- Учителю
- 9 класкқа арналған Адам экология курсына арналған факультатив.
9 класкқа арналған Адам экология курсына арналған факультатив.
Түсінің хат
Жалпы Биология курсында «Адам экология» тараудың бірі болып есептеледі. Экология биология ғылымының саласы ретінде дамып қалыптасқан ғылым. Экология - қазіргі кезде күрделі, кешенді ғылымдар деңгейіне көтерілді. Қазіргі кезде экология барлық ғылымдар саласын сабақтастықта әрекет ететін кешенді ғылымға айналды. Экология бүгінгі күннің талаптарын жан-жақты қарастыратын көптеген ғылымдар жүйесінен тұрады. Адамның өмірі табиғатпен тығыз байланыста.
Бүгінгі танда білім беру саласын жеке тұлғаны дамытуға бағыттау, оқыту мазмұның құрылымына жанаша қарауды талап етеді. Күтілетін нәтижеге бағытталған жаңа білім беру мазмұның меңгерту үрдісіне оқушылардың құзыреттіліктері мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру оларды әлеуметтендіру қамтамасыз етеді. Мектептің білім беру жүйесінде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде: олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда, тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, өзінің табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде, жер бетінде тіршілікті сақтауда география пәні үлкен рөл атқарады. Озық ойлы шәкірттің бойына білім нәрін қазіргі талап тұрғысынан бере білу-ұстаз еңбегінің басты нәтижесі. Сонғы жылдары Қазақстандағы демаграфиялық көрсеткіштері төмендеді. Бала туу мен халықтын табиғи өсімі азаяды білім мен ауыршандық артты. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымынының анқтауы бойынша денсаулықты нығайу - бұл тәндік, зерделік және әлеуметтік жағдайды жақсарту арқылы жанғырту процестерін жүзеге асыру.
Қазіргі уақытта жас ұрпаққа сапалы білім беру, саналы тәрбие берудің тиімді жолдары сан алуан. Бұл курста Қазақстанның экологиялық жағдайына сипаттама беріледі. Пән бойынша оқушы білімінің сапасын арттыру арқылы өзіндік тұжырымын, көзқарасын қалыптастыру, дүниетанымын жетілдіріп, теориялық ұғымдарды практикалық тұрғыда жүйелі ұштастыру нәтижесінде іскерлік, біліктілігін арттыра отырып, оқушылар экологиялық өзгерістер мен құбылыстардың себептерімен танысып біледі. Қоршаған ортаны қорғау проблемасының өткірлігі сонша,оны оқушыларға жан-жақты түсіндіруіміз керек.Сондықтан, бұл курста арнайы экологиялық білім мен заңдылықтар түсіндіріліп қана қоймай, табиғатты қорғауға да шақырады.Бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі- адамдардың экологиялық ойлауын қалыптастыру,оларға осы бағытта тәрбие беру.Адамзат өмір сүріп отырған әлем өзара тығыз байланысты,әрі өзара тәуелді.Біз бәріміз бір планетада қатарласа тіршілік етеміз, сондықтан планетамыздың экологиялық жағдайын танып-білу бүгінгі күні қажет нәрсе. «Адам және экология» курсы, қоршаған орта экология жөнінде және оның пайда болу себептері мен оларды шешу жолдарымен таныстырады. Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын және экологиялық құзыреттілігін қалыптастыруда қолданбалы курс маңызды рөл атқарады.
Пәнді оқыту мақсаты: адамның тіршілік ортасының құрылымын талдау, орта факторларының адам ағзасына және адамның қоршаған табиғи ортаға антропогенді әсерін зерттеу, тұрғындар денсаулығына әлеуметтік-экологиялық факторлардың әсерін қарастыру.
Курс міндеттері:
1. Оқушылардың экологиялық құзыреттілігін қалыптастыруда таным белсенділіктерін арттыру;
2. Экологиялық білім саласындағы теория мен практиканы ұштастыру;
3. Оқушылардың бірнеше бағыттағы -интеллектуалдық, адамгершілік, эстетикалық, экономикалық,экологиялық т.б білімінің,біліктілігінің,көзқарастарының интеграцияланған жүйесі ретінде қарастырылатын жеке тұлғалық көзқарастары мен құндылықтар арасында өзара байланыс;
</<font size="3">4. Концептуалды ойлау қабілеттерін дамыту;
Оқу үдерісін ұйымдастыру
Курсқа қызығушылықтарын арттыру;диалогтік әдіс-зертеушілік әңгіме т.б
Топтық жұмыстар, ұжымдық әрекеттер арқылы ,яғни үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады.
Бағалауда қалыптастырушы бағалауды қолдану.
Өзектілігі: Экологиялық жағдайдың қауіпті құбылысқа айналуы .Экологиялық мәселе қазіргі кезде - бүкіл әлемдік проблема. География пәні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі экологияға қатысты өзекті мәселелерді зерттеуде,
оқушылардың практикалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастырып, дамытуда негізгі орынды алатын бірден-бір ғылым саласы.
Пәнаралық байланыс: Экономикалық география, биология, тарих, химия, география, экономика.
Бағдарламаны жүргізу формалары: Лекция, конференция, сайыс, саяхат сабақ,сынақ, тест, реферат.
Күтілетін нәтижелер:
1. Сабақта алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана біледі.
2. Танымдық қабілеттері дамиды.
3. Экологиялық мәдениеттері мен құзыреттіліктері қалыптасады.
4. Қоршаған ортаға сауатты қарым-қатынас жасау дағдыларын үйренеді.
Бағдарлама мазмұны
І. Кіріспе. Адам экологиясының зерттеу пәні (5 сағат). Адамның тіршілік ортасы және оның құрамдас бөліктері. Қазіргі экологиялық проблемалардың тұрғындар денсаулығына әсері. Антропология және экология. Адамның антропометриялық дамуы. Адам биологиялық түр ретінде. Адам нәсілдердің морфологиялық белгілерін қарастыру, ерекшеліктерін сипаттама беру. Нәсілдердің пайда болу факторларын анықтау. Адам экологиясының аксиомалары. Антропоэкосистема - адам экологиясын зерттеудің объектісі.
ІІ. Адам денсаулығы туралы қазіргі ұғым (6 сағат). Адамның денсаулығына қоршаған орта факторларының әсері. Денсаулықты қалыптастыруда және сақтауда әлеумсеттік факторлардың маңызы. Өмір салты туралы түсінік. Өмір салтының адамның денсаулығын қалыптастыруға, сақтауға және нығайтуға тигізетін әсері. Салауатты өмір салтын ұстану мәселелері. Дене шынықтырудың, еңбек ету, демалу, тамақтану режимдерінің денсаулықты қалыптастырудағы маңызы. Зиянды әдеттердің әсері. Рухани денсаулық туралы ұғым. Салауатты өмір салтын ұстану мәселелері. Сауықтырудың дәстүрлі емес әдістері. Фитотеропия, аромотерапия, апитеропия. Ағзаны сауықтырудың және рухани байытудың шығыстық әдістері.
ІІІ. Атмосфералық ауаның адам ағзасына әсері (2 сағат). Атмосфералық ауаның ағза тіршілігіндегі маңызы. Атмосфералық ауаның құрамы және қасиеттері. Атмосфералық ауа қысымының өзгеруі және оның адам ағзасына әсері. Ауаның температурасы, адам ағзасы мен орта арасындағы жылу алмасуы. Атмосфералық ауаның ластануы. Ластанған ауаның тұрғындар денсаулығына және тұрмыс жағдайларына әсері. Атмосфералық ауаның ластануына туындаған ауқымды экологиялық проблемалар: қышқыл жаңбырлар, озон қабатының жұқаруы, климаттын жылынуы
IV. Микроклимат туралы түсінік ( 1 сағат). Салқын және жылы микроклиматтың адам ағзасына әсері. Температуралық көрсеткіштердің гигиеналық талаптары. Микроклиматты жақсарту жолдары. Оқу орындарындағы микроклиматқа қойылатын талаптар.
V. Топырақ - адамның тіршілік ортасының маңызды факторы.
Топырақтың адамзат тіршілігіндегі маңызы ( 1 сағат). Топырақтың құрамы мен қасиеттері. Топырақтың химиялық қосылыстарымен ластануы. Топырақтың биологиялық ластануы: топырақта кездесетін патогенді ағзалар, ластанған топырақтың эпидемиологиялық қаупі. Елді мекендерді тұрмыстық қалдықтардан тазарту мәселелері.
VI. Қоршаған ортаның радиациялық ластануы және тұрғындар денсаулығы ( 4 сағат).
Радиациялық әсер туралы ұғым. Қоршаған ортаның радиациялық көрсеткіштері. Табиғи және жасанды радиоактивтілік. Радиоактивті қалдықтарды жою мәселелері. Радиоактивті заттардың адам ағзасына әсері. Радиоциялық ластанудың тұрғындар денсаулығына және тұрмыс-тіршілігіне әсері. Қоршаған ортаның физикалық факторлардың адам денсаулығына әсері. Қоршаған ортаның химиялық, биологиялық факторлардың адам денсаулығына әсері. Қоршаған ортаның сапасын нормалау.
VII. Тамақтану экологиясы ( 4 сағат). Тамақтану режимінің адам денсаулығын сақтаудағы және нығайтудағы маңызы. Тамақтанудың физиологиялық көрсеткіштері: азық-түліктің сапалық және сандық құрамы. Тамақтану нормасына байланысты тұрғындардың топтарға жіктелуі. Азық-түліктің сапалық құрамы азық-түліктегі белоктың физиологиялық маңызы. Белок жетіспеушіліктің салдары. Азық-түліктегі майлар мен көмірсулардың физиологиялық маңызы, оларды шамадан тыс тұтынудың салдары. Азық-түліктегі минералды заттар, олардың адам денсаулығындағы маңызы. Азық-түлік - витаминдер көзі, витаминдердің адам ағзасының қалыпты тіршілігіндегі маңызы. Азық-түліктегі улы химиялық қосылыстар және табиғаты бөгде заттар. Олардың адам ағзасына зиянды әсері. Азық-түліктегі канцерогенді заттар, тыңайтқыштар, металдар. Адамның азық-түлікпен улануы, улану түрлері. Патогенді микроорганизмдердің әсерінен бүлінген азықпен улану: уланудың түрлері, салдары, алдын алу шаралары. Азық-түліктегі өсімдіктекті улы заттардың адам ағзасына әсері. Жануартекті азық-түлікпен улану. Денсаулықты жақсартуда дұрыс тамақтанудың манызы.
VIII. Отбасы антропоэкологиялық зерттеуде ( 2 сағат). Отбасы антропоэкологиялық зерттеуде. Сыртқы орта факторларының отбасына әсері. Баланың қалыпты өсуі мен дамуын қамтамасыз ету проблемалары. Баланың денсаулығын қалыптастырушы факторлар. Балалардың денсаулығын бағалау әдістері. Акселерация. Дене шынықтырудың, демалыс және тамақтану режимдерінің бала денсаулығына әсері.
IХ. Жыныстық революция ( 1 сағат). Жыныстық революция және оның салдары.
Х. Антропоэкологияның демографиялық, ауылдық жерлер және қала мен қалашықтар ерекшеліктері( 7 сағат). Қазақстанның экологиялық мәселелері және тұрғындардың денсаулық жағдайы. Адам экологиясы демографиялық ақпаратты зерттеулердің ерешелігі. Ауылдық жерлердің антропоэкологиялық ерекшеліктері. Қала және қалашықтар. Қазіргі заманғы қалалардың өзекті мәселелері. Қала тұрғындарының тіршілік ортасының ластануы. Тұрғын үй - қала тұрғынының экологиялық жағдайы. Адам экологиясы саласында практикалық қызмет
ХI. Қауіпсіздік мәселелері ( 1 сағат). Антропогендік қызмет нәтижесінде - төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік дағдылары.
Пәнді меңгеру барысында студент мынадай мазмұндағы білімді, іскерліктер мен дағдыларды игеруі керек:
-
білуі керек:
-
адамның тіршілік ортасының құрылымын білу;
-
табиға ортаның химиялық, биологиялық, радиациялық ластануы және оның экологиялық салдары;
-
табиғи орта мен әлеуметтік орта арасындағы тәуелділікті ұғыну;
-
ауқымды экологиялық проблемалардың тұрғындар денсаулығына әсерін білу
-
жасай алуы керек:
-
адамның тіршілік ортасын зерттеу;
-
орта факторларына сипаттама беру;
-
адам денсаулығын қалыптастыруда экологиялық факторлардың орнын анықтау
-
дағдыларды меңгеруі керек:
-
адам денсаулығын антропометрлік жағынан бағалау;
-
адам денсаулығына микроклиматтың әсерін анықтау;
-
практикалық жұмыстарды орындау, талдау жасау.
Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары және сағаттардың бөлінуі.
р/р.
Тақырыбы
Cағ саны
Пр.саб
(сағ)
Өзб. Жұм (сағ)
І.
Кіріспе. Адам экологиясының зерттеу пәні.
5
1
-
ІІ.
Адам денсаулығы туралы қазіргі ұғым. Адам денсаулығына қоршаған ортаның әсері.
6
2
4
ІІІ.
Атмосфералық ауаның адам ағзасына әсері.
2
-
-
IV.
Микроклиматтың адам ағзасына әсері.
1
-
-
V.
Топырақ - адамның тіршілік ортасының маңызды факторы
1
-
-
VI.
Қоршаған ортаның радиациялық ластануы және тұрғындар денсаулығы
4
3
1
VII.
Тамақтану экологиясы
4
2
2
VIII.
Отбасы антропоэкологиялық зерттеуде.
2
1
-
IХ.
Жыныстық революция
1
-
-
Х.
Антропоэкологияның демографиялық, ауылдық жерлер және қала мен қалашықтар ерекшеліктері
7
4
1
ХI.
Қауіпсіздік мәселелері
1
1
-
Барлығы:
34
Тақырыптар
Сағат саны
Мерзімі
9ә
І.
Адам экологиясын зерттеу пәні.
5
1
Адамның тіршілік ортасы және оның құрамдас бөліктері. Қазіргі экологиялық проблемалардың тұрғындар денсаулығына әсері. (жалпы сұрау)
1
2
Антропология және экология. Адамның антропометриялық дамуы. Адам биологиялық түр ретінде.
1
3
Адам нәсілдердің морфологиялық белгілерін қарастыру, ерекшеліктерін сипаттама беру. Нәсілдердің пайда болу факторларын анықтау.
1
4
Адам экологиясының аксиомалары.
1
5
Антропоэкосистема - адам экологиясын зерттеудің объектісі.
1
ІІ.
Адам денсаулығы туралы қазіргі ұғым.
6
6
Адамның денсаулығына қоршаған орта факторларының әсері. Денсаулықты қалыптастыруда және сақтауда әлеумсеттік факторлардың маңызы. (диалог)
1
7
Өмір салты туралы түсінік. Өмір салтының адамның денсаулығын қалыптастыруға, сақтауға және нығайтуға тигізетін әсері. Салауатты өмір салтын ұстану мәселелері. Дене шынықтырудың, еңбек ету, демалу, тамақтану режимдерінің денсаулықты қалыптастырудағы маңызы. Зиянды әдеттердің әсері. Рухани денсаулық туралы ұғым.
1
8
Салауатты өмір салтын ұстану мәселелері.
1
9
Сауықтырудың дәстүрлі емес әдістері.
1
10
Фитотеропия, аромотерапия, апитеропия
1
11
Ағзаны сауықтырудың және рухани байытудың шығыстық әдістері.
1
ІІІ.
Атмосфералық ауаның адам ағзасына әсері.
2
12
Атмосфералық ауаның ағза тіршілігіндегі маңызы. Атмосфералық ауаның құрамы және қасиеттері. Атмосфералық ауа қысымының өзгеруі және оның адам ағзасына әсері. Ауаның температурасы, адам ағзасы мен орта арасындағы жылу алмасуы.
1
13
Атмосфералық ауаның ластануы. Ластанған ауаның тұрғындар денсаулығына және тұрмыс жағдайларына әсері. Атмосфералық ауаның ластануына туындаған ауқымды экологиялық проблемалар: қышқыл жаңбырлар, озон қабатының жұқаруы, климаттын жылынуы.
1
IV.
Микроклимат туралы түсінік.
1
14
Салқын және жылы микроклиматтың адам ағзасына әсері. Температуралық көрсеткіштердің гигиеналық талаптары. Микроклиматты жақсарту жолдары. Оқу орындарындағы микроклиматқа қойылатын талаптар.
1
V.
Топырақ - адамның тіршілік ортасының маңызды факторы.
1
15
Топырақтың адамзат тіршілігіндегі маңызы. Топырақтың құрамы мен қасиеттері. Топырақтың химиялық қосылыстарымен ластануы. Топырақтың биологиялық ластануы: топырақта кездесетін патогенді ағзалар, ластанған топырақтың эпидемиологиялық қаупі. Елді мекендерді тұрмыстық қалдықтардан тазарту мәселелері.
1
VI.
Қоршаған ортаның радиациялық ластануы және тұрғындар денсаулығы.
4
16
Радиациялық әсер туралы ұғым. Қоршаған ортаның радиациялық көрсеткіштері. Табиғи және жасанды радиоактивтілік. Радиоактивті қалдықтарды жою мәселелері. Радиоактивті заттардың адам ағзасына әсері. Радиоциялық ластанудың тұрғындар денсаулығына және тұрмыс-тіршілігіне әсері.
1
17
Қоршаған ортаның физикалық факторлардың адам денсаулығына әсері.
1
18
Қоршаған ортаның химиялық, биологиялық факторлардың адам денсаулығына әсері.
1
19
Қоршаған ортаның сапасын нормалау.
1
VII.
Тамақтану экологиясы
4
20
Тамақтану режимінің адам денсаулығын сақтаудағы және нығайтудағы маңызы. Тамақтанудың физиологиялық көрсеткіштері: азық-түліктің сапалық және сандық құрамы. Тамақтану нормасына байланысты тұрғындардың топтарға жіктелуі.
1
21
Азық-түліктің сапалық құрамы азық-түліктегі белоктың физиологиялық маңызы. Белок жетіспеушіліктің салдары. Азық-түліктегі майлар мен көмірсулардың физиологиялық маңызы, оларды шамадан тыс тұтынудың салдары. Азық-түліктегі минералды заттар, олардың адам денсаулығындағы маңызы. Азық-түлік - витаминдер көзі, витаминдердің адам ағзасының қалыпты тіршілігіндегі маңызы.
1
22
Азық-түліктегі улы химиялық қосылыстар және табиғаты бөгде заттар. Олардың адам ағзасына зиянды әсері. Азық-түліктегі канцерогенді заттар, тыңайтқыштар, металдар. Адамның азық-түлікпен улануы, улану түрлері. Патогенді микроорганизмдердің әсерінен бүлінген азықпен улану: уланудың түрлері, салдары, алдын алу шаралары. Азық-түліктегі өсімдіктекті улы заттардың адам ағзасына әсері. Жануартекті азық-түлікпен улану.
1
23
Денсаулықты жақсартуда дұрыс тамақтанудың манызы.
1
VIII.
Отбасы антропоэкологиялық зерттеуде.
2
24
Отбасы антропоэкологиялық зерттеуде. Сыртқы орта факторларының отбасына әсері.
1
25
Баланың қалыпты өсуі мен дамуын қамтамасыз ету проблемалары. Баланың денсаулығын қалыптастырушы факторлар. Балалардың денсаулығын бағалау әдістері. Акселерация. Дене шынықтырудың, демалыс және тамақтану режимдерінің бала денсаулығына әсері.
1
IХ.
Жыныстық революция
1
26
Жыныстық революция және оның салдары.
Х.
Антропоэкологияның демографиялық, ауылдық жерлер және қала мен қалашықтар ерекшеліктері
7
27
Қазақстанның экологиялық мәселелері және тұрғындардың денсаулық жағдайы.
1
28
Адам экологиясы демографиялық ақпаратты зерттеулердің ерешелігі.
1
29
Ауылдық жерлердің антропоэкологиялық ерекшеліктері.
1
30
Қала және қалашықтар. Қазіргі заманғы қалалардың өзекті мәселелері.
1
31
Қала тұрғындарының тіршілік ортасының ластануы.
1
32
Тұрғын үй - қала тұрғынының экологиялық жағдайы.
1
33
Адам экологиясы саласында практикалық қызмет
1
ХI.
Қауіпсіздік мәселелері
1
34
Антропогендік қызмет нәтижесінде - төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік дағдылары.
1
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиет:
-
Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека. - Ростов-на- Дону: Феникс, 2002. - 512 с.
-
Гигиена и экология человека/Под ред. Матвеевой Н.А. - М: Изд. центр "Академия", 2005. - 304с.
-
Агаджанян Н.А., Торшин В.И. Экология человека. Избранные лекции.-.М.: 1994.
-
Алексеева Т.И. Географическая среда и биология человека..- М.: 1977.
-
Орехов К.Н. Проблемы экологии человека..-.Ставрополь,.1998.
-
Прохоров Б.Б. Экология человека. Социально-демографические аспекты. - М.: 1991.
-
Матвеева Н.А. Экологически обусловленные изменения в здоровье населения: Учебное пособие. - Нижн. Новгород: Изд-во НГМА, 2000.
-
Маркович Д. Социальная экология. - М: Просвещение, 1991. - 176 с.
-
Т.Т. Ракишева, Әбшенова Л., Заирова Б. « Адам экологиясы».
Қосымша әдебиет:
-
Энциклопедический справочник медицины и здоровья. - М., 2004. - 960 с.
-
Справочник физиологических и лабораторных показателей здорового человека. - Актобе, 1995.
-
Сәтпаева Х.Қ., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов Э.А. Адам физиологиясы. - Алматы: Білім, 1995
-
Несіпбаев А. Адам және жануарлар физиологиясы. - А., 2001
-
Төлембеков И.М. Адам мен жануарлар физиологиясы. - А.: Білім, 2002
-
Гуминский А.А.и др. Руководство к лабораторным занятиям по общей и возрастной физиологии. М.: Просвещение, 1990
-
Коробков А.В. Атлас по нормальной физиологии. - М.: Высшая школа, 1987