • В. Жарақаттың айналасын йодпен тазалап, қатты қысып таңу

  • С.Артериялық тамырдың лүпілі байқалған жерден қысып, сүйекке басып, таңу

Бағалау: 2050 жылы мен ...

VIII. Үйге тапсырма беру

§39 оқу. Тест тапсырмаларын орындау

Рефлексия: Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазады.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал