- Учителю
- 6 сыныпқа арнлаған деңгейлік тапсырмалар
6 сыныпқа арнлаған деңгейлік тапсырмалар
А
1. Тірі ағзаларға не жатады? Оларды неліктен «тірі» дейді?
2. Тірі ағзалардың тіршілік үшін қандай маңызы бар?
1. Биология ғылымы, оның негізгі салалары туралы әңгімелеңдер.
2. Ғылымға еңбегі сіңген ғалымдарды атаңдар. Олардың қандай еңбегі бар?
3. Қорық деген не?
4. Еліміздегі басты қорықтарды атаңдар. Өзің қайсысында болдың? (болсаң қысқаша әңгімеле).
А
1. Пияздың мөлдір өңінен жасаған препараттан жасушаның анық көрінген бөліктерін атаңдар.
2. Жасуша қабықшасының атқаратын қызметі қандай?
3. Саңылау дегенді қалай түсінесіңдер, оның қызметі қандай?
В
1. Цитоплазманың қасиеті және оны неге тірі зат дейді?
2. Ядроның цитоплазмаға қарағанда айырмашылығы және жасушаға не үшін қажет?
3. Вакуоль қандай қызмет атқарады?
С
1. Тек өсімдіктерге тән денешіктерді атап, оның түрлерінің қайда кездесетінін сызбанұсқа (схема) немесе кесте сызып толтырыңдар.
2. Жасуша қабықшасының қасиетін талдаңдар.
3. Оқулықтың «біліміңді тексер» айдарында берілген кестені толтырыңдар.
А
1. Ұлпаға анықтама беріп, өсімдік ұлпаларын атаңдар.
2. Түзуші ұлпа өсімдіктің қай жерінде болады және қандай қызмет атқарады?
3. Жабын ұлпа нешеге бөлінеді, әрқайсысын жеке сипаттаңдар.
В
1. Неліктен қор жинаушы ұлпа дейді, өсімдіктің қандай мүшелерінде кездеседі?
2. Су жинаушы жасушалар қандай ұлпаға жатады, олар қандай өсімдіктерде болады, атқаратын қызметін түсіндіріңдер.
3. Тоз бен қыртыс қандай ұлпаға жатады, айырмашылықтарын жеке талдап беріңдер?
С
1. Негізгі ұлпалар қаншаға бөлінеді, әрқайсысына толық тоқталып сипаттаңдар. Кестеге сызып көрсетуге болады.
2. Түзуші ұлпаның басқа ұлпалардан ерекшелігі қандай?
3. Оқулықта «біліміңді тексер» айдарымен берілген тапсырмаға жауап қайтарыңдар. Оқулықты пайдаланыңдар.
А
1. Мүше дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай мүшелер болады?
2. Неліктен вегетативті мүшелер дейді? Вегетативті мүшелерді атаңдар.
3. Вегетативті мүшелер өсімдікке не үшін қажет?
В
1. Тамырдың қызметін атаңдар.
2. Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді, олар қайдан пайда болады?
3. Негізгі, жанама, қосалқы тамырлардың жиынтығы нені құрайды? Олардың айырмашылығы және қандай өсімдіктерде болады?
С
1. Қоректік заттарды қорға жинайтын тамырларды атаңдар. Жанама тамырлардың қызметі.
2. Тамыр жүйесі дегенге қалай түсінесіңдер, анықтамасын айтыңдар.
3. Шашақ тамыр жүйесі деп неліктен аталған, шашақ тамырлы өсімдіктер мен кіндік тамырлы өсімдіктерге мысал келтіріп, кестеге толтырыңдар.
А
1. Тамыр бөлімдерін ретімен атаңдар.
2. Тамыр түктері бар аймақты неліктен сору аймағы
деп атайды?
3. Тамыр оймақшасының тамыр бөліміне кірмейтінін
суретте жеке берілген тамыр оймақшасын талдау арқылы түсіндіріңдер.
В
1. Тамырдың ұшынан өсетінін дәлелдейтін тәжірибені түсіндіріңдер.
2. Бөліну аймағында неше қабат болады? Әр қабаттың ерекшелігін түсіндіріп, қай ұлпаға жататынын көрсетіңдер.
3. Тамыр оймақшасының қызметі.
С
1. Тамыр бөлімдерінің орналасуын сызбанұсқа арқылы көрсетіңдер.
2. Жанама тамырлар қай бөлімнен дамиды?
3. Жас жасушалары бөлінбейтін аймақты атаңдар, себебін түсіңдіріңдер.
А
1. Өсімдік қалай қоректенеді? Неліктен топырақ арқылы қоректену дейді?
2. Топырақта қандай элементтер өсімдікке қажет?
3. Азот өсімдікке не үшін керек?
В
1. Фосфор, калий өсімдіктің қай мүшесіне әсер етеді?
2. Тыңайтқыштардың қандай түрлерін білесіңдер?
3. Ормандағы ағаштарды неліктен жыл сайын кесуге болмайды?
С
1. Өсімдіктер қоректік заттарды қай кезде пайдаланады?
2. Органикалық және минералды тыңайтқыштардың түрлерін сызбанұсқа арқылы көрсетіңдер.
3. Өсімдіктің тіршілігі үшін қажетті заттарды атаңдар.
А
1. Түрөзгеріс деген не және оның қандай маңызы бар?
2. Түрін өзгерткен тамырлардың түрлерін атаңдар, өсімдік тіршілігінде қандай маңызы бар?
В
1. Түйнектамырдың жемтамырдан айырмашылығы қандай?
2. Емізік тамырлардың нағыз тамырлардан айырмашылығы неде?
С
1. Жемтамырлар қандай өсімдіктерде болады?
2. Тіреу тамырлар мен ауа тамырлары өсімдікке не үшін қажет?
А
1. Бүршік неліктен бастапқы өркен деп аталады, ішкі құрылысы бойынша дәлелдеп беріңдер.
2. Буын, буынаралық дегенді қалай түсінесіңдер?
В
1. Ұзарған өркен мен қысқарған өркеннің айырмашылығы неде, олар қандай қызмет атқарады?
2. Өсу бүршігі мен гүл бүршігінің айырмашылықтарын талдаңдар.
С
1. Қосалқы бүршіктер қайдан дамиды, қызметі қандай?
2. Бүршіктер нешеге бөлінеді?
А
1. Сабақ қандай қызмет атқарады?
2. Сабақтың түрлерін атаңдар.
В
1. Сабақтың ішкі құрылысындағы қабаттарды сипаттаңдар.
2. Жасымықша қай қабатта орналасқан, қандай қызмет атқарады?
С
1. Өзек қандай қызмет атқарады?
2. Қабық бөлімдерін, атқаратын қызметін талдаңдар.
А
1. Өсу нүктесі қайда болады, қай ұлпаға жатады, қандай қызмет атқарады?
2. Сабақтың ұшынан өсуін дәлелдейтін тәжірибені түсіндіріңдер.
3. Сабақтың бойлап өсуін тоқтатуға бола ма, болса қандай шаралар қолданылады?
В
1. Шырпуды қай кезде, қандай мақсатта жүргізеді?
2. Ағаш діңінің сүрек қабаты басқа қабатына қарағанда қалың болу себебі неліктен?
3. Сабақтың жуандауы қандай ұлпаға байланысты?
С
1. Жылдық шеңбер қалай түзіледі?
2. Жылдық шеңберден қандай құбылыстарды байқауға болады?
3. Бұтақтарға жылу, жарық, ылғал жетіспейтін себебі неліктен?
А
1. Өсімдік су мен онда еріген минералды заттарды қайдан алады және ол сабақтың қай қабатымен қозғалады?
2. Крахмалдың сабақ бойымен қозғалмай тын себебі және органикалық заттар сабақтың қай қабатымен қозғалады?
В
1. Минералды заттардың қозғалуын дәлелдейтін тәжірибені талдап беріңдер.
2. Органикалық заттардың қозғалуын қандай тәжірибемен дәлелдейсіңдер?
А
1. Шырынды сабақтар өсімдікте қандай қызмет атқарады?
2. Қырыққабат тың қауданы алып бүршік екендігін қалай дәлелдейсіңдер?
3. Жер асты өркендерді атаңдар, неліктен жер асты өркендер дейді, түрін өзгертуіне не себеп?
В
1. Тамырсабақтың тамырдан айырмашылығын кестеден талдаңдар.
2. Тамырсабақты қандай белгілеріне қарап өркен деп атайды?
3. Қандай пиязшықты, тамырсабақты, түйнекті өсімдіктерді білесіңдер?
С
1. Пиязшықтың құрылысын талдап беріңдер.
2. Түйнектің құрылысын талдап өркен екендігіне көз жеткізіңдер.
3. Картоптың түйнегі мен жуаның пиязшығын жеміс деп атауға бола ма? Дәлелдеңдер, олардың жемістері қалай аталатынын түсіндіріңдер.
А
1. Жапырақ қандай қызмет атқарады?
2. Жапырақтың сыртқы құрылысы қандай бөлімдерден тұрады? Әр бөлімі қандай қызмет атқарады?
В
1. Жүйкеленудің түрлері және атқаратын қызметі қандай?
2. Жапырақтардың сабаққа орналасуының түрлерін талдаңдар.
С
1. Жай жапырақ пен күрделі жапырақтарды ажыратып, мысал келтіріңдер.
2. Параллель жүйкелену мен доғалы жүйкеленудің айырмашылығы қандай?
А
1. Жапырақтың ішкі құрылысы қандай қабаттардан тұрады? Әр қабатын жеке-жеке сипаттаңдар.
2. Жанаспалы жасушалардың құрылысы, атқаратын қызметі қандай?
В
1. Жарықта және көлеңкеде өсетін өсімдіктердің ерекшеліктерін түсіндіріңдер.
2. Жапырақ өңінде хлорофилі бар жасушалар қалай аталады, сипаттаңдар.
С
-
Жанаспалы жасушалар деп неліктен аталады, оларда болатын тыныс саңылауының қызметі?
А
1. Фотосинтез қандай процесс?
2. Қант жапырақтың қай бөлімінде түзіледі?
В
1. Фотосинтез кезінде ең алғаш қандай зат түзіледі, содан соң қандай затқа өзгереді?
2. Қанттың жарықта түзілуін қандай тәжірибемен дәлелдейсіңдер? Жапырақтың фотосинтез жүретін бөлімі қандай ұлпаға жатады?
С
1. Фотосинтез кезінде оттегі бөлінетінін дәлелдейтін тәжірибені түсіндіріңдер.
2. Фотосинтездің тәжірибесін сызбамен түсіңдіріңдер (ретін сақтаңдар).
А
1. Өсімдіктер үшін судың маңызы қандай?
2. Жапырақтың суды буландыруын көрсететін тәжірибені түсіндіріңдер.
В
1. Жапырақтар ылғалды климатқа қалай бейімделген?
2. Ыстық күндері орман іші неге салқын?
С
1. Суды буландырудың маңызын түсіндіріңдер.
2. Шөл, шөлейтті жерлерге өсімдік жапырақтары қалай бейімделген?
А
1. Тікенге айналған жапырақты сояудан қалай ажыратуға болады, өсімдік үшін қандай маңызы бар?
2. Мұртшаға айналған жапырақтар қандай өсімдіктерде кездеседі, маңызын түсіндіріңдер.
В
1. Өсімдіктер неліктен бунақденелілермен қоректенеді, жапырақтары қалай өзгерген?
2. Қабыршаққа айналған жапырақтар қандай рөл атқарады?
А
1. Өсімдіктің өсу (вегетативті) мүшелерін атаңдар.
2. Өсу мүшелерінен көбейтудің қанша тәсілдері бар?
В
1. Тамырсабақ арқылы қалай көбейтеді?
2. Түйнек пен пиязшық арқылы қандай өсімдіктерді көбейтеді?
С
-
Жас өркендері арқылы қалай көбейтеді, суретті
талдап түсіндіріңдер.
-
Телу дегеніміз не және оның қанша тәсілдері
бар? Телудің маңызын түсіндіріңдер.
А
1. Гүлдің негізгі бөліктерін атаңдар.
2. Гүл сағағы, гүл табаны, тостағанша жапырақшалары қандай қызмет атқарады?
В
1. Күлте қайда орналасады? Ол қандай қызмет атқарады?
2. Аталықтың құрылысы, атқаратын қызметі?
С
1. Аналықтың құрылысы, атқаратын қызметі?
2. Гүл серігі деп қандай бөліктерін айтады және ол қалай бөлінеді? Мысалмен дәлелдеңдер.
А
1. Қос жынысты деп қандай гүлдерді айтады? мысал келтіріңдер.
2. Дара жынысты гүлдердің ерекшелігі неде, неліктен тек аталық гүл немесе аналық гүл дейді?
В
1. Бір үйлі, екі үйлі өсімдіктердің бір-бірінен айырмашылығын мысалмен талдап түсіндіріңдер.
2. Гүл формуласы қалай белгіленеді?
С
1. Жыныссыз гүлдердің ерекшелігі неде, мысал келтіріңдер.
2. Қос жынысты гүл мен дара жынысты гүлдердің сызбанұсқасын сызып, айырмашылықтарын түсіндіріңдер. Халықаралық және қазақша формуласын жазыңдар.
А
1. Гүлшоғырдың жеке гүлден айырмашылығы?
2. Жай гүлшоғырлардың түрлеріне жеке-жеке түсінік беріңдер.
В
1. Күрделі гүлшоғырлардың жай гүлшоғырдан айырмашылығы, түрлері?
2. Гүл мен гүлшоғырдың маңызы.
С
1. Жай масақ пен күрделі масақтың сызбанұсқасын сызып, айырмашылығын түсіндіріңдер.
2. Гүлшоғырдың анықтамасын және түрлерін атаңдар.
А
1. Жынысты көбеюге гүлдің қандай бөлімдері қатысады?
2. Тозаңдану деген не, оның қандай түрлерін білесіңдер?
В
1. Бунақденелілермен тозаңданатын өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері қандай?
2. Өсімдіктер жел арқылы айқас тозаңдануға қалай бейімделген?
С
-
Суретте бейнеленген тозаңдану
барысын айтыңдар.
2.Ұрықтану қай кезде жүреді?
Ұрықтану жолын түсіндіріңдер.
А
1. Жеміс гүлдің қай бөлімінен пайда болады (түзіледі), неше топқа бөлінеді?
2. Шырынды жемістер нешеге бөлінеді, әр түріне мысал келтіріңдер.
В
1. Неліктен құрғақ жеміс деп аталады?
2. Құлпынай жемісін не себепті шырынды жеміске жатқызбайды?
С
1. Бұршаққап пен бұршаққынның айырмашылығын түсіндіріңдер.
2. Жидек жеміс пен жидек тәрізді жемістерді сипаттап мысалмен дәлелдеңдер.
А
1. Қос жарнақты тұқымның құрылысын талдап беріңдер.
2. Ұрықтан өсімдік дамитынын қалай түсіндіріңдер?
В
1. Қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың құрылысын бір-бірімен салыстыра отырып сызбанұсқа арқылы түсіндіріңдер.
2. Дара жарнақтылардың тұқым жарнағы қандай қызмет атқарады?
С
1. Дара жарнақты тұқымның құрылысындағы ерекшеліктері қандай?
2. Ұрық қажетті қорек заттарын қос жарнақты тұқым мен дара жарнақты тұқымның қай бөлігінен алады?
А
1. Тұқымның өнуіне қажетті жағдайларды атап тәжірибені түсіндіріңдер.
2. Тұқым өнуі үшін қоректік заттарды қайдан, қалай алады?
С
1. Тұқымның өнуіне неліктен ауа қажет?
2. Жануарлар, жәндіктер, құстар арқылы таралатын жемістер мен тұқымдардың ерекшеліктерін түсіндіріңдер.
А
1. Өсімдіктер қалай тыныс алады? Қандай жағдайлар тыныс алуға әсерін тигізеді?
2. Тыныс алу қай кезде жылдамдап, қай кезде баяулайды?
В
1. Фотосинтез бен тыныс алуды неліктен бір-біріне қарама-қарсы процесс дейміз?
2. Өсімдіктердің тыныс алуын жақсарту үшін қандай шаралар жүргізу қажет?
С
1. Тыныс алу кезінде бөлінген энергия қайда жұмсалады?
2. Өнген тұқымы бар ыдыста майшам неге сөніп қалды?
А
1. Елді мекендерді, егістіктің айналасын неліктен көгалдандырады?
2. Жеміс ағаштарын қай кезде отырғызады, қандай түрлерін білесіңдер?
В
1. Бұталардың түрлерін атап, егу тәсілдерін түсіндіріңдер.
2. Жеміс ағаштарын күту үшін қандай жұмыстар жүргізіледі?
С
1. Қоршаған ортаға ағаштардың тигізетін падасы?
2. Егу үшін алынатын жеміс-жидек ағаштарының көшеттерінің мөлшері қандай болу керек?
А
1. Жануарлардың өсімдіктерден қандай айырмашылығы бар?
2. Денесі екі жақты симметриялы жануарлардың денесі сәулелі симметриялы жануарлардан қандай артықшылығы бар?
В
1. Жануарлардың тіршілік ортасы мен мекен ортасының арасындағы айырмашылықты мысалдар келтіріп түсіндіріңдер.
2. Мекен ортасына бейімделудің жануар тіршілігінде қандай маңызы бар? (Мысал келтіріңдер.)
С
-
Бақаның аяқтары екі жұп. Артқы аяқтары ұзын, саусақтарының арасында жарғақ бар. Осы бейімділігіне қарап бақаның мекен ортасы туралы әңгімелеңдер.
А
1. Біржасушалы қарапайымдар ғылымда қашан және қандай жағдайда белгілі болды?
2. Біржасушалылар табиғатта қай жерлерде көп таралған? Олардың қандай түрлері бар?
В
1. Біржасушалылар құрылысында, тіршілігінде бәріне ортақ қандай белгілері бар?
2. Біржасушалылар түрлерінің бір-бірінен ерекшеліктері қандай? Олар өз ішінде қандай топтарға жіктеледі?
С
1. Біржасушалылар түрлерінің орын ауыстырып қозғалу ерекшеліктерін түсіндіріңдер.
2. Кірпікшелі кебісшенің тұзды ортадан қашуы нені көрсетеді?
А
1. Біржасушалы жәндіктердің қоректену тәсілі жағынан жасыл өсімдіктерден ерекшелігі неде?
2. Жасыл эвгленаның өсімдікше қоректенуіне оның құрылысындағы қандай ерекшелігі мүмкіндік береді?
В
1. Эвгленада, амебада, кірпікшелі кебісшеде ас қорытылуының ортақ белгілері қандай?
2. Біржасушалылар қалай тыныс алады?
3. Кірпікшелі кебісшенің зиянды қалдықты сыртқа шығаруының амебадан ерекшелігі неде?
В
-
Бір жасушалылар қандай жолдармен көбейеді?
суреттерді пайдаланып, жасыл эвглена мен
амебаның жыныссыз көбеюінің ең негізгі, маңызды
ортақ белгілерін атаңдар.
С
1. Біржасушалылар қандай тәсілмен көбейеді? Оның мәнін түсіндіріңдер.
В
-
Суретті (сызбаны) талдап, жынысты көбеюдің
жыныссыз көбеюден қандай артықшылығы бар
екенін түсіндір. Ядроның жасушадағы рөлі қандай?
А
1. Біржасушалы жәндіктердің табиғатта қандай маңызы бар?
2. «Паразиттік тіршілік ету» дегенді түсіндір. Түрлі ауру тудыратын біржасушалыларды атап, қайсысы қандай ауру тудыратынын әңгімеле.
3. Безгек ауруын тудыратын қандай жәндік? Ол адамға қандай жәндік арқылы жұғады?
4. Лейшмания қандай жәндіктерге жатады? Ол қандай ауру тудырады? Құм шіркейлерінің бұған қандай қатысы бар?
В
1. Біржасушалар суды қалай тазартады?
2. Шағын бөгеттерге гамбузия балығын өсіру қандай ауруға қарсы жүргізілетін шара?
С
1. Біржасушалылар қандай жануарларға қорек болады? Оның адам үшін маңызы бар ма? Қандай?
2. Біржасушалы жәндіктердің мұнай қорының жасалуына қандай қатысы бар? Топырақ түзуде ше?
А
1. Ұлпа деген не? Жануарлар ағзасындағы ұлпалардың топтарын атаңдар.
2. Эпителий ұлпаларының қандай түрлері бар? Бұл ұлпалардың негізгі қызметін әңгімелеңдер.
3. Дәнекер және бұлшықет ұлпаларының түрлері мен қызметін әңгімелеңдер.
А
1. Жынысты көбеюге гүлдің қандай бөлімдері қатысады?
2. Тозаңдану деген не, оның қандай түрлерін білесіңдер?
В
1. Бунақденелілермен тозаңданатын өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері қандай?
2. Өсімдіктер жел арқылы айқас тозаңдануға қалай бейімделген?
С
-
Суретте бейнеленген тозаңдану
барысын айтыңдар.
2.Ұрықтану қай кезде жүреді?
Ұрықтану жолын түсіндіріңдер.
В
-
Жүйке ұлпасын түзетін жасушалардың құрылысы мен қызметін қысқаша сипаттап, олардың өзара тәуелділігін түсіндіріңдер.
С
-
«Жасуша-ұлпа-мүше-мүшелер жүйесі» тізбегінің біртұтастығын баяндаңдар.
А
1. Жануарлар тіршілігінде қоректенудің қандай маңызы бар?
2. Қоректің құрамындағы тіршілік үшін ең қажетті нәрлі заттарды атаңдар.
В
1. Бұларды неліктен «құрылыс материалы» дейді.
2. Қуат қайдан, қалай пайда болады? Оның «құрылыс материалына» қандай қатысы бар?