- Учителю
- Урок по биологии на тему 'Жемістер'
Урок по биологии на тему 'Жемістер'
Сабақтың тақырыбы Жемістер
Сабақтың мақсаты :
-
Жемістер туралы түсінік беру
-
Жемістердің түрлерін , жіктелуін білу.
-
Өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі : Кестелер , жемістер коллекциясы ,интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі : түсіндіру ,ізденіс .
Сабақтың құрылысы :
1 . Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеп, сабақтың мақсатымен таныстыру .
Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1 . Жынысты көбею дегеніміз не?
2 . Тозаңдану жолдарын мысал келтіре отырып түсіндіру. (№ 1 Кесте арқылы түсіндіру )
3 .Суретте берілген тозаңдану түрлерін анықта.
4.Гүлді өсімдіктердің тозаңдану жолдары симатикалық картамен жұмыс.
Тозаңдану жолдары
Өздігінен Айқас тозаңдану
Бунақденелілер арқылы Жел арқылы № 1 - Кесте
Суретте берілген тозаңдану түрлерін анықта. № 45 - сурет
Гүлді өсімдіктердің тозаңдану жолдары. Симатикалық карта толтыру.
№
Өсімдік атауы
Айқас тозаңдану
Өздігінен тозаңдану
бунақденелілермен
желмен
1
Тары
+
2
Жүгері
+
3
Шие
+
4
Қант қызылшасы
+
5
Лимон
+
6
Жер жаңғағы
+
Тексеру таблицасы арқылы бірін - бірі тексеру , бағалау.
6 балл - «5»
5 балл - «4»
3- 4 балл- «3»
IIІ. Жаңа сабақ.
1. Жаңа сабақ бойынша үйге алдын ала озық технология бойынша « Қызықты жемістер» тақырыбына презентация жасауға тапсырма берілген еді . Оқушының презентациясын қорғауы. 2 -слайд .
Презентациядан көргендеріңдей бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашыңыздар.
Сабағымыздың тақырыбы жемістер туралы болмақ.
Жемістер - өсімдік гүлдеп болғаннан кейін аналық жатыны сақталады да , ұрықтанып жеміске айналады. № 2 Слайд арқылы түсіндіру. Өсімдік гүлдеп болғаннан болғаннан кейін ұрықтанған аналықтың жатыны жеміске айналады.Жемістің түзілуіне жатынымен бірге гүлдің басқа да бөліктері қатысады.Жеміс қабырғасы сыртқы , ортаңғы ,ішкі қабаттардан тұрады.Барлық гүлді өсімдіктердің жемістері шырынды және құрғақ деп 2 топқа бөлінеді: Шырынды жемістер шырыны мол , жұмсақ болады. Олар жидек , жидек тәрізді , сүйекті шырынды деп бөлінеді.Құрғақ жемістердің қабығы қатты , сүректенген , құрғақ болады. Құрғақ жемістер бұршаққап , бұршаққын ,қауашақ, қанатты жеміс , дәнек ,тұқымша ,жаңғақ ,жинақталған жемістер тобы болып бөлінеді. № 3 слайд .
3 . № 14 .Зертханалық жұмыс.
Тақырыбы : Жемістерді анықтау
Көрнекілігі : Бидай , асбұршақ , күнбағыс тұқымшасы , шие , алма ,үйеңкі , емен жаңғағы .
Берілген жеміс түрлерін анықтап кестені толтыру.
№
Өсімдік атауы
Шырынды
Құрғақ жеміс
Жеміс атауы
1
Бидай
+
Дәнек
2
Асбұршақ
+
Бұршаққап
3
Күнбағыс
+
Тұқымша
4
Шие
+
Сүйекті шырынды
5
Алма
+
Жидек
6
Үйеңкі
+
Қанатты жеміс
7
Емен жаңғағы
+
Жаңғақ
Зертханалық жұмыс нәтижесін талдау.
IV. Пысықтау . Жемістер әлеміне саяхат
«Кім жылдам » ойыны . Сұрақтарға жауап беру.
1 .Жеміс дегеніміз не ?
2 .Жемістерді неше топқа бөлеміз ?
3 .Шырынды жемістің ерекшелігі неде ?
4 .Шырынды жемістің неше түрі бар ?
5 .Жидек жемістің құрылысы қандай ?
6 .Жидек тәрізді жемістің құрылысы қандай ?
7 .Құрғақ жемістің неше түрі бар ?
8 .Қанатты жемістің ерекшелігі неде ?
Мына жемістерді түрлеріне қарай жұптаңыз. Сәйкестігін табу.
А) Шырынды , жидек 1 .Бидай
Б) Шырынды , сүйек 2. Өрік
В) Құрғақ дәнек 3. Күнбағыс
Г) Құрғақ тұқымша 4 . Жүзім
Д) Құрғақ бұршаққап 5 .Асбұршақ
Тексеру
V . Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма & 26. 84 бет «Ақтөбе облысында өсірілетін жеміс түрлері » хабарлама дайындау.