7


Табиғатты аяла

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Исенова Гаухар СапуановнаАйтуар негізгі мектебінің биология пәнінің мұғаліміӘдеби- монтаж «Табиғатты аялайық»Күй орындалады.Мұғалімнің кіріспе сөзі.9 сынып оқушыларының өлеңдері.Табиғат қызығам сан суретіңе,Бас ием сенің алып құдіретіңе.Тұрасың күллі әлемге нұр тар
предварительный просмотр материала

Исенова Гаухар Сапуановна

Айтуар негізгі мектебінің биология пәнінің мұғалімі


Әдеби- монтаж

«Табиғатты аялайық»

Күй орындалады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

9 сынып оқушыларының өлеңдері.


Табиғат қызығам сан суретіңе,

Бас ием сенің алып құдіретіңе.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.


Туған анаң табиғат,

Қастерлей біл анаңды.

Өз үйіңді тани ғап,

Сақта бүгін панаңды.


Мүлгіген ну орманы,

Деп ойлама сиремес.

Көне ескерткіш, қорғаны,

Деп ойлама күйремес.


Теңіз, көлі, өзені,

Тартылмас деп ойлама.

Ен байлықтың өзегі,

Сарқылмас деп ойлама.


Адам қарап күтпесе,

Топырақ та тозады.

Көшеде жел «ую» десе,

Көтеріліп тозаңы.


Сақта жансыз, жандысын,

Сақта мөлдір бұлағын.

Сақта тау-тас, аң, құсын,

Жылан екеш жыланын.


Сонан тудық таралдық,

Табиғатқа баламыз.

Табиғаттан жаралдық,

Табиғатта қаламыз.


Табиғатты қалайда,

Қазына деп танығын.

Жұлып алма, абайла.

Қазынаның тамырын.


Табиғаттың құпиясы тұңғиық,

Көз жетпейтін мұнарасы тым биік.

Білген сайын сырын оның жүреміз,

Жүректерге өшпес жалын нұр құйып.


Табиғаттың қадірлеп қасиетін,

Әділдікке әрқашан бас ием.

Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын деп,

Халық айтқан орынды өсиетін.


Жүргізуші:

-Туған жер, өскен ел жүрекке жылы сөздердің бәрі де Табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстанның табиғаты көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жингап алған өлке.

Қазақтың жер ұйығы тың даласы,

Ардақты Арқа деген қыр даласы.

Осында алтын дәнді орын жатыр,

Елімнің құрыш білек мың баласы.


5 сынып қыздарының орындауында Табиғатым әні.


Жүргізуші:

Табиғат - адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізде ұялататын аяулы Ана. Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ляззат ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал