7


Сабақ жоспары №3 10 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:05.09.2015 ж 10-сынып.

Пәні:Биология.

Сабақтың тақырыбы: Жасушаның ашылуы және зерттеу тарихы. Жасуша лық теорияның негізгі қағидалары. Биологияның дамуы үшін жасушалық теорияның маңызы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды пластидтердің, митохондриялардың, хромасомалардың, вакуольдың , ядроның құрылысымен атқаратын қызметтерімен таныстыру.

Дамытушылық:Жасуша құрылысын ғылыми тұрғыда негіздей алу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды ғылымқұштарлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың пән аралық байланысы:математика

Сабақтың әдіс-тәсілі: интерактивті, сұбхат, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар.

Сабақтың түрі: ақпараттық

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа сабақты түсіндіру.

IV Бекіту.

V. Үйге тапсырма беру

VI. Бағалау



І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу. Сабақ мақсатымен таныстыру.

Үй жұмысын тексеру: Қараңғы өрісті микроскопия, Фазалы-контрасты (фазасы қарама-қарсы) микроскопия әдісі. Интерференциялы микроскопия әдісі ,Рентген сәулелерін сіңіру тәсілі турала әңгемелесу.

III.Жаңа сабақ:

Цитология-жасуша туралы ғылым. Жасушаны зерттейтін ғылымды цитология депа тайды. (грекше"цитос"-жасуша,"логос"-ғылым).Цитология ғылымы бір жасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын, құрамын және қызметін зерттейді. Ал жасуша бүкіл тірі денелердің ең қарапайым құрылысын,қызметін және дамуын сипаттайды.Сондықтан да цитологияның зерттейтін құрылыстары мен заңдылықтары цитология, тәнтану, эмбриология, физиология, генетика, биохимия, молекулалық биология жәнет.б. ғылым негіздерінің қалануына жолашты.

Цитология бөлімі-цитохимия пәні жасушаның химиялық құрамының құрылысын, олардың түзілуін,жасушадағы таралуы мен белсенділігін және оның қызметінің өзгеруіне байланысты химиялық қосылыстардың өзгеріп отыруын зерттейді.Цитхимияны ңнегізгі жетістіктерінің бірі-нуклеин қышқылдарының ақуыз молекуласын синтездеудегі генетикалық рөлін анықтау. Жасушаның белсенді қызметіне байланысты ақуыздың өзгеріске ұшырау себептерін және олардың зат айналымындағы рөлін зерттеу де цитохимияның үлесінетиеді.Бұдан біз цитология ғылымының көпсаланы қамтитынын байқаймыз.Өзінің даму бағытында цитология тек биологиямен ғанаемес,сонымен қатар медицина,ауылшаруашылық,химия,физика,математикажәнет.б. ғылымдармен де тығыз байланысты.

Бұл ғылымдардың жетістіктері мен әдістері цитологиялы қзерттеулерде кең көлемде қолданылады.Сондай-ақ цитологияның жетістіктері көптеген ғылымны ңнегізін салуда маңызды рөл атқарады.Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының жасалуы алдында ағзаның жасушалы құрылысты екендігі туралы өте маңызды жаңалық ашылған болатын. Осы ашылған жаңалық органикалық дүние бірлігінің өте нанымды дәлелінің бірі болды.Осындай дәлелді өсімдіктер мен жануарлардың жасуша құрылымының ұқсастықтарынан да көруге болады.

Жасуша теориясының ашылуы.

Жасуша теориясы дегеніміз-тіршіліктің негізін құрайтын жасушалардың құрылымы, көбеюі және көпжасушалы ағзаларды қалыптастырудағы қызметі туралы жинақталған ұғым.Жасуша теориясының даму тарихы 300 жылға созылды. Оны зерттеуде әртүрлі оптикалық әдістердің дамуы микроскоптың жетілдірілуінен егізделді.Алғашқы микроскопты 17 ғасырда ағылшын физигі Роберт Гук (1635-1703ж.) жасаған. Ол микроскоппен 1662 жылдан бастап түрлі объектілерді:тығыншұрықтарын (пораларын),қымыздық,қамыс және басқалардың ішкі қуыстарын көрді. Гуктің микроскопы қаралатын затты жүзеседен астамғана үлкейтіп көрсететін болған. Роберт Гук өсімдіктерді микроскоп арқылы қарапотырып,олардың ұлпаларынан ара ұясы тәріз денген құрылыстытапқан.Ол осы ұяларды грек сөзімен "целлюл-ла"-"жасуша" деп атады. Бұлжерде Роберт Гук тіршілігін жойған жасушалардың ұяшығын ғана көргенеді. 17 ғасырдың 70-жылдарынан бастапголландық Антони Ван Левенгук объектіні үш есе үлкейтетін микроскоп жасап,оның көмегімен судағы бір жасушалы ағза-кірпікшелі кебісшені тұңғыш рет көрді. Тірі жасушаны алғаш рет 1839 жылы чех ғалымы Ян Пуркинье көргенеді. Ол жасушаның ішіндегісұйықты протоплазма немесе алғышқы плазма деп атады.Қазір протоплазма тек тарихи дерекретін де ғана пайдаланылады,оны ғылыми тілде цитоплазма дейді. Протоплазма дегеніміз-жасушаішіндегісұйықтық пен ядро.Роберт Броун жасуша протоплазмасының тұрақты бөлігі-ядроны ашты.19 ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктердің жасушалары кеңінен зерттеліп,олардан алынған мағлұматтар 1838-1939 жж.ботаник Маттиас Шлейден мен зоолог Теодор Шваннға жасушалардың құрылысы туралы ортақ қортынды жасауға мүмкіндік берді.

Олардың тұжырымдауы бойынша,өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрылыстары өте ұқсас және тіршіліктің дербес иесі екендігі,тірі ағзаның ең ұсақ бірлігі,сонымен қатар жасушасыз тіршілік болмайтындығы туралы ғылымға дұрыс түсінік берді. Осыдан кейін жасушаның тіршілік үшін маңыздылығы терең және жан-жақты зерттеле бастады. Мәселен,1858 жылы Рудольф Вирхов әрбір жасуша өзіндей жасушаның бөлінуі арқылы пайда болатынын анықтады.Карл Бэр сүтқоректілердің жұмыртқа жасушасын ашып,көпжасушалардың дамуы біржасушадан басталатынын және аталық сперматозоид пен аналық жұмыртқа қосылғанда,зигота түзетінін анықтады.

К.Бэрдің бұл жаңалығы жасушалардың ағза дамуындағы маңызын дәлелдеді. Тірі ағзалар жасушаларының химиялық құрамы мен зат алмасуының ұқсастығының ашылуы жасуша теориясын дамытып,барлы қорганикалық әлемнің шығутегі мен эволюциялық дамуының бір ыңғай екенін дәлелдей түсті.Сонымен жасуша теориясының негізгі қағидалары төмендегідей:1)жасуша-барлық тірі ағзалардың ең кіші негізгі өлшемі: 2)әртүрлі ағза жасушаларының құрылысы, химиялық құрамы,зат алмасуы және негізгі тіршілік әрекеттері ұқсас: 3)жасушалар бастапқы(аналық)жасушаларының бөлінуі арқылы пайда болады.



Бағалау.

Үйге тапсырма: Берілген қосымша материалды оқу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал