7


Сабақ жоспары №38 9 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні.:

Сынып:10

Сабақтың тақырыбы:Организмдердің жеке дамуы- онтогинез

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Көбею, оның түрлері, биологиялық маңызы, көбеюдің сатылары. Өмірде осы үрдіске қажетті жағдайларды түсініп біле жүру.Оқушылардың "Көбею" тақырыбы бойынша білімділігін көрсету.

Дамытушылық: Өз бетінше тұжырым, қорытынды жасауға үйрету.

Тәрбиелік:

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: өз бетімен жұмыс әдісі, сұрақ-жауап

Пәнаралық және ғылыми байланыс: медицина

Көрнекіліктері: оқулық, слайдтар, компьютер,

С абақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 1 мин

А) сәлемдесу

Б) түгендеу

В) Үй жұмысына шолу 10минут

ІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту. 30 минут

компьютер, слайдтарды талдау.

Үй жұмысына шолу 10минут

Сұрақ жауап

  1. Тозаңқап, тозаң түтікшесі, аналық түйін, аталық жіаше дегенді қалай түсінесіңдер, сипаттам беріңдер

  2. Эндосперм қабатының пайдасы неде, ол қандай қабат?

  3. Қосарланыпұрыөтанудың мәні неде, оның негізін кім қалады?

2.

Биологиялық диктант



Аналық жыныс ------------------ -------------------дамиды. Аталық---------------тозаңқаптың--------------------------------------------- дамиды. Түзілген жас жасушасының біреуі----------------------------, екіншісі----------------------жасуша деп аталады. Эндосперімнің құрамында --------------------------------- нәруыздар,--------------------------және-----------------------болады.



3. 1.Түйінде қандай жыныс жасушалар дамиды?

А) аталық

В) аналық

С) спора

Д) ұлпа

2. Пісіп жетілген спермий гаплоидті жиынтығы бар жұмыртқа жасушасы ұрықтанғанда неше ұрық түзеді

А)1

В)3

С) 2

Д) 4

3. Аталық гаметалар қайда дамиды?

А) Тозаң түтікшелерінде

В) аналықта

С) жатынында

Д) гүлінде

4. Қосарланып ұрықтану нені айтады?

А) өздігінен

В)эндосперм қабатының түзілуін

С) спора арқылы

Д) желмен

5. Қосарланып ұрықтануды кім ашты?

А) Мендель

В) Дарвин

С) Новашин

Д) Докучаев

Жауаптары: 1. В, 2.С, 3:А, 4.В,5С

Жаңа сабақ

Эпигроф

</ Жатырда қанды емізген,

Ауызсыз қорек жегізген.

Туғызып, түзеп, өсіріп,

Өзімді өзім дегізген.

(Шәкәрім)

I. "Тез, шапшаң" Ой шақыру

1. Аталық безден бөлінетін жасуша

2. Аналық безден бөлінетін жасуша

3. Аналық безден бөлінетін гормон

4. Аталық безден бөлінетін гормон

5. Ұрықтану жүретін аналық мүше

6. Ұрық дамитын мүше

7. Сперматазоид пен жұмыртқа жасушасының қосылуы

8. Дене жасушасындағы хромосома саны

9. Жыныс жасушасындағы хромосома саны

10.Анасы мен ұрықты байланыстыратын арнайы мүше

11.Ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым

12.Жүктілік мерзімі

13.Көбеюдің түрлері





II. Сақау суреттермен жұмыс ( ат қою, мақсатын ашу, мазмұнын айту )



Сабақ жоспары №38 9 сынып

Сабақ жоспары №38 9 сыныпСабақ жоспары №38 9 сынып



I. "Білгенге маржан" адам өмірінің негізгі кезеңдері1-10 күн арасы



Уызына жарыған, ұлылыққа ұмтылар

2

Емізулі нәресте

11 күннен - 1 жас



Бесік жырын естімегеннен адамгершілік күтпе

3

Алғашқы балалық (сәби)

1 - 3 жас



Бала тілі - бал

4

Жеткіншек

4 - 7 жас



Жетіге келгенше жерден таяқ жер

5

Ұлан

8 - 11 жас қыз

8 - 12 жас ұл

Қолқанат

6

Жасөспірім

12-15 жас қыз

13-16 жас ұл



Он үште отау иесі

7

Жастық

16-20 жас қыз

17-21 жас ұл



Жастық шақ алдаспанның жүзі емес пе, Қайрап ап қалың жауға сермегендей

8

Кемелденген

21-55 жас әйелдер

22-60 жас ерлер



Орда бұзар отыз, Қамал алар қырық, Ердің жасы елу, Пайғамбар жасы

9

Мосқал тартқан

56-74 жас әйелдер

61-74 жас ерлер



Қартың болса үйіңде жазулы тұрған хатпен тең

10

Қарттық(кәрілік)

75-90жас(әйелдер және ерлер)



Қартайғанда бір бала

11

Ұзақ жасаушылар

90 жастан жоғары қарай











Кітаптағы материалмен танысу

1-оқушы. Ана құрсағында дамудың 1-айы.Бір аптадан кейін мен, балаға салынған жайлы төсектей шырышты, қалың қабатқа орналастым. Бірінші аптада менде қағанақ пен кіндік пайда болды, бұлар әзірге менің өкпем, асқазаным, бүйрегім, себебі осылар арқылы мен анаммен байланысамын, тыныс алып, қоректенемін. Қағанақ маған зиянды микробтарды, улы заттарды өткізбейді. 18 күнде жүрегім соға бастады, айдың соңына таман өкпе, бауыр, бүйрек, ми, көз бен құлағым пайда бола бастайды. Мен өсіп келемін, ұзындығым 5 мм-дей.



2-оқушы. Дамудың 2-айы. Мен қоршаған дүниені көрген жоқпын. Бірақ жарық дүние адамның құрсағындай жайлы, жағымды, сәулелі есігін маған айқара ашады деп ойлаймын. Жүйке жүйем дамуда, миым үлкен адамның миындай қыртысты. Инфекциядан қорғайтын "тимус" безім жұмысқа кірісті, аяқ-қолым өсіп келеді, саусақтарым қалыптаса бастады, олар сондай кішкентай. Мүмкін, осы саусақтарыммен скрипкада ойнармын, сурет салармын, мүмкін биші болармын. Бойым 2-3 см-дей, барлық мүшелерім қалыптасып болды

3-оқушы. Дамудың 3 айы. Бойым 5-6 см, мұрыным, көзім, ауызым, бұлшық етім, сүйектерім қалыптасып болды. Мені енді ұрық демей бала деп атайды, ұл немесе қыз екенімді айыруға болады. Анамның қуанышын, ренішін сезе аламын.



4-оқушы. Дамудың 4 айы. Бойым 10-16 см, салмағым 40-50 гр-дай, бауырым, асқазаным, бүйрегім жұмыс істей бастады. Басыма алғашқы шашым шықты, ана құрсағында еркін жүзіп жүремін, анам аяғымның қозғалысын анық сезінеді.



5-оқушы. Дамудың 5 айы. Сыртқы дүниенің қатты дыбыстарын сезе бастадым, анамның көңіл күйін тез байқаймын. Оның маған арнаған жылы сөздеріне масайрап қаламын, шарап немесе арақ ішсе бет аузымды тыржитып, жаратпағанымды білдіріп, аяғыммен тебе бастаймын.

6-оқушы. Дамудың 6 айы. Бұл айды қозғалу айы деп атайды. 30 минутта 20-60 рет қозғалыс жасаймын, ұйықтаймын, оянамын. Әлі алаңсыз, қамсыз, өмір сүрудемін, дегенмен, ана құрсағы маған тарлық ете бастағандай. Жарық дүниеге шығуға дайындалып, басымды төмен бұрдым.



7-оқушы. Дамудың 7 айы. Көзімді аштым, құрсақтың іші қараңғы болса да, қабағымды қақпастан айнала қараймын, түрлі-түсті суреттерді қашан көрер екенмін? Түрлі себептермен жарық дүниеге шығу керек болса, дәрігерлердің көмегімен өмір сүруге қабілеттімін.

8-оқушы. Дамудың 8 айы. Мен кішкентай адаммын, барлық мүшелерім қалыптасып болды, жүрегім минутына 120-140 рет соғады. Бойым 40 см, салмағым 1700 гр-дай, анамның көбірек демалып, жиі - жиі тамақтанғанын қалаймын, күн санап жүрмін.

9-оқушы. Анамның "тар құрсағын кеңітіп, омырауын иітіп,

мен өмірге келдім".

Қорытынды: Нені білдім?

А) 1. Өсу мен даму кезінде қандай өзгерістер жүреді?

2. Ағзаның ұрықтық даму кезеңіне сипаттама беріңдер?

3. Ағзаның нәрестелік дамуының ерекшелігі неде?

В) 1. Ағзаның жекелей дамуы дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Ағзаның дамуының бірінші балалық кезеңі несімен ерекшелінеді?

3. Акселерацияға қандай жағдайлар әсер етеді?

С) 1. Жасөспірімдік кезеңінің ерекшелігін түсіндіріңдер?

2. Адам өмірінің даму кезеңдерін ретімен атаңдар?

3. Адамның дамуындағы анатомиялық өзгерістерге нелер жатады?

Бағалау

Үйге тапсырма: § 35

Тестті 153-154 бетте





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал