- Учителю
- Сабақ жоспары Тамыр және тамыр жүйесі 6 сынып
Сабақ жоспары Тамыр және тамыр жүйесі 6 сынып
Қарқаралы қаласы
Академик О.А.Жаутыков атындағы
ЖББ №1 қазақ орта мектебі
Биология пәні мұғалімі
Жомартова Назгуль Тусуповна
Сабақтың тақырыбы: ІІ тарау. Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелері.
§7 Тамыр және тамыр жүйесі
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің негізгі мүшесі тамырдың түрлерін, қызметін, өзара ерекшеліктерін түсіну.
Міндеттері:
-
Ұжымдық атмосферасын қалыптастыру;
-
Тамырдың түрлерін, қызметін, өзара ерекшеліктерін салыстыру;
-
Зерттеу жұмыстарын жасай отырып, қызығушылықтарын ояту.
Күтілетін нәтиже:
-
Оқушылар ойлана отырып топта жұмыс істеуге дағдыланды;
-
Тамырдың түрлерін, қызметін, өзара ерекшеліктері туралы түсінік алды;
-
Зерттеу жұмыстарын жасауға қалыптасты.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сыни тұрғыдан ойлату, сұрақ-жауап, миға шабуыл, Венн диаграммасы, зерттеу, АКТ, бағалау, рефлексия.
Көрнекіліктер: Электронды оқулық, таратпа материалдар, кеппешөптер, плакаттар, түрлі-түсті маркерлер, стикер,.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды топқа бөлу (әртүрлі топтағы жеміс түрлерін таңдап алып, өз тобын анықтайды).
І-топ - Цитрусты жемістер
ІІ-топ - Сүйекті шырынды жемістер
ІІІ-топ - Бақша жемістері
ІҮ-топ - Құрғақ жемістер
Әр топта 4-5 оқушыдан, барлығы 4 топ болады. Әрбір топ топ атын, ұстанымдарын құрып, өздерін таныстырады
Ынтымақтастық атмосферасы: «Неліктен шағын топқа бөліндік, шағын топқа бөлінудің мәні неде деп ойлайсыздар, шағын топқа бөлінген оқушылармен қандай жұмыс істеуге болады?»-деген сұрақ реттері қойылады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. (5 минут)
ІІ. Миға шабуыл. (10 минут)
-
Табиғат деген не?
-
Осы сөзді естігенде нені елестетесіңдер? Оқушылар жекелей дәптерлеріне жазады, жұппен талдайды, сосын топпен бүктелген плакаттың бір жағына «Табиғат» сөзіне кластер құрады.
-
Жұмбақ жасыру
Үйіде жоқ,
Күйіде жоқ,
Бірақ жауыннан да, дауылдан да
Қымсынбайды.
Ыстыққа да шын шыдайды
Шешуін айта ғой
Балалар білсін жайды. (Өсімдіктер)
Плакаттың екінші жағына өсімдіктің суретін салады.
3.Салған суреттеріңнен өсімдік мүшелерін атаңдар?
4. Өсімдіктің жерасты мүшесі не?
5. Тамырдың негізгі қызметтері қандай?
6. Бақбақты тамырымен жүлып көрдіңдер ме? Қиын ба? Неліктен?
Оқушылардан осы сұрақтардың жауабын ала отырып, жаңа сабақ тақырыбын ашқызу.
ІІІ. «Ой қозғау» бөлімі.
Құпияхат тапсырмалары (10 минут)
І топ. Үш сөзден құралған тамыр қызметі туралы сөйлем шығады.
3
6
9
5
1
10
15
1
13
8
3
13
4
2
9
14
11
13
7
12
1-Р, 2-У, 3-Т, 4-Н, 5-Ы, 6-А, 7-С, 8-К, 9-М, 10-Қ, 11-Ш, 12-І, 13-Е, 14-Ү, 15-О
Жауабы: Тамыр қоректену мүшесі
ІІ топ. Үш сөзден құралған тамыр қызметі туралы сөйлем шығады
3
12
9
11
5
1
4
2
9
6
2
7
3
2
5
8
10
2
1-Ө, 2-І, 3-Т, 4-С, 5-Р, 6-Д, 7-К, 8-Е, 9-М, 10-Г, 11-Ы, 12-А
Жауабы: Тамыр өсімдік тірегі
ІІІ топ. Сөзөрім. «Шашақ» тамыр жүйесі
т
а
м
ы
р
б
а
қ
б
а
қ
ж
а
н
а
м
а
қ
о
с
а
л
қ
ы
ө
т
к
і
з
г
і
ш
-
Өсімдіктің жерасты мүшесі. (тамыр)
-
Тамыр жүйесі кіндік тамыр болып келетін өсімдік. (бақбақ)
-
Негізгі тамырдан шығатын тамыр. (жанама)
-
Сабақ пен жапырақтан пайда болатын тамыр. (қосалқы)
-
Тамырдың қызметі. (өткізгіш)
ІҮ топ. Сөзөрім. «Кіндік» тамыр жүйесі
ө
с
і
м
д
і
К
т
а
м
ы
р
қ
о
ң
ы
р
б
а
с
т
і
р
е
К
а
у
а
-
Тамыр арқылы қоректенетін ағза. (өсімдік)
-
Өсімдіктің мүшесі (тамыр)
-
Тамыр жүйесі шашақ тамыр болатын өсімдік (қоңырбас)
-
Тамырдың қосалқы қызметі. (тірек)
-
Өсімдік тіршілігіне қажет нәрсе (ауа)
ІҮ. №5-зертханалық жұмыс. Тамыр типтерін кіндік тамыр және шашақ тамыр жүйелерін талдау.
Мақсаты: Тамыр жүйесі мен тамыр типтерін ажыратып, өзіндік ерекшеліктерін практика жүзінде талдап, зерттеу. (10 минут)
Берілген кеппешөптерден шашақ тамыр, кіндік тамыр жүйелерін талдап, ажыратады.
Қорытындысын дәптерге жазады.
Ү. Бағалау. Оқушылардың бірін-бірі бағалауы. (3 минут)
ҮІ. Ой толғаныс. Венн диаграммасы. (5 минут)
Кіндік тамыр Ұқсастығы Шашақ тамыр
ҮІІ. Рефлексия. Оқушылар сабақ бойынша рефлексия жазады. (2 минут)
ҮІІІ. Үйге тапсырма. §7 оқу. Шығармашылық жұмыс «Өсімдіктердің қасиеттері, маңызы».