7


  • Учителю
  • «Биология әлеміне саяхат» 9 сынып

«Биология әлеміне саяхат» 9 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: Биология

Пән мұғалімі: Жалгасбаева Жулдыз Жумабековна



6-сынып



«Биология әлеміне саяхат»



Мақсаты: Оқушылардың осы уақытқа дейін алған білімін арттыру,пәнге деген қызығу-

шылығын дамыту,ұжымдық әрекетке баулу.

Әдісі: Сайыс

Көрнекілігі: Плакттар,суреттер, портреттер,тақта,мақал-мәтелдер, есептер жинағы.







Жоспары

  1. «Кім жылдам» сұрақтар сайысы.

  2. «Ол кім, бұл не»? авторлар еңбектері.

  3. «Бұл не»? жұмбақтар сайысы

  4. «Сөздіктер сыр шертеді» 20 сөзді есіңе сақтай аласың ба сайысы

  5. «Артық төртіншіні тап» терминдер сайысы

  6. «Есептерге жүйріксін бе»? логикалық есептер сайысы

  7. «Адасқан әріптер» сайысы





«Кім жылдам» сайысы

Сайысқа қатысушыларға арналған сұрақтарға жылдам жауап қайтару.Әрбір берген дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

1.Бөлінуге қабілетті ұлпаны қалай атаймыз? (түзуші )

2.Ұрық тамыршасынан пайда болған тамыр қалай аталады? (негізгі)

3.Органикалық заттар сабақтың қай ұлпасымен жылжиды? (қабық)

4.Өркен неден дамиды? Бүршік)

5.Су және онда еріген минералды заттар сабақтың қандай ұлпалары арқылы жылжиды

(сүрек)

6.Түйнек дегеніміз не? (түрі өзгерген жер асты өркен)

7.Кіндік тамыр дегеніміз не? (негізгі тамыр жақсы жетілген тамыр)





«Ол кім , бұл не» ? сайысы

  1. «Өсімдіктану» оқулығын жазған ғалым.Ол кім ? (Ж.Кудерин)

  2. Өте ұсақ майда ұяшықтарды микроскоп арқылы көріп жасуша деп атаған

ғалым. Ол кім ? (Р.Гук)

  1. 6 сынып биология оқулығының авторларын ата. (К.Жұмағұлова, М.Жүнісқызы,

Р.Әлімқұлова)

4. Ең алғаш жарық микроскопбын ойлап тапқан ғалымдар ? (Янсендер)





«Бұл не» жұмбақтар сайысы

  1. Үстіне тігіп көк жатыр, астында қызғылт дәу жатыр.Бұл не ? (қызылша)

  2. Біреу бердім , көп қып тердім . Бұл не ? (тұқым)

  3. Атасы қисық ағаш , анасыжайма шелпек , бір сабақта құж-құж

Жентек. Бұл не ? (жүзім)

  1. Жерде жатып желіндейді, күз түскенше желінбейді, үндеместен төлдей жатыр,

су беріңдер шөлдеп жатыр. Бұл не ? (қауын , қарбыз)

  1. Күннен көзін алмайды ,мойыны бірақ талмайды. Бұл не ? (күнбағыс)

  2. Күн нұрымен піседі ,уылжып қолға түседі. Бұл не ? (жеміс)

«Сөздіктер сыр шертеді»

20 сөзді есіңе сақтап қайта жаңғырт



1.Биология 11.Жабыз

2.Орман 12.Тұқым

3.Ұлпа 13.Ұя

4.Органикалық заттар 14.Алма

5.Су 15.Қоян

6.Ауа 16.Құлпынай

7.Бақа 17.Кептер

8.Жапырақ 18.Емен

9.Шегіртке 19.Жеміс

10.Күн 20.Мүйізтұмсық











«Артық төртіншіні тап»



1.Қауын,қарбыз,( шабдалы) ,асқабақ

2.Бөдене, ( кесіртке),қарлығаш, торғай

3.Шыбын, шегіртке, дәуіт, (итшабақ)

4. (Тасбақа), сілеусін, қасқыр,аю

5.Бүркіт,сұңқар,қаршыға, (аққу)







«Есептер жырлайды» логикалық ойындар



1.Қайыңда 4 бұта бар.Әр бұтада 4 алма өсіп тұр.Барлығы қанша алма болды?

(Қайыңда алма өспейді)

2.Бір оқушы -аяғы жоқ 9, басы жоқ 6, оран белі жоқ 8 балық ұстады.

Барлық ұстаған балығы нешеу? (0000)

3.Барлығы 9 бас, 22 аяқ беріліп отыр.Неше тауық неше ешкінің үлесіне келіп тұр?

(2ешкі, 7 тауық)

  1. 5 адамға 5 алманы бөлу керек, әр адам 1 алманы алса, 1 алма кәрзеңкеде қалу үшін

қалай бөлеміз ?(1 адам 1 алманы кәрзеңкесімен қосып алады)





«Адасқан әріптерді құрастыру»





1.Гунекру -кенгуру 6.Қабасат -тасбақа

2.Илікне -инелік 7. Тікрүб -бүркіт

3.Сіркетке -кесіртке 8. Қарар -арқар

4.Жырұснал -сұржылан

5.Ақналыб -қабылан



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал