- Учителю
- ӨСімдік өмір нәрі, өмір сәні.
ӨСімдік өмір нәрі, өмір сәні.
Пәні: биология
Сыныбы: 7 «А, Ә»
Сабақтың тақырыбы: «Өсімдік-өмір нәрі,өмір сәні»
Сабақтың ұраны: Тіршіліктің тірегі-өсімдікті қорғайық.
Тұқымдарын молайтып,өсіруді ойлайық.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өсімдіктерді қорғауға,ғылыми негізде
жұмыс істеуге бағыт бере отырып экологиялық,
экономиялық,халықтық педагогика негізіне баулу.
1.Білім беру: Оқушыларды «өсімдіктер дүниесі» бөлімі бойынша білімін
жүйелеу,қорытындылау,білім сапасын арттырып,
пәнге қызығушылығын туғызу.
2. Дамыту: Жеке оқушының білім дағдыларын дамыту.
3.Тәрбиелік: Шығармашылық ізденіске тәрбиелеу,ұлттық
салт-дәстүрлерді,мақал-мәтелдерді бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың әдісі: сайыс сабақ
1).Ұйымдастыру кезеңі: (оқушыларды түгендеп,сынып тазалығын көңіл бөлу,оқушылардың назарын сабаққа аудару)
2). Командалардың таныстыруы.
3) Викториналық сұрақтар.
1- топ. Інжугүл тобы.
1.Біржасушалы ағзалар қалай аталады? (Бактерия)
2. Өздігінен өсетін өсімдіктер қалай аталады? (Жабайы)
3. Балдыр жасушасындағы хлоропластар (Хроматофора)
4.Ылғалы өте аз, ыстық жерде өсетін өсімдіктер түрі. (Жантақ) 5.Денесі балдыр мен саңырауқұлақ жіпшумағынан тұратын ағза. (Қына)
6. Саңырауқұлақтар зерттейтін ғылым. (Микология)
7. Бактерия жасушасында енетін вирус. (Бактериофаг)
8. Митохондрияның қызыметі . (Жасушаны энергия мен қантамасыз ету)
9. Спирогираның храматофорының пішіні. (Спираль тәрізді)
10.Мақтаны зақымдайтын саңырауқұлақ ауруы. (Гаммоз )
11. Мүктерді зерттейтін ғылым. (Бриология)
12. Бактерия спорасының қызыметі. (Қолайсыз жағдайда қорғану)
13.Біржасушалы балдыр хлорелланың көбеюі. (Жыныссыз )
14. Ядроның қызметі . (Тұқым қуалау)
15.Өлі ағзалардың денесінде тіршілік ететіндер . (Сапрофиттер)
16.Көзге көрінбейтін ұсақ ағзаларды зерттейтін ғылым. (Микробиология)
17.Бүйректің қызметі . (Зәр шығару)
18.Алғаш рет микроскоп жасаған Голландия ғалымы. (А. Левенгук)
19.Балдырлардың түсінің жасыл қызыл сары түсті болуы неге байланысты ? (Пластидтің түріне байланысты)
20.Жануарлар жасушасындағы қор заты (Гликоген)
2-топ Қызғалдақ тобы.
1.Қыналар қайда тіршілік етеді (Таста)
2.Спора дамитын орын (Спорангиий)
3. Зең саңырауқұлағынан алынатын антибиотик .
(Пеницилин)
4.Мүктердің кең тараған түрі. (Көкек мүгі)
5.Жасушасы жоқ өте ұсақ ағза. (Вирус)
6.Бактериялардың өсімдіктерді зақымдайтын түрі .
(Бактериоз)
7.Пластидтің негізгі қызыметі (Фотосинтез)
8.Улатрикс көбею жолдары (Жынысты, жыныссыз)
9.Саңырауқұлақтың құрылысы (Қалпақша, түбіртек жіп шумақ)
10.Спирогира мен улотрикстің айырмашылығы неде ?
(Храмотофораның пішнінде)
11.Жасыл мүктің басқаша атауы (Көкек мүгі)
12.Саңырауқұлақ спораларының қызметі (Көбеюге
қатысады)
13.Ашыту процесіне қатысатын саңырауқұлақ (Ашытқы
саңырауқұлағы)
14.Мүктерде тамырдың қызметін не атқарады ?
(Ризойдтар)
15.Бактерия талшығының қызметі (Қозғалу)
16.Бал жинайтын адам (Омарташы)
17.Өкпенің қызметі (Тыныс алу)
18.Прокориоттар қандай ағзалар (Ядросыздар)
19.Амеба қалай қозғалады ? (Жалған аяқтарымен)
20.Симбиоз сөзінің анықтамасы (Екі ағзаның бірігіп
тіршілік етуі)
3) Өсімдіктерге байланысты метафоралық теңдеулер.
1-топ Інжугүл тобы.
1.Мақта-..................ақ алтын
2.Бидай-.................. алтын дән
3.Күріш-..................сыр маржан
4.Жүгері-.................дала аруы
5.Қызғалдақ-............шөл аруы
6.Бәйшешек-............көктем гүлі
7.Емен-..........ағаштар патшасы
2-топ Қызғалдақ тобы.
1.Итмұрын-.............шипалы бұта
2.Кактус-..............түн аруы
3.Жүзім-..............оңтүстік перзенті
4.Картоп-..............екінші нан
5.Зығыр-............солтүстік жібегі
6.Қызанақ-............махаббат алмасы
7.Күнбағыс-............ күн гүлі
4).Биологиялық эстафета.
1-топ Інжугүл тобы.
1.Орамжапырақ ----------- шаршыгүлділер
2.Жоңышқа ----------- бұршақ тұқымдастар
3.Долана ---------- раушангүлділер
4.Картоп --------- алқа
5.Құмай ---------- астық
6.Қызғалдақ ---------- лалагүлділер
7.Сарымсақ ----------- пияз тұқымдастылар
8.Дарбыз ----------- асқабақ тұқымдастар
9.Қызылша ----------- алабота тұқымдастар
10.Бақбақ ------------ күрделігүлділер
2-топ Қызғалдақ тобы
1.Қызанақ ------------- алқа тұқымдастылар
2.Қыша ----------- шаршы гүлділертұқымдастылар
3.Мақта ----------- құлқайыргүлділер тұқымдасы
4.Жоңышқа ----------- бұршақ тұқымдасы
5 Бидай ---------- астық тұқымдасы
6.Таңқурай ------------ раушангүлділер
7.Алоэ ---------- лалагүлділер тұқымдасы
8.Жауқазын ----------- лалагүлділер тұқымдасы
9.Күнбағыс ----------- күрделігүлділер тұқымдасы
10.Баклажан ---------- алқа тұқымдасы
5) Полигот-тіл өнер.
1-топ Інжугүл тобы.
1.Жемісін әркез тұздаған
Сондықтан дәмін бұзбаған
Ерте піскен жемісті
Аршып жесең келісті
Ексең шығар далаңа
Айтпасқа атын болама
(Қияр- огурец -cucumber)
2.Тамыры жерге көмілген
Жапырағы желек төгілген
Бағыма жылда егілген
Палауға қосып жедің де
Атын оның дедің бе
(Сәбіз- морковь- carrot)
3.Жап-жасыл бояу боянып
Күнмен бірге оянып
Қыздырынып жатқаны
Жүздеген тонға оранып
Жапырақ өскен аямай
Атын қойма таба алмай
(Орамжапырақ-капуста-cabbage)
4.Оранған алпыс шекпенге
Өседі үйге есең де
Тұздықпен бірге жүреді
Кәне кім атын біледі
(Пияз -лук -conion)
5.Жайқалып өсіп тұрады
Сабағы түйін жаяды
Күзде қаптан тасып ап
Ұраға сақтап қояды
Әбден піскен кезіңде
Пісірсе тағам тоймайсың
«Бұл не»-деп сен ойлайсың
(Картоп -картофель-potatoе)
2-топ Қызғалдақ тобы
1.Уылжыған албырт
Дәмі ғажап.........(алмұрт- груша- pear)
2.Таңертең де кешке де
Күнге қарап тұрады (Күнбағыс-подсолнух-sunflawer)
3.Ала шапан киген
Қайнатпай піскен (Қарбыз-арбуз-watemelon)
4.Қабығы күнге күйеді
Табаны суды сүйеді (Күріш -рис-сheese)
5.Қарала қойымды байлап едім
Жемде жатып тойынды (Қауын-дынья-melon)
6) Сөз жұмбақтар
Екі команда бір-бірімен сөзжұмбақтар алмасады.
7) Өсімдіктер сырын біле жүр.
Кактустың «көңілін » аула.
Фикус-«қызғаншақ »өсімдік.
Конфет ағашы, сүтағаш, темірағашы.
8).Сөздің-көркі мақал
Әр команда мақал-мәтел айтып жарысады.
9)Өсімдіктер туралы өлең жырлар.
Өсімдіксіз өмір өрге басқан ба?
Сұқты көзбен қарамайық жас талға.
Желек жайып өсе берсін өсімдік.
Сырын айтсын айлы түнгі аспанға.
10. «Қарағайдың киесі.» (cахналық көрініс)
«№11 М. Байзақов атындағы жалпы орта мектебі»
мемлекеттік мекмесі.
Ашық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: «Өсімдік- өмір нәрі,
өмір сәні.»
7 «А», «Ә» сынып
Пән мұғалімі Тасболатова Айнұр.