7


Сабақ жоспары №32 11 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: Сынып: 11 Пәні: биология

Сабақтың тақырыбы: Архей заманында Жерде тіршіліктің дамуы. Протерозой заманында Жерде тіршіліктің дамуы.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Тірі табиғаттың пайда болуы мен шығу тегінің ақиқаттығына көз жеткізіп, дұрыс дүниетанымдылықты қалыптастыру. ә) дамытушылық: Тіршіліктің пайда болу теориясын талқылау арқылы оқушылардың алған білімдеріне сүйене отырып, оларды пікірсайысқа қатыстыру. Ф.Реди, Л.Пастер және т.б. тәжірибелерінің нәтижелерін талдап, оқушылардан өз беттерінше қорытынды жасау біліктерін тексеру.

б) тәрбиелік: Оқушыларды қызығушылыққа, ізденуғе және ойлауға үйрету.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративті

Пәнаралық байланыс: География, химия т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сөз тізбегі, таратпа материалдары

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин.

Оқушылармен сәлемдесіп, топты түгелдеу. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау: 7 мин.

Бақылау сұрақтары:

Биологиялық регрестің биологиялық прогрестен қандай айырмашылығы бар?

  1. Дегенерацияның қанша жолы бар?

  2. Погонофораларда ас қорыту мүшесі болмаса денесіне ас қалай қорытылады?

  3. Дивергенция қандай процесс? Мысалмен дәлелдеңдер.

  4. Паразит құрттардың жойылған мүшелердің орнына пайда болған мүшелердің құрт үшін қандай маңызы бар?

  5. Өсімдіктердің паразиттік түрлері қандай?

  6. Арамсояу немен және қалай қоректенеді?

  7. Арнольди раффлезиясы гүлі қандай?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: 20 мин.

Жер тарихының шежіресі

Эволюциялық процестің болғандығын ертедегі тіршілік жайлы ғылым - палеонтология көз алдымызға елестетеді. Палеонтолог ғалымдар геологиялық замандарда жер қабатындағы тасқа айналып сақталып калған организмдердің каңқа қалдықтарын зерттейді. Сондықтан геологиялық қабаттар Жер тарихының шежіресі болып саналады. Қазба қалдықтар мен тау жыныстары қабатының жасын айыру үшін геохронология әдісі колданылады. Әрбір геологиялық заманның өзіне тән өсімдіктері мен жануарларының қалдықтарын анықтау үшін, қабаттардың орналасу тәртібінің нұсқасын жасайды. Жердің ертедегі қабатының жасын айыру үшін радиоактивті изотоптарды пайдаланады. Ғалымдар организмдердің пайда болу реттілігін және жер қыртысы қабаттарының жасын ажыратып, ғаламшар тарихының хронологиясын (тарихи оқиғаның уақытын белгілеу), тіршіліктің тарихи дамуын сипаттап жазады.

Жер тарихы (ұзақ уақыт аралығы) - заманға, заман - кезеңге, кезең-дәуірге, дәуір-ғасырға бөлінеді. Заманның аттары:

Криптозой

1. Архей - ежелгі заман

2. Протерозой - алғашқы тіршілік

Фанерозой

3. Палеозой - ертедегі тіршілік

4. Мезозой - ортадағы тіршілік

5. Кайнозой - жаңа өмір

Архей заманында тіршіліктің дамуы

Архей заманында аспанды түнерген қара бұлт қаптап, найзағай жарқылдап, жанартаулар атқылаған. Ауада оттек болмаған, көмірқышқыл газының көптігі тіршілікке қолайсыз болған. Миллиондаған жылдар өткенде жылы суда мембранасы мен ядросы жоқ тірі нәруыздың түйірлері, іркілдек тамшылар пайда болып, суда еріген органикалық заттарды бүкіл денесімен сіңіре бастаған. Осылайша алғашқы тірі организмдер - гетеротрофтар (дайын органикалық қосылыстармен қоректенушілер) пайда болған. Канада, Аустралия, Африка, Орал, Сібірден табылған бағана тәрізді әкті түзілістер строматолиттер (ертедегі шөгінді жыныстар) көк-жасыл балдырлар мен бактериялардың әрекеті екендігі анықталған.

Көк-жасыл балдыр Архей заманында тіршілік еткен. Көк-жасыл балдырлар мен бактериялар архей заманында тіршілік еткен. Көк-жасыл балдырлар мен бактерияларда оқшауланған ядро болмаса да көбеюге қабілетті болған. Жер бетіндегі тіршілік эволюциясында фотосинтез процесінің рөлі өте зор, өйткені фотосинтез органикалық дүниенің жануарлар және өсімдіктер деп бөлінуіне себепші болды. Ең алғашқы фотосинтездеуші организмдер прокариоттар - көк-жасыл балдырлар болды. Ауаға мұхиттан бос оттек бөліне бастады. Тірі табиғат эволюциясындағы басты ароморфоз (күрделі өзгеріс) фотосинтез процесінің жүруімен тығыз байланысты. Архей заманының соңында шоғырлы (колониялы) балдырлардың тіршілік еткендігіне Аустралия мен Африка құрлығынан тасқа айналған олардың қалдықтарының табылғаны дәлел бола алады. Архей мен протерозой заманының ауысатын кезеңінде екі ірі эволюциялық өзгеріс болғандығы анықталды.

1. Жыныстық жолмен көбею процесінің пайда болуы.

2. Көп жасушалы организмдердің пайда болуы.

Көп жасушалылардың бір тобы - белгілі бір орынға бекініп тіршілік етуге бейімделіп, губка тектес организмдерге айналды. Олардың екінші тобы - кірпікшелерінің көмегімен козғалып, олардан жалпақ құрттар пайда болды; үшінші еркін жүзіп тіршілік ететін, ауыз қуысы бар организмдер тобынан - ішекқуыстылар келіп шықты.

Протерозой заманында тіршіліктің дамуы

Қандауырша Протерозой заманында тіршілік еткен - Жердің тарихи дамуындағы ең ұзаққа созылған заман. Архейде пайда болған прокариоттар - көк-жасыл балдырлар және бактериялармен қатар бір жасушалы жасыл балдырлар пайда болды. Бұлар нағыз эукариотты организмдер болып саналады.Протерозой заманында тіршілік еткен организмдердің басым көпшілігі - теңіз ішекқуыстылары, буылтық құрттар, ұлулар болды. Бұл заманның соңында хордалылар пайда болды. Олардың бір өкілі қандауырша (ланцетник) осы күнге дейін тіршілік етеді. Протерозой заманындағы хордалылардың пайда болуы ең ірі ароморофоздық құбылыс, өйткені ароморфоздың ерекшеліктері:

  • бұлшық еттері бекіну үшін тірек болатын хорданың пайда болуы;

  • түтік тәрізді орталық жүйке жүйесінің болуы жануарлардың белсенділік қабілетін арттырады;

  • суда тыныс алатын желбезектің дамуы.

Бұл күрделі ароморфоздық белгілер хордалылардың жаңа кластарының пайда болуына себепші болды. Протерозой заманында табылған жыныстардан фотосинтез процесінің нәтижесінде су мен атмосферада оттектің көп жиналғандығы анықталды. Бактериялар мен бір жасушалы балдырлардың тіршілік әрекетінен су жағалауларында топырақ түзілу процестері байқала бастады.

Палеозой заманындағы тіршіліктің дамуы

Палеозой заманы - 6 кезеңнен тұрады:

  • кембрий,

  • ордовик,

  • силур,

  • девон,

  • тac көмір,

  • пермь.

Кембрий кезеңі

Кембрий (организмдердің қалдығы алғаш табылған жердің аты) кезеңі. Бұл кезеңде топырақ болмағандықтан тіршілік, негізінен, сулы ортада дамыды. Өсімдіктерден жасыл диатомды, алтын түсті балдырлар теңіздерде еркін жүзіп, ал қызыл, қоңыр балдырлар теңіз түбіне бекініп тіршілік еткен. Кембрийдің бас кезінде құрлықтан шайылған тұздар теңіз суының тұздылығын арттырып, әсіресе теңізде кальций, магний тұздарының мөлшері көбейе бастаған. Мұндай минералды тұздарды теңіз жануарлары денесіне еркін сіңіреді. трилобиттер Кембрий кезеңінде тіршілік еткен

Бұл кезеңде буынаяқтылардың ертедегі өкілі (осы күнгі құрлықта кездесетін есекқұртқа ұқсас) - трилобиттер пайда болды. Оның денесі хитинді-сауытты, 40-50 бунаққа бөлінген, теңіз түбінде жорғалап жүріп тіршілік еткен. Кембрийде - губкалардың түрлері, маржандар, ұлулар, теңіз лилиясы, кейініректе теңіз кірпісі пайда болды. Сондықтан да кембрийді - омыртқасыздардың даму кезеңі деп атайды.

Ордовик кезеңі

Ордовик (қазба қалдықтар табылған жерді мекендеген тайпалардың аты) кезеңі. Бұл кезеңде теңізде коңыр, кызыл балдырлар, трилобиттер тіршіліктерін жалғастырып дами берді. Бауыраяқты ұлулар Ордовик кезеңінде тіршілік еткен. Қазіргі сегізаяқ, кальмарлардың туысы алғашқы басаяқты ұлулар пайда болды, сонымен бірге иықаяқты, бауыраяқты ұлулар да тарала бастады.

Басаяқты ұлулар Ордовик кезеңінде тіршілік еткен

Тұщы су жағалауларында өсетін споралы өсімдік - псилофиттер өсе бастады. Геологиялық қабаттардан қазіргі миногалардың, миксиндердің арғы тегі болып саналатын жақсүйексіз омыртқалылардың қаңка қалдықтары табылды.

Силур кезеңі

Силур (тайпаның атауы) кезеңі. Бұл кезеңде тау түзілу процесі қарқынды болғандықтан құрлықтың көлемі артты, ең алғашқы омыртқалылар пайда болды. Буынаяқтылардан ұзындығы 2 метрге жететін 6 жұп аяғы бар, оның ауыз айналасына орналасқан ең алдыңғы жұбы, қорегін ұстап ұсақтау үшін қысқышқа айналған алып құршаяндар тіршілік ете бастады. Силурда ішкі қаңқасы шеміршекті, денесі сүйекті сауытпен қапталған алғашқы омыртқалы жануарлар - сауытты балықтар пайда болды. Олардың жұп жүзбеқанаттары болмағандықтан су түбінде жатып тіршілік етті. Олар тек пішіні жағынан балыққа ұқсағанымен шын мәнінде жақсүйексіздер (дөңгелекауыздылар) класына жатқан. Өте баяу қозғалуы ары қарай дамуына мүмкіндік бермей бірте-бірте жойылды.

Миногалар. Осы күні дөңгелекауыздылар - миногалар мен миксиндер сол сауытты балықтардың жақын туысы болып саналады. Судың азайып таяздануынан ең алғаш құрлыққа шыққан өсімдік - псилофиттердің құрылысы көп жасушалы жасыл балдырларға ұқсас болған, олардың нағыз жапырақтары болмаған. Олар жіңішке жіп тәрізді өскіншелері арқылы топыраққа бекініп, су мен минералды тұздарды сіңірген. Өсімдіктердің құрлықка шығуы, эволюцияның ең негізгі күрделі өзгеріс кезеңі болды. Бактериялар мен көк-жасыл балдырлардың әрекетінен құрлықта псилофиттер қорек қорын алатын биогенді қабат - топырақ түзіле бастады. Ең алғаш құрлықта псилофиттермен қатар өрмекшітектес буынаяқтылар да тіршілік ете бастады.

Девон кезеңі

Девон кезеңін Оңтүстік Англияның Девоншир графтық атағының құрметімен атаған. Девон кезеңін - балықтар кезеңі деп те атайды. Бұл кезеңде теңіздің көлемі азайып, ауа райы құрғап, шөлді-шөлейтті жерлер көбейе түсті.

Акула. Теңіздерде шеміршекті (осы күнгі акулалар, тұтас жүзбеқанаттылар, химералар) және сүйекті балықтар пайда болды. Жүзбеқанаттарының құрылысына қарай сүйекті балықтар сәулеқанаттылар (жүзбеқанаттары желпеуіш тәрізді) және саусаққанаттылар (жүзбеқанаттары саусаққа ұқсайды) деп бөлінді. Саусаққанатты балықтардың жүзбеқанаттары етті әрі қысқа, олар: 2 көкірек, 2 құрсақ жүзбеқанаттарының көмегімен жүзіп қана қоймай, суы құрғай бастаған көлдерден су іздеп жорғалап жүруге де бейімделген. Тым таязданып кеткен суларда олар атмосфералық ауамен тыныс алуға бейімделе бастады. Олар қан тамырларымен торланған торсылдағы арқылы тыныс алды. Жұп жүзбеқанаттары біртіндеп жүруге көбірек икемделіп 5 саусақты аяққа, ал торсылдағы өзгеріп өкпеге айналған. Көпке дейін саусаққанатты балықтарды палеозойдың соңғы кезенінде жойылып кеткен деп келген еді. Бірақ 1938 жылы Оңтүстік Африканың мұражайына ұзындығы 1,5 метр, салмағы 50 кг балық тапсырылған. Ғалымдар латимерия бұдан 300 млн жыл бұрын пайда болған деп есептейді. Латимерияның дене кұрылысында қосмекенділердің, басқа да омыртқалы жануарлардың (5 саусақты аяқтары) белгілері сақталған.

Стегоцефалдар Девон кезеңінде құрлыққа шыққан. Девонның соңында саусаққанатты балықтардан алғашқы қосмекенділер - стегоцефалдар кұрлыққа шыққан. Девон кезеңінде өсімдіктерден-споралы қырықбуындар, плаундар, қырықжапырақтар пайда болды. Тұқымды қырықжапырақтар көптеп тарала бастады. Құрлықтағы жасыл өсімдіктер ауаны оттекпен байытып әрі жануарларды қорекпен де камтамасыз етті.

Тас көмір кезеңі

Тас көмір кезеңі - жерде тас көмірдің қалың қабаты болғандықтан солай аталған. Бұл кезеңде ауа райы ылғалды, жылы болып, батпақты жерлердің көлемі арта бастады. Биіктігі 30-40 м ені 1-2 м ағаштектес плаундар-лепидодендрон мен сигиллярия, каламиттер қалың орман болып өскен. Тас көмірдің орта кезінде жер бетінде өсімдіктер кеңінен таралды. Тұқымды қырықжапырақтардан ашықтұқымдылар таралып, эволюцияда өсімдіктердің тұқыммен көбею жолы пайда болды. Девонның соңында пайда болған стегоцефалдар (сауытбасты қосмекенділер) кең тарала бастады. Стегоцефалдардың дене пішіні қазіргі тритондар мен саламандраларға ұқсаған әрі олар уылдырық шашып көбейген. Олардың итшабақтары суда дамыған әрі желбезекпен тыныс алғандықтан қосмекенділердің дамуы осы күнге дейін сумен тікелей байланысты.

Пермь кезеңі

Пермь кезеңінің аты сол кезеңнің тау жыныстары табылған қаланың атымен аталған. Пермь кезеңінде тау сілемдері түзіліп, құрлықтың көлемінің ұлғаюы ауа райының өзгеруіне де әсер етті. Экваторда ылғалды тропиктік, одан солтүстікке қарай ыстық әрі құрғак ауа райы болғандықтан, батпақты, ылғалды жерде өскен ормандар, кырықбуындар, қырықжапырақтар, плаундар біртіндеп азайып жойылды. Олардың орнын тұқымды өсімдіктер басты. Ең алғашқы тұқымды өсімдіктер - ашықтұқымдылар болды. Жануарлар дүниесінде де едәуір өзгерістер байқалды. Трилобиттер, палеозой маржандары, құрғақ ауа райына төзе алмаған қосмекенділер де жойылды.

Тритон. Тек бақа, құрбақа, тритон, саламандра</, аяқсыз космекенділер ғана сақталып қалды. Жойылған қосмекенділердің орнына құрлықка жақсы бейімделген терісі мүйізді қабыршақпен немесе сырты қатты кабықпен қапталған, сары уызға бай жұмыртқа салып көбеюге бейімделген, тыныс алуы, қан айналымы жақсы жетілген бауырымен жорғалаушылар пайда болды. Олар жер бетіне кең тарала бастады. Бауырымен жорғалаушылардың ішінде қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың аралық формасы ұзындығы 25 см, денесі кесірткеге, басы бақаға ұқсаған балықпен қоректенетін бақакесірткелер тіршілік етті.

IV. Жаңа сабақты бекіту, қорытындылау: 3- 4 мин.

«Палеонтолог» сөзжұмбағы

1. Алғашқы тіршілік қалай аталады?

2. Ежелгі заман.

3. Ең алғаш құрлыққа шыққан өсімдік.

4. Ұзындығы 1,5 м, салмағы 50 см балық қалай аталады?

5. Қазба қалдықтар табылған жерді мекендейтін тайпалардың атындағы кезең.

6. Балықтар кезеңі қай кезең?

7. Жерде тас көмірдің қалың қабаты болғандықтан аталған кезең.

8. Ортадағы тіршілік.

9. Биіктігі 30-40 м, ені 1-2 м ағаш тектес плаун аты.

10. Жаңа өмір.

11. Алғаш пайда болған тірі организмді не деп есептеген?

V. Бағалау. 1 мин.

Оқушыларды сабаққа қатысуы бойынша бағалаймын.

VІ. Үй тапсырмасын беру. 1 мин.

§24. «Жер тарихы және оны зерттеу әдістері. Жер тарихының шежіресі.

§25. Палеозой заманында тіршіліктің дамуы. тақырыптарын оқып, реферат жазып келу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал