- Учителю
- Вне классное мероприятие 'Қызықты генетика'
Вне классное мероприятие 'Қызықты генетика'
Күні:
Сынып:9-10
Сабақтың мақсаты: оқушыларға генетика ғылымының пайда болуы және дамуы туралы білім беру, генетик ғалымдардың еңбектерімен таныстыру. Генетика ғылымының биология заңдылықтарын түсіну туралы айту.
Сабақтың міндеттері: генетика ғылымы нені зерттейтіндігі туралы түсінік беріп Г. Мендельдің гибридиологиялық әдісі жайлы тереңірек сипаттау.Генетикалық есептерді шығаруды еске түсіру.
Сабақтың жоспары:
1.Эстафета: «Генетикалық сұрақтар»
2.Мендельдің заңдарын еске түсірү
3.Есеп шығару.
4. Қорытынды
1.Эстафета: «Генетикалық сұрақтар»
-
Генетика дегеніміз не? (Организмдердегі тұқымқуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылым)
-
Тұқымқуалаушылық дегеніміз не?(Белгілерді ұрпақтан ұрпаққа беруі)
-
Генетика терминін кім ұсынды? (Бэтсон 1906 ж)
-
Генетика ғылымының негізін қалаушысы кім? (Г.Мендель)
-
Ген д-з не? (ген хромосома немесе ДНК бір бөлшегі)
-
Геноитп д-з не? (ата-анадан алынатын гендердің толық жиынтығы)
-
Фенотип д-з не ? (организмге тән ішкі және сыртқы белгілердің жиынтығы)
-
Доминанты д-з не? (бірден жарыққа шыққан белгі)
-
Рецессив д-з не? (көрінбей қалған белгі)
-
Гомозигота д-з не? (тек бірыңғай доминнтты немесе рецессивті аллельдерден тұратын организм)
-
Гетерозигота д-з не? (әртүрлі аллельдерден тұратын организм)
-
Моногибридті будандастыру д-з не? (бір белгі бойынша будандастыру)
-
Дигибридті будандастыру д-з не? (екі белгі бойынша будандастыру)
-
Полигибридті будандастыру д-з не? (бірнеше белгі бойынша будандастыру)
2.Мендельдің заңдарын еске түсірү.
Оқушыларға екі конверт беріледі,біреуінде 1 заң,екіншісінде 2 заң.оны дәлелдеу керек.
3.Есеп шығару.
-
Аа хАа
-
АА х Аа
-
Аа х АА
-
Аа х аа
Осы генотиптерден қандай гамета түзіледі?
-
АА
-
Аа
-
аа
-
АаВв
-
АаВвСс
-
ААВВСС
1 есеп:Көккөзді ер адамның ата-анасы қаракөзді.Ол қаракөзді әйелге үйленді.Осы әйелдің әкесі көккөзді,ал анасы қаракөзді болған.Осы некеден қаракөзді бала туыпты.Осы баланың әке шешесінің генотиптері қандай?(Қаракөз доминантты белгі)
Белгі
ген
генотип
Қара көз
А
АА ,Аа,А-
көккөз
а
аа
Р♀Аа х ♂ аа
А а а
F Аа
Жауабы: ер адамның генотипі- аа,ал әйелдікі- Аа.ал баланікі -Аа
2 есеп : Гомозиготалы қара сиыр қызыл бұқамен будандастырды.(Қара -доминант).Бұзаудың түсі қандай болады?генотип және фенотипті анықтаңыз.
Р ♀ВВ х ♂ вв
В в
F Вв
Жауабы:бірінші ұрпақ фенотип бойынша қара,генотип бойынша гетерозиготалы.
4.Қорытынды.