7


  • Учителю
  • 10 класс ' Ағзалардың көбеюі мен дамуы'

10 класс ' Ағзалардың көбеюі мен дамуы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Оқушыларға «Тірі ағзалардың жеке дамуы»туралы мағлұмат бере отырып,белсендігін арттыру,ойлау қабілетін, шапшандығын дамыту мақсатында 10-сыныпта ойын сабағын өткіздім.

Класс:10қазақ.

Сабақтың тақырыбы: «Ағзалардың көбеюі мен жеке дамуы»

Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың «Ағзалардың көбеюі мен жеке дамуы» тарауынан алған білімдерін тексеріп ,бір жүйеге келтіріп,қорытындылау.

2.Оқушылардың пәнге қызығуын ояту,салыстыру,қорытынды жасай білу қабілеттерін дамыту.

3.Оқушыларға адамгершілік,экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Қорытындылау сабағы.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, сызықтық диктант,Кубизм,СТО әдістері.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд: 1.«Өсімдіктердің қосарланып ұрықтануы»,

2. «Ланцетниктің ұрықтанған жұмыртқасының бөлшектенуі мен дамуы.»,

3. «Құстың тұра дамуы»,

4. «Көлбақаның түрленіп дамуы».

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру 2-3мин.\Бағалау парақтары таратылады\

2.Негізгі бөлім.

1-тур: «Қызығушылықты ояту сатысы».Көбею дегеніміз не?Оның маңызы?

2-тур: «Миға шабуыл» Сәйкестендіру тапсырмасы.

1.Барлық тірі ағзаларға тән қасиет А.аталық гаметаның түзілуі

2.Сперматогенез деген не Ә.эмбриология

3.Овагенез деген не Б.көбею

4.Аталық,аналық гаметалардың қосылуы В.органогенез

5.Ұрықтанған жұмыртқажасуша қалай аталады Г.ұрықтану

6.Ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым Ғ.зигота

7.Ұрықта мүшелердің дамуы қалай аталады Д.аналық гаметаның түзілуі

3-тур: Кубизм әдісі «Қосарланып ұрықтануды» сипатта.

4-тур:Дәлелде . «Сызықтық диктант»

1.Митоз жолымен бір жасушалы ағзалар көбейеді.

2.Мезодерма қабатынан барлық бездер түзіледі.

3.Ішекқуыстылар бүршіктену арқылы көбейеді.

4.Шұбалшанға регенерация тән.

5.Жануарлар қосарланып ұрықтанады.

6.Көбелектің дамуында метамарфоз бар.

7.Бұлшық ет,сүйектер эктодерма қабатынан жетіледі.

5тур:Баянда:1.Овагенез ,2.Сперматогенез процесстерін.

6-тур: Салыстыр:

амитоз

митоз

мейоз

7тур: «Деңгейлік тапсырмалар» орындау

1-деңгей:Бүршіктену,телу деген не?

2-деңгей:Жыныссыз,жынысты көбеюдің айырмашылығы?

3-деңгей:Онтогенез-ағзалардың жеке дамуы?

8-тур:Ланцетниктің даму сатыларын түсіндіріңдер?


9-тур: «Құпия сан» сұрақтарға дұрыс жауаптың алдындағы санды қояды.


Зигота 1.екі қабатты ұрық

Бластула 2. Ұрық мүшелері дамитын саты

Гаструла 3.ұрықтанған жұмыртқажасуша

Нейрула 4.ұрықтың іште дамуы

Эмбриогенез 5.бір қабатты ұрық

Онтогенез 6.туу мерзімінен өлгенге дейінгі кезең.

Құпия сан: 3 5 1 2 4 6.

3.Бағалау парақтары арқылы оқушыларды бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал