7


  • Учителю
  • САБАҚ ЖОСПАРЫ (РАУШАНГҮЛДІЛЕР ТҰҚЫМДАСЫ

САБАҚ ЖОСПАРЫ (РАУШАНГҮЛДІЛЕР ТҰҚЫМДАСЫ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 6 «ә»

Сабақтың тақырыбы: Раушангүлділер тұқымдасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларды раушангүлділер тұкымдасының ерекшеліктерімен таныстыру. Тұқымдастың алуан түрлігі мен манызын көрсету. Оқушыларды негізгі оқу материалымен таныстыру

Дамытушылығы: Оқушылардың интеллектуалдық қабілетін, білімі мен білік дағдысын дамыту. Шығармашылық денгейін, тапсырмалар арқылы оқушының биологиялық білімге деген қызығушылығын арттыру . Өсімдік түрлерін анықтау мен тұқымдас белгілерін талдауда тұрақты білімін қалыптастыру.

Тәрбиелілігі: Оқушыларға раушангүлділер тұқымдасының табиғат пен адам өміріндегі маңызын мысалдармен түсіндіріп,табиғатты аялауға, оған түсінікстікпен қарауға оқушылардың табиғи - ғылыми көзқарастарын қалыптастыра тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың типі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі : Сұрақ - жауап, тірек-сызбалар, баяндау, түсіндіру, сәйкестік тест. Көрнекілік: Жеміс-жидектердің макет, компьютер, презентация,слайд Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі - 5 минут

  2. Үй тапсырмасын тексеру - 10 минут

  3. Жаңа тақырыпты игеру - 24 минут

  4. Тақырыпты бекіту - 5 минут

  5. Уйге тапсырма - 1 минут

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

2. Оқушы назарын сабаққа аударуІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Сәйкестендіру тесті







Орамжапырақ, шомыр, шалғам, тарна - көкөніс өсімдіктері.

Қыша, ақжелкек - татымды;

рапс, арыш - майлы;

ақбасқурай -дәрілік өсімдіктер.

Қышабас, жұмыршақ тәрізді арамшөптер де бар.



Бізден сұрақ-сізден жауап.



1.Жарық сүйгіш ,қылқан жапырақты өсімдік (Қарағай)

2.Қарағай қай мезгілде,қай айда тозаңданады? (Көктемде,мамыр айында)

3.Шымтезек мүгінің латынша атауы (Сфагнум)

4.Жасыл мүк қалай деп те аталады? (Көкек зығыры)

5.Тең споралы плаунтәріздестердің кең тараған өкілі (Шоқпарбас плаун)

6.Спорангий деген не? (Споралар дамитын орын)

7.Қырықбуынның жаздық өркені мен көктемгі өркені қандай қызмет атқарады? (Жаздық өркен -өсу қызметін,көктемгі өркен -көбею қызметін атқарады)

8.Орамжарырақгүлділердің жемісі (Бұршаққын немесе бұршаққынша)

9.Мүктерде тамырдың қызметін не атқарады? (Ризоид)

10.Қырықбуынтәріздес өсімдіктердің кең тараған өкілі ( Далалық қырықбуын)

Жұмбақ

Көктемде ақ гүлге оранады

Күзде қолға доп болып оралады (Алма)



III.Жаңа сабақ

Жалпы сипаттамасы. Раушангүлдiлер тұкымдасында 115 туыс, 3000-дай түр бар. Оларға ағаштар, бұталар жөне шөптесiн өсiмдiктер жатады. Бұл тұқымдастың гүлдерiнiң, гүлшоғырларының, жемiстерiнiң және жапырақтарының құрылысы алуан түрлi. Раушангүлдiлерде бөбешiк жапырақтар болады. Бұл әсiресе шөптесiн түрлерiне тән. Тұқымдастың гүлдерi дұрыс гүл болып табылады. Раушангүлдiдердiң гүлдерiнiң басты ерекшелiгi олардың гүл табанының пiшiнiнде. Бiр түрлерiнде гүлтабаны дөңес, екiншiлерiнде жалпақ, ал үшiншiлерiнде ойыс болады. Гүлдiң барлық мүшелерi гүлтабанына белгiлi бiр жүйеде орналасады. Раушангүлшлердiн гүлсерiктерi қосарланған, 5 мүшелi (сиректеу 4 мүшелi) жөне олар гүлтабанына спираль бойымен орналасады. Гүл серiктерiне тостағанша және күлте жапырақшалары жататыны сендерге 6 сыныптан таныс. Тостағанша жапырақшаларының саны 5-тен болады және олар бiр түрлерiнде бiрiккен, ал екiншiлерiнде бос орналасады. Кейбiр түрлерiнде тостағанша жапырақшалары, тостағанша асты жапырақшаларының болуына байланысты екi қатар шеңбер түзiп орналасады мысалы, шыршай (гравилат - Geum), қазтабан (лапчатка - Potentilla), бүлдiрген (земляника - Fragaria) туыстары. Күлте жапырақшаларының түсi өсiмдiктiң түрiне қарай әрқилы болады: қызыл, сары, ак, көк тағы басқаша. Күлтелерiнiң әрқайсысы гүл тұғырына бос орналасады, тек кейбiр түрлерiнiң ғана күлтелерi бiрiккен болады. Аталықтарының саны көп және олар 5 қатар тiзiп орналасады. Аналықтарының саны жемiс жапырақшаларының санына тiкелей байланысты болады. Жемiс жапырақшаларының саны бiр гүлдерде көп, екiншi гүлдерiнде шектеулi, ал үшiншiлерiнде бiреуден болады. Аналық жатыны бiр ұялы, екi ұялы немесе көп ұялы болады. Раушангүлдiлердiң бiреулерiнде жатын жоғарғы, екiншiлерiнде ортаңғы, ал үшiншiлерiнде төменгi болады.

Раушангүлдiлер бунақденелiлермен айқас тозаңданады.

Раушангүлдiлердiң жемiстерi де алуан түрлi. Олардың жемiстерi құрғақ және шырынды болады. Сонымен раушангүлдiлерден жалған жемiстердiң әртүрлi формаларын кездестiруге болады. Раушангүлдiлердiң әртүрлi өкiлдерiнде аналықтарының саны бiрдей болмайды. Бiр түрлерiнiң гүлдерiнде бiр ғана аналық болады, мысалы, шиеде(вишня - Cerasus), қараөрiкте(cлива - Prunus), сарыөрiкте(абрикос - Аrmeniaca), шабдалыда(персик - Persica), мойылда(черемуха - Padus) және тағы басқалары да. Мұндай гүлдерден сүйектi шырынды жемiс түзiледi. Екiншi бiр түрлерiнiң гүлдерiнде аналықтарының саны көп болады. Бұл жағдайда аналықтар гүл табанының орталық бөлiгiнде орналасады. Мұндай аналықтың әрқайсысынан кiшкентай жемiс пайда болады. Ал тұтастай гүлден көптеген жаңғақшалар - құрғақ жемiстер немесе көп сүйектi шырынды жемiстер пайда болады. Мұндай құрғақ жемiстердi қазтабаннан (лапчатка - Potentilla), ал шырынды жемiстердi таңқурайдан (ежевика, малина - Rubus) кездестiремiз.

Әдетте аналықтары көп болып келетiн гүлдердiң табаны жемiстерiнiң пiсiп жетiлуiне байланысты ұлғайып шырынданады. Бұл орман бүлдiргенi(земляника лесная - Pragаria vesca) мен итмұрындарда(шиповник - Rosa) айқын байқалады. Алма(яблоня - Malus), алмұрт(груша - Pyrus), шетен(рябина - Sorbus), долана(боярышник - Crataegus) секiлдi түрлерiне жемiстiң ерекше түрi - алма жемiс тән. Раушангүлдiлерге жататын өсiмдiк гүлдерiн формула түрiнде жазуға болады.

Тобылғының(таволга - Spiraea) гүлiнiң формуласы:

* ♂♀ Т(5)К5А ∞ Ж.5

Жемiсi - бiрiккен таптама (листовка)

Бүлдiргеннiң (земляника - Pragаria) гүлiнiң формуласы

* ♂♀ Т(5+5)К5А∞ Ж∞

Жемiсi - көп тұкымша.

Итмұрынның(шиповник - Rosa) гүлiнiң формуласы:

* ♂♀ Т5К5А∞Ж∞

Жемiсi - көп жаңғақша.

Алманың(яблоня - Malus) гүлiнiң формуласы:

* ♂♀ Т(5)К5А∞ Ж(1-5).

Жемiсi - алма.

Қараөрiктiң(слива - Prunus) гүлiнiң формуласы:

* ♂♀ Т(5)К5А20 Ж.1

Жемiсi- сүйектi шырынды жемiс.

Қазтабаның(лапчатка - Potentilla) гүлiнiң формуласы:

* ♂♀ Т(4+4)К4А ∞Ж∞.

Жемiсi - көп жаңғақша.

Кейбiр раушангүлдiлердiң гүлсерiктерi төрт мүшелi болады. Мысалы, тiк қазтабанның (лапчатка прямая - Potentilla recta) тостағанша және күлте жапырақшаларының саны 4-ден болады. Тiк қазтабан ылғалдығы жоғары, ашық жерлерде, орман шетiнде және бұталардың арасында өседi.

Раушангүлдiлердiң табиғатта кең таралган аса маңызды өкiлдерiнiң бiрi итмұрын(шиповник - Rosa).

Орманда жол жағасында, таудың төменгi жөне ортаңғы белдеулерiнiң күнгей беткейiнде итмұрын бұтасы кездеседi. Оның гүлдерiнiң түсi әрқилы болып келедi. Бiр түрлерiнде қызғылт, екiншiлерiнде ақ, ал үшiншiлерiнде сары болады. Гүлдерi iрi әрi хош иiстi. Итмұрынның сабақтары, гүлдерiнiң және жапырақтарының сағақтары, жапырақтарының ортаңғы жүйкелерiне дейiн тiкенектермен жабылған. Бұл тiкенектер өсiмдiктi шөппен қоректенетiн жануарлардан сақтайды.

Итмұрынның гүл тұғыры «бокал» тәрiздi ойыс болады. «Бокалдың» шетiнде тостағанша, күлте жапырақшалары және аталықтары орналасады. Ал «бокалдың» iшiнде аналықтары орналасады. Тек аналықтың мойны мен ауызы жоғары көтерiлiп көрiнiп тұрады. Гүлдерiнiң ашық түсi және аталықтарының тозаңдықтарында пiсiп жетiлген тозаңдары өздерiне бунақденелiлердi елiктiредi. Бунақденелiлер гүлдiң тозаңдарымен қоректенiп, аналықты тозаңдандырады.

Күзде итмұрындардың гүлдерiнен сарғыш немесе қызғылт түстi етжендi «жемiстерi» пiсiп жетiледi. Жемiстерi ұлғайған гүлтабанынан дамиды. Итмұрынның нағыз жемiстерi ұлғайған гүлтабанның iшiндегi ұсақ жаңғақшалар. Олар «бокал» тәрiздi гүл тұғырының iшiндегi аналықтың жатынынан түзiледi. Гүл тұғырының iшкi жағында жабысқақ түктер болады. Шырынды гүл тұғырының құрамында көптеген витаминдер болады.

Итмұрынның жапырақтары таққауырсынды күрделi. Бiр сағақта 5-7 жапырақша орналасады.

Қазақстанда итмұрынның 24 түрi өседi. Итмұрындарды сәндiк үшiн бақтарда өсiредi. Көптеген сәндi сорттары шығарылды. Оларға шайлы, полиатты, майлы раушандар тағы басқалар жатады. Майлы раушан сортының күлтелерiнен жұпар иiстi раушан майы алынады.

Раушангүлдердiң табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы. Раушангүлдiлердiң көбiсi өте маңызды жемiс ағаштары. Халық Шаруашылығында ең маңыздысы алма, алмұрт, шабдалы, миндаль, шие тағы басқалар. Бұталардан кең таралғандары долана, итмұрын, шетен, тобылғы, кәдiмгi таңқурай(малина обыкновенная - Rubus idaeus), қожақат таңқурайы(ежевика - Rubus caesius), қойбүлдiрген(костяника - Rubus saxatilis). Бұлардың басым көпшiлiгi тамаша сәндiк өсiмдiктер. Оларды парктерде, скверлерде және көше бойларына арнайы отырғызады. Әсiресе көктемде гүлдеген кездерiнде олар айналасына ерекше сән бередi. Итмұрындардың мәдени түрлерiнiң күлтелерiнен парфюмерия өндiрiсiнде қолданылатын эфир майы алынады. Мойыл (черемуха - Padus) жемiсiнiң, тамырының, қазтабанның тамырсабағының дәрiлiк қасиеттерi бар. Сонымен бiрге сарыөрiктiң (абрикос - Armeniaca), шабдалының (персик - Persica), қараөрiктiң (слива - Prunus), бадамның (миндаль - Amygdalus) қышқыл және тәттi дәндерiнен алынатын майларын медицинада қолданады.

Раушангүлділердің Жабайы және мәдени түрі.

</ IV.Жаңа тақырыпты бекіту

Сөзжұмбақ «Раушан»

1.Тікенекті өсімдік (Итмұрын)

2.Раушангүлділер тұқымдасына жататын ағаштектес өсімдік (Алма)

3.Жабайы итмұрыннан шығарылған іріктеме (Раушан)

4.Шырынды жемісті өсімдік (Шие)

5.Жемісі құрама жаңғақшалы болып келетін раушангүлділер тұқымдас өсімдік (Құлпынай)

6.Раушангүлділердің жабайы өсетін түрі (Шетен)

Жұмбақ жасыру

1)Тіл үйірген дәмі бар,

Сары алтын түс-сәні бар.

Шақсаң егер кептіріп,

Сүйегінің дәні бар,

Баққа тұрар сән беріп,

Алқа етіп тізіп ал. (Өрік)



2) Қызыл күрең түрі бар, Тебіндеген бүрі бар.

Піскен кезде қаулайды,

Алтыннан бір аумайды,

Бал татыған нәрі бар,

Онда емнің бәрі бар. (Шабдалы)

V.Үйге тапсырма беру:Раушангүлділер тұқымдасын оқып, мазмұндау.



Кестені толтырып келу



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал