7


  • Учителю
  • Биология пәні. сабақтың тақырыбы: терінің құрылысы. 8-Сынып

Биология пәні. сабақтың тақырыбы: терінің құрылысы. 8-Сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ: биология 8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Терінің құрылысы,қызметі мен маңызы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға терінің құрылысы туралы білім беру.

Міндеттері.

Білімділік: Оқушыларды терінің құрылысы мен әр қабатының қызметтерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқытудың жаңа технологияларды пайдалана отырып,оқушылардың білімге деген құштарлығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына,тәуелсіз ойлауына, өз идеяларын ұсына білуге ықпал ету

Тәрбиелік: Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру.Өзінің денсаулығын күтуге және жеке бас гигиена ережелерін сақтауға үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақ типі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс тәсілдері: АКТ, диалог, зерттеушілік-бақылау әдісі.

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, ноутбук, оқулық, бейнефильм,терінің құрылысы слаид.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру,

Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу.Назарын сабаққа аудару.

Бағалау ерекшеліктерін түсіндіру.Оқушыларды топқа бөлу.

Ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында оқушылардың бүгінгі күні естіген сөздерін тақтаға жазамын. «Бүгінгі күн қандай тамаша !

«Сен бақытты бала

«Сен неткен ақылды баласың» Оқушылар қайталап оқып,осы естіген сөйлемдер арқылы үш топқа бөлінеді. 1-ші топ: «Эпидермис»

2-ші топ: «Дерма»

3-ші топ: «Гиподерма»

Үй тапсырмасын «Сұрақтар мозайкасы» әдісі бойынша тексеру.Әр топ тақтадағы мозайкадан түсті таңдап,сұраққа жауап береді.

  1. Бәсеңдейтін инфекция бүйрек қызметіне қалай әсер етеді?

  2. Өрлеме инфекция дегеніміз не?

  3. Зәр түзілу процесі қандай кезеңдерден тұрады?

  4. Бүйрек өзекшелері дегеніміз не?

  5. Зәр шығару жүйесінің қандай ауруларын білесіңдер?

  6. Бүйрек эпителийіне өте ащы тағам қалай әсер етеді?

  7. Бірінші реттік зәр қайда және қалай түзіледі?

  8. Қуық қандай қызмет атқарады?

  9. Каппиляр шумағы дегеніміз не?

  1. «Қызығушылықты ояту»

Терінің қызметіне байланысты сөйлемдерді слайд арқылы шығару:

Сыртқы ортамен байланысты,қорғаныш,жылу реттелу,тыныс алу,зат алмасу, ыдырау өнімдерін сыртқы ортаға шығару,сипап сезу.Осы қызметтің барлығын біздің ағзамыздың қай мүшесі атқарады? Сұрақ қоя отырып сабақтың тақырыбын ашу.Сабақтың тақырыбы,мақсатымен таныстыру

Дәптерлеріне жаңа сабақтың тақырыбын жазу .

Сабақ тақырыбына байланысты жаңа терминдерді мағынасымен слайд арқылы таныстыру.

«Мағынаны ажырату».Тері қабаттарына байланысты топтарға жоспарлы сұрақтар беру.Оқулықпен жұмыс.(3мин )

«Эпидермис» тобына берілген сұрақтар:эпидермис қай қабат,құрылысы мен қызметі қандай?

«Дерма» тобына: дерманың құрылысы мен қызметі

«Гиподерма «тобына: тері астындағы май клечаткасының құрылысы мен қызметі.

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындап ойларын ортаға салады.Әр топтың жауабына байланысты басбармақ арқылы «жақсы», «өте жақсы», «төмен» деп топтар бір- біріне баға береді.

Сергіту сәті. «Қораптағыны тап» ойыны.

Оқушының көзін байлау арқылы қорапта не жасырынғанын қолымен ұстап , анықтау.

12-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Лупа арқылы қол ұшының сыртқы бетін және алақанды зерттеу

Мақсаты:Қол ұшының сыртын және алақанды зерттеу, саусақ ұшындағы тері өрнектеріне мән беріп қарау.

Жұмыс барысында қол терісінің қай жері қалың ,қай жері жұқа екендігін лупа арқылы анықтайды.

Зертханалық жұмысты дәптерге орындап, қорытындылайды.Нәтижелеріне талқылау жүргізеді.

Бекіту:

«Терінің құрылысын сипаттап, орналастыр» интерактивті тақтамен жұм

YouTube «Twig-bilim» сайтынан «Тері құрылысы» туралы бейнефильм көрсетілді.( 5мин)

«Таңғажайып оқиғалар» айдарына шолу жасау.Оқушыларға бұл тапсырма алдын ала үйге берілген . Қорыту: Тест шешу. Алдын- ала дайындалған тест сұрақтарын слайд арқылы шығару.

Тері қабаты нешеу?
а) 1 ә) 3 б) 2
2. Тері қызметін атаңдар.
а) Көру ә) Сезу б) Есту
3. Тері пигменті.
а) Лизоцин ә) Меланин б) Хлоратин
4. Тері қандай ұлпадан тұрады?
а) Эпителий ә) Дәнекер б) Жүйке
5. Терінің мүйізді түзілісі.
а) Шаш ә) Тырнақ б) Тері
6. Тері қандай мүше?
а) Дәм сезу ә) Сипап сезу б) Көру
7. Тері ауруының дәрігері.
а) Уролог ә) Дерматолог б) Терапевт
8. Нағыз тері қабаты
а) Эпидермис ә) Дерма б) Май бездері
9. Адам тәулігіне қанша литр тер бөледі?
а) 1 литр ә) 1,5 литр б) 5 литр
10. Терінің сыртқы қабаты.
а) Май қабаты ә) Эпидермис б) Май бездері

Тестің жауаптарын шығару.Оқушылар жауаптарын өздері тексереді
Барлығы дұрыс болса - "5"
1,2 қате болса - "4"
3-тен көп қате болса - "3


Бағалау: Мұғалім топтық жұмыстарды ,жеке оқушыларды бағалайды.

Үйге тапсырма: Терінің құрылысы,қызметі мен маңызын мазмұндау .

Тақырып соңындағы сұрақтармен жұмыс істеу.

Тері аурулары туралы қосымша материалдар жинақтау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал