- Учителю
- Ашық сабақ Жұлынның құрылысы
Ашық сабақ Жұлынның құрылысы
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлын, жұлынның ақ, сұр заты
Күні: 17.10.15
Класс: 8
Пәні: биология
Сабақтың тақырыбы:
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлын, жұлынның ақ, сұр заты
Жалпы мақсаттар:
-
Білімділік: Жүйке жүйесінің бөлімдерін таныстыру. Жұлынның маңызы, құрылысы мен қызметі, шартсыз рефлекстің рөлі туралы оқушыларға білім беру
-
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын талап ететін тапсырмаларды пайдалана отырып интелектуалды қабілеттеріндамыту; Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, танымдық белсенділігін, өз бетінше білім алу, саралау, қорытынды жасау дағдыларын дамыту
-
Тәрбиелік: Салауатты өмір сүруге, денсаулықты күтуге, спортпен шұғылдануға тәрбиелеу;
Ресурстар:
Оқулық, интерактивті тақта, сабаққа қажетті ресурстар
Әдіс-тәсілдер:
Тәсіл: жеке, жұппен жұмыс
Әдісі: АКТ, СТО
Оқыту нәтижесі:
Оқушылар жұппен жұмыс жасайды, тақырыптың мазмұнын бір біріне түсіндіреді, өзгенің қатесін түзейді. Оқушылар жекелеме, жұппен жұмыс істей отырып, идея бөліседі, өнім жасалады, талдайды, жинақтайды, қорытындылайды, бағалайды.
Түйінді идеялар
Сомалы жүйке жүйесі,, вегетативті жүйке жүйесі, Жұлын, Орталық жүйке жүйесі, шеткі жүйке жүйесі, жұлынның орталық өзегі, аралас жүйкелер, жүйке түйіндері, менингит.
Дерек көздер
Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер
Сабақтың барысы:
Уақыты
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
2 мин
Мұғалім оқушылармен амандасады, түгендейді, тренинг өткізіп, жақсы көңіл-күй сыйлайды.
«Ынтымақтастық орнату» тренингіне қатысу.
Үй тапсырмасын тексеру
Ой жинау
7 мин
І. Термин сөздерге анықтама беру:нейрон, аксон, дендрит, рецептор, рефлекс.
ІІ. Биологиялық диктант орындау. (жұппен жұмыс)
Оқушылар жеке жұмыс жасайды, жұппен ақылдасады, ортақ шешім шығарылады.
Жаңа тақырып: Мағынаны ажырату.
15мин
Интербелсенді тақтаның көмегімен жаңа сабақты түсіндіру.
Мұғаліммен оқушылар арасында сұрақ - жауап
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп отырады
«Ойланып жауап беріңдер»
Логикалық сұрақтар қойылады
6мин
Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін, диалогтық байланыс жасау. Оқушылардан ойларын өзгеше сұрау:
Сұрақ: (Топтық тапсырма)
1)Асқар басы ауырып, құсып, есінен айырылып дәрігерге көрінсе, дәрігерлер «менингит» деген диагноз қойды.Асқар бұл аурудың сипаттамасы жайлы интернет көздерінен іздеп, мынадай тоқтамға келді:
1. Ми мен жұлын жұмсақ қабығының қабынуынан пайда болады.(иә, жоқ)
2.Бактериялар мен вирустардан пайда болып, ауа арқылы жұғады. (иә, жоқ)
3.Вирусты менингит өте кең таралған , бактериалды менингитке қарағанда өмірге қауіт төнгізбейді(иә, жоқ)
4.Тез арада дәрігерлік көмекке жүгінбесе, өлімге соқтыратын ауру. (иә, жоқ)
2) Жұлын жарақатының салдары қандай?
(Топтасып сұрақтың жауабын іздеп, талқылау, дәлелдеу)
1-4-ия
Тітіркенгіштік, әлсіздік, тез шаршау, бас ауруы, бас айналуы басым болады. Олар ыстықты, транспортты көтере алмайды, қызметтің бір түрінен екінші түріне ауысқанда қиындықтар туындайды.
Дәптермен жұмыс
5 мин
50 бет 1 - тапсырма
Оқушылар дәптерге кестені толтырады
ІІ. «Доп ойнау» ойыны.
5 мин
Сұрақтарды мұғалім екі топ ішінен таңдаған оқушыға қояды.
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді
Рефлексия
2мин
Әр оқушы сабақ соңында нені біліп, үйренгендерін қорытындылайды білгендерін қорытындылайды
Бағалау
2мин
Бағалау парағын мұғалім қарап, өзінің қорытынды бағасын айтады
Оқушылар өз жұмыстарын бағалау парағына қояды. Сабақ барысында болған кезеңдердің жиынтық бағасы қойылады.
Үйге тапсырма
1мин
§15 Жұлынның құрылысы
- оқып-білу, сұрақтарға жауап беру
- терминдерге анықтама жазу, жаттау
- шығармашылық жұмыс
«Жұлынның адам ағзасы үшін маңызы» (эссе жазу)
Іскерлік -зерттеу тапсырмасы
Дәптерге кестені толтыру;
Жүйке жүйесінің бөлімі немесе оның бөлігі
Құрылысы мен атқаратын қызметі
Ми
Жұлын
Шеткі жүйке жүйесі
Сұр зат
Ақ зат
Жұлын түбірлері
Аралас жұлын жүйкелері
Сәйкестігін анықтаңыз
Нейрондар қызметі
Нейрон түрлері
1.Тітіркенуді жүйке импульстеріне түрлендіреді.
а)сезімтал
ә)аралық
б)қозғалтқыш
2.Миға ішкі мүшелер мен сезім мүшелерінен жүйке импульстерін береді
3.Мида бір нейроннан екіншісіне импульстерін беруді жүзеге асырады.
4.Жүйке импульстерін бұлшық етке, бездерге және басқа атқарушы мүшелерге береді.
Критерий бойынша бағалау
Критерийлер
Оқушының өзіндік бағасы
Топтың бағасы
Мұғалімнің бағасы
Қорытынды баға
Термин сөздерге анықтама беру
Биологиялық диктант
Логикалық сұрақтар
Теннис ойыны