- Учителю
- Гүлдер әлеміндегі қызықтар Жақсыбай Ардақ Ермекқызы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саға мектеп-балабақшасының биология пәні мұғалімі
Гүлдер әлеміндегі қызықтар Жақсыбай Ардақ Ермекқызы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саға мектеп-балабақшасының биология пәні мұғалімі
Бекітемін: Г.Бахтыгереева
Сынып:6
Мерзімі:
Гүлдер әлеміндегі қызықтар
Мақсаты: гүлдер әлеміндегі қызықты көріністерді видиокөрініс арқылы көрсету, «сағат гүлдер» туралы мағлұмат беру.
Уақытты білдіретін «сағат гүлдер жайлы» естігендерің бар ма? Гүлдер белгілі бір уақытта ашылып, жабылады. Қазақстанда «сағат гүлдердің » көп түрі өседі. Гүлдің ашылып, жабылуын оның тітіркенуін, қозғалысын білдіреді. Бұл көріністі кестемен былайша көрсетуге болады.
№
Өсімдіктердің аттары
Ашылу уақыты (сағат бойынша)
Жабылу уақыты (сағат бойынша)
1
Шашыратқы
4-5
14-15
2
Қырмызыгүл
9
15-16
3
Желімсабақ
(қалампыр)
9
20-21
4
Бақбақ
5-6
14-15
5
Итмұрын
4-5
19-20
6
Көкнәр
5
14-15
7
Ақтұңғиық
7-8
17-18
8
Зығыр
6-7
16-17
9
Картоп гүлі
6-7
14-15
10
Түңгі шегіргүл
19-20
2-3
11
Хош иісті темекі
20-21
2-3
Есіңде сақта: егер «батпақ ботакөзі» деп аталатын, майда көк гүлді өсімдікті темекі түтініне ұстап тұрса, оның көкшіл гүлдері жасыл түске енеді.
Қызықты деректер: қазтамақ, шырайгүл және арыстан ауыз сияқты салқын маусымға төзімді біржылдық өсімдіктер күндіз, ауа райы жылы кезде жақсы өседі.
Біржылдық өсімдіктердің ішіндегі салқынға ең шыдамдысы - төзімді біржылдық өсімдіктер. Олар жұмсақ аяз бен кейбір аязды ауа райына тіршілігін тоқтатпай төтеп береді.
Ауа райы қолайлы болған жағдайда кейбір біржылдық гүлдер көпжылдық гүлдер сияқты өседі.
1-тапсырма.
Кестеде берілген өсімдіктердің ерекше белгілерін белгілеп келіңдер.
Өсімдік атауы
Аталық
Аналық
Тостақанша
Күлте
Дұрысгүл
Бұрысгүл
Асқабақ
Қияр
Қызанақ
Баклажан
Картоп
2-тапсырма.
Сөзжұмбақ «Гүл»
-
1
2
3
4
5
6
-
Гүлдің тостақаншасы мен күлтесінің атауы?
-
Гүл бөлімінің жіңішкерген жері?
-
Ұсақ гүлдердің топтанып орналасуы?
-
Қысқарған сабақтан өсіп шығатын, бір ғана буын аралығынан тұратын, ұшы гүл немесе гүлшоғырымен бітетін сабақша?
-
Гүлдің барлық бөлімдері орналасатын орын?
-
Ашылмаған бітеу гүлдің екінші аты?
3-тапсырма.
Берліген суреттерге қарап әңгіме құра.
Үйге тапсырма.
Ғаламтор беттерінен, газет - журналдардан гүлдер туралы қызықты да құнды мәліметтер жинап келу.