7


  • Учителю
  • ҒЫлыми жоба 'ГМО пайдасы мен зияны'

ҒЫлыми жоба 'ГМО пайдасы мен зияны'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Алтыншоқы орта мектеп - бақшасы»КММ

Бағыты: Жаратылыстану

Секциясы: Биология

Тақырыбы: ГМО Адам ағызасына әсері


Орындаған: Қалиасқарова Күмісай

10 сынып оқушысы

«Алтыншоқы орта мектеп - бақшасы»КММ

Алтыншоқы ауылы

Жетекшісі: Калиева Бота Абдыкаримовна

Биология пән мұғалімі

«Алтыншоқы орта мектеп - бақшасы»КММ

Алтыншоқы ауылы




2015-2016 оқу жылы


АННОТАЦИЯ


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда көптеген елдер гендік модификацияланған өнімдер пайдалануда бірақ адамдар онын пайдасымен зияны туралы біле бермиді. ГМО өнімдердің пайдасынан зияны көбірек. Көптеген мемлекеттерде ГМО дан бас тарту туралы заңдар қабылдаған. 2000 жылдың өзінде гендік инженерияның қауіптілігі жайлы барлық мемлекеттің билік өкілдеріне, ГМО өнімдерді тоқтату үшін арнайы хат жолдаға.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Зерттеу жұмысында ГМО ның адам ағзасына тигізетін зияны туралы мектеп оқушыларының білімімен көзқарасын анықтауды мақсат еттік.

Қойылған мақсатқа жетуге төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделді:

- гені модификацияланған өнім дегеніміз не? мәселелеріне қатысты отандық және шетелдік зерттеушілердің тұжырымдамалық ой-пікірлерін жүйелеу;

- ГМО азықтарын пайдаланудың зияны;

- Қазаққа гендік модификациядан өткен өнімді тұтынудың қажеті қаншалық?

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. . Қазіргі кезеңдегі биология ғылымындағы зерттеу нәтижесінің отандық және шетелдік ғалымдардың ой-пікірлерін сыни талдау, салыстыру арқылы ғылыми нәтижелерге жетіп отыр. Осыған байланысты, қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін мынадай әдістерге сүйендік, сауалнама және сипаттап баяндау,мониторинг, проблемалық әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. . Зерттеу жұмысында нақты түрде төмендегідей ғылыми жаңалықтарға қол жеткіздік:

- Зерттеу жұмысында қолданылған қол жетерлік барлық тілдегі жазба деректер талданды

Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысында жасалған негізгі тұжырымдар мен қорытындыларын биология ,химия, өзін - өзі тану пәндері және арнайы курстар бойынша пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері «Инфоурок» және «Мультиурок» Интернет сайтарында жарық көрді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау комитеті бекіткен тізімге енген журналдарға жіберілді.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.


Мазмұны


Аннотация ..................................................................................... 2

Кіріспе ........................................................................................... 3

І. ГМО дегеніміз не?....................................………….................. 4

ІІ. ГМО-ның пайдасы мен зияны......................................................... 6

ІІІ.ГМО қандай таңбалары болуы тиіс?........................................7

Қорытынды ...................................................................................8

Пайдаланған әдебиеттер .............................................................. 9


Кіріспе

21-ғасыр озық технологиялардың дамыған ғасыры. Алайда бұнымен бірге осы технологиялардың бізге деген зияны да артып келеді. ГМО-лық азық-түліктің көбеюі ( Генетикалық модефикацияланған организм) - қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Кез-келген дүкенге немесе сауда орындарына бара қалсаңыз алдыңыздан көздің жауын алатын, пішіндері бірдей түсіде әдемі сырты жылтыраған жеміс жидектерді көресіз, сатып алып жатамыз. Енді сол сатып алған тағамдардың құрамы қандай? Қалай дайындалады? Қайдан келіп жатыр? Мұны біріміз білсек біріміз біле бермеиміз.

Еліміздегі көкөніс, жеміс-жидектердің басым бөлігі шет елдерден әкелінетіні бәрімізге аян. Олардың сырт пішіні өзгергені, сақталу мерзімінің ұзақтығы бірден көзге түседі. Күнделікті тұтынып отырған халық та сұрамай сатып ала беретін қызанақ үйде де, базарда да тастай болып қатып жата береді. Бұзылмайды. Ал өзіміз өсірген қызанақ екі-үш күннен кейін босап, жарамсыз болып қалады. Жүзімнің өзін алсаңыз, әдеттегі табиғи көлемінен екі есе үлкейіп, картоппен бірдей. Тіпті, осы күнгі шұжық, котлет дегендердің құрамында мүлде ет болмайды. Ол кәдімгі шетелдің соясы, еттің дәмін келтіретін түрлі қоспалардан жасалады. Мұндай өнімдерді ғылыми теорияда«гендік модификацияланған организмдер» (ГМО) деп атайды.Бүгінде әлемдік нарықты гендік инженерияның жемісі - гендік модификацияланған организмдер мен өнімдер (ГМО) жайлап келеді. Сыртқы саудаға есігі ашық ел ретінде бұдан біздің ел де тысқары қалып отырған жоқ. ГМО деген атынан үріккеніміз болмаса, оның қандай болатынын, пайда-зияны қаншалық екенін қарапайым халық әлі біле бермейміз. Себебі ГМО-нің адам денсаулығына әсері әлі толық зерттеліп бітпеген. Бірақ халық «білмеген у ішеді» деп, ас мәзіріне қолдануда.Гендік модификацияланған азық-түліктер XX ғасырдың биология саласындағы үлкен жетістігі. Бірақ, негізгі сұрақ осы азық-түліктердің адам ағзасына әсері болып отыр.


ГМО дегеніміз не?


ГМО (гендік модификацияланған организмдер) - гендік инженерияның табысты жемісіне айналып отыр. Нақтырақ айтсақ ГМО - бір ағзаның геніне бөтен ағзаның генін енгізу арқылы пайда болады. Мысалы, шет елдерден тасымалданатын шие мен қытай қиярына шошқаның гені қосылады екен. Америка 1983 жылы биологиялық қару жасау барысында ең алғашқы гендік модификацияланған өсімдіктерді өндірген. Сосын, гендік модификация 1986 өсімдіктерді үсіп кетуден сақтау үшін пайдаланылған. Бұл ол кездері ғылымдағы үлкен жетістіктердің бірі болатын. 1992 жылы осы әдіспен Қытайда зиянкестер залал келтірмейтін темекі өндірілген. 1994 жылы тасымалдау кезінде бұзылмай сақталатын қызанақтар өндірілді. Содан бастап «ГМО мәдениеттің» дәурені жүре бастады. Оған себепші болған Американдық «Monsanto» фирмасы еді. 2006 жылы 22 елдің 10,3 млн. фермері 102 млн. гектар жерге ГМ-өсімдіктің сан түрін алған. Мәселен, осы жолмен өсірілген картоп, алма, мақта, жүгерілерге құрт мүлде түспеген. 2006 жылы 97% трансгендік өсімдіктерді АҚШ (53%), Аргентина (17%), Бразилия (11%), Канада (6%), Индия (4%), Қытай (3%), Парагвай (2%) және Оңтүстік Африкада (1%) өндірген. Бүгінде дүкен сөрелерінде тұрған тағамдардың құрамына ГМ-соя, ГМ-жүгері, ГМ-крахмал, ГМ-ақуыздың қосылатыны белгілі. «Monsanto» фирмасы өндірген ГМ-жүгері АҚШ нарығында көш бастап тұр. ГМО-ның араласпаған жері жоқ. Биологиялық және медициналық зерттеулерде, фармацевтикада, ауыл шаруашылығында, тамақ өндірісінде кеңінен қолданылып келеді.

ГМО- бұл гендік кодына бөтен гендер «жабыстырылған» ағзалар болып табылады. Мысалы: картоп генінің қатарына сарышаян геннін қосу нәтижесінде біз ешқандай жәндік жемейтін картоп түрін аламыз. Немесе, күнделікті пайдаланып жүрген томатты алсақ, оған солтүстік камбаласының генін пайдаланған.Енді ол аязға төзімді ,үсімейді.Бұл бізге не үшін қажет? Ғалымдар аштықтың алдың алудың жолы осы деп шешті ме? Айтып өткен картоп өнімі колорад қоңызынан зардап шекпейді, помидорды солтүстік аязында да өсіруге болады. Сонымен бірге, бір пішінді бірақ дәмсіз алмалар әбден шіріп біткенше керемет иіс береді. Қазір байқап қарасақ сатылатын жемістер сондай әдемі, біркелкі және ұзақ сақталатын болып келеді. Ыңғайлы! Күріш геніне астық тұқымдастарында ешқашан болмаған А витаминін өндіретін генді қосуға болады. Сонымен, ғалымдар дақылдардың өнімділігін арттыру үшін олар зиянкестерге төзімді болу үшін аз уақыттың ішінде жаңа сорттар шығаруда.

Ең кең таралған гендік модификацияланған дақылдарға - соя жүгері, бидай, қызылша, мақта, рапс, картоп жатады.


Генетикалық модификацияланған организмдердің пайдасы мен зияны


«Трансгенді азықтарды» қолдану адам үшін өте қауіпті екенін ресей ғалымдарының еңбектерінен көруге болады.(Монастырский,Кузнецов,Куликов) және World Scientists Statement [2].

ГМО-иммунитетттің төмендеуі, аллергиялық реакциялардың өліммен аяқталуы, ісік аурулары.

Кейбір ғалымдар трансгенизацияны «жеделдетілген» селекция деп қарастырады. Бірақ біз білеміз селекция көмегімен туыс ағзалардың гибридін алуға болады,яғни картоптың бірнеше сортын шағылыстыру ,картопты алмамен немесе помидорды балықпен шағылыстыру емес.

Табиғатта әр түрге жататын ағзалар арасында шағылысу жүрмейді.Егер жүре қалған өзінде ұрпақ бермейді. Мысалы:есекпен атты, арыстан мен жолбарысты шағылыстыру.

ГМО қолданған ағзаларда да өзгерістер болатыны анықталған , тіпті адам сілекейімен ішек микрофларасынан.Тышқандарға жүргізілген экспиременттерде ГМ құрам олардың ұрпақтарынан да табылған. Сонымен ғалымдар ГМО тек қана өнімде емес, сонымен қатар оны қолданғандарда ,олардың ұрпақтарында кездесетінін анықтады.

Құрамында ГМО бар азықтар өндірушілерін өте көп табыс әкеледі. ГМО және трансгенді азықтарының қауіпсіздігін тексеру, негізінен өндіруші есебінен жүреді. Сондықтан, ол объективті болып саналмайды мүмкін сол себептен кейбір ғалымдардың ГМО қауіпті деп ескеруін естігілері келмейді.

ГМО азықтарын пайдаланудың зияны .

-өте қауіпті аллергиялық реакциялардың пайда болуы.Мысалы:АҚШ адамдар ГМО өнімдерін еркін қолданады.Аллергиямен ауыратындар саны 70% құрады.Ал, Швецияда 7%,бұл өнімдерді қолдануға тыйым салынған.

-Трансгенді өнімдерді пайдалану асқазанның сілемейлі қабатының құрылымын бұзады.Зат алмасудың бұзылып , иммунитететің төмендеуіне әкеледі.

-Ісік ауруларының көбейуіне себеп болады.Жасушаларды мутацияға ұшыратады [4].

ҚР «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Заңы генетикалық модификацияланған объектінің айналымына қойылатын талаптарды анықтайды. Қазақстан Республикасында генетикалық модификацияланған объектіні өндіру (шығару), шет елден әкелуі және сатылуы тек мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана жүзеге асырылады.


Сауалнама нәтижелері

Гендік модификацияланған өнімдер туралы мектеп оқушылардың білімімен көзқарасын анықтау мақсатында 9-шы және 10-шы сыныптпар арасында сауалнама жүргіздік.

Сауалнама төмендегі сұрақтардан тұрды.

1. Гендік модификацияланған өнімдер туралы не білесіз?

2. ГМӨ-ді қолдануды қолдайсыз ба?

3. Газет, журналдардан гендік модификацияланған өнімдер туралы оқыдыңыз ба?

4. Сатып алған азық-түлігіңіздің сақталу мерзімі мен маркасына мән бересіз бе?

5. Сіз гендік модификацияланған азық-түлікті арзан болғасын аласыз ба?

6. Тамақ өнімдерінің сапасын бақылайтын мемлекеттік қызмет орындары

туралы не білесіз?

7. Гендік модификацияланған өнімдер туралы көбірек білгіңіз келе ме?

8. Гендік модификацияланған өнімдерді қаншалықты зиян деп санайсыз?

Қорытынды

Сауалнаманы талдау кезінде 9-шы сыныптпар гендік модификацияланған азық-түліктер туралы естіп, білгендері 40% (пайызды) ал, 10-шы сынып 60% (пайызды) құрды.


ГМО қандай таңбалары болуы тиіс?

- 1998 жылы 1 қыркүйекте Еуропа Одағында директив қабылданған, онда ГМО қолданып дайындалған өнімдерге таңбалама қойылуы керек деген, яғни тұтынушылар үшін құрамында ГМО бары туралы ақпарат жазылуы керек. ГМО 0,9% деңгейі бекітілген, 0,9% төмен құрамында ГМО болса таңбаламаның қою қажет емес, ал егер 0.9% көп болса этикеткада ол туралы мәлімет болуы міндетті. Өнім барлық тиісті процедуралардан өткеннен кейін ғана сатуға жіберіледі.

Бір таңба барлық азық түлік өнімдеріне қойылмайды. Мысалға АҚШ пен Канадада таңба қою - ерікті түрде болса, Кореяда, Норвегияда, Швейцарияда және Қазақстан Республикасында -міндетті.

ГМО өнімдерін қалай ажыратуға болады?

-Өнімдердің құрамында гендердің бар екендігін тек күрделі зертханалық зерттеулер жүргізу кезінде ғана білуге болады. Гендік өнімдерді өндіруге және сатуға, тасымалдауға құқықты алу үшін мемлекеттік гигиеналық сараптама мен тіркеуден өту қажет. Тіпті мамандардың өздері қолдарында арнайы аспаптары немесе зертханасы болмаса сіздің үстеліңіздегі трансгендік өнімдердің бар немесе жоқ екенін айта алмайды.

Батыс елдерінде дүкен сөрелерінде гендік өзгертілген өнімдер бұрыннан және ашық түрде жатыр. Этикеткаларында сатып алушыларды мәліметтеу үшін арнайы белгілер салынған.

Өндірушілер ешқандай азық-түліктің сыртына «ГМО қосылған» деп жазбайды. Керісінше «ГМО-сыз» табиғи өнім деп тұрады. «ГМО-сыз» деп мөр басылған тауардың бағасы да қымбат болады-мыс. Алайда, ГМ-өнімді қалай ажыратуға болады? Бұны анықтаудың еш қиындығы жоқ. Барлық кондитерлік, әсіресе, кәмпиттер, печеньелер, ұн, шоколод түрлерінің құрамында трансгендер бар. ГМ-өнімді құрамындағы тағам қоспасының тізімінен анықтауға болады. Сонықтан, тағамды сатып алмастан бұрын мұқият қарап шыққаныңыз абзал. ГМО өнім Е индексімен жасырынып тұрады. Олар былай белгіленеді: Е101 и Е101А; Е150 (карамель); Е153 (карбонат); Е160а (бета-каротин, ретинол); Е160b (аннатто); Е160d (ликопин); Е234 (низин); Е235 (натамицин); Е270 (сүт қышқылы); Е301-ден Е304-ке дейін (аскорбат); Е330 (лимон қышқылы); Е415 (ксантин); Е459 (бета-циклодекстрин); Е460-тан Е469-ның арасы (целлюлоза); Е470-тен Е570 (тұз және май қышқылдары); Е951 (аспартам); Е953 (изомальтит); Е957 (тауматин) немесе Е965 (малтинол) және т.б. Сондай-ақ, www.placewoman.ru сайтында ГМО-ны өндірісте қолданатын фирмалардың тізімі жарияланған. Олар: Kelloggs, Nestle, Heinz Foods, Coca-Cola, McDonalds, Cadbury, Mars, PepsiCo, Hipp, Nestle, Unilever, «Heinz» соустары, Knorr, Calve, Maggi, Lipton, Nestea, Brooke Bond, Бондюэль, Балтимор, Кампина, Эрман, Чудо-йогурт, Данон т.б.

Қорытынды:


Гендік модификацияланған азық-түліктер XX ғасырдың биология саласындағы үлкен жетістігі. Бірақ, негізгі сұрақ- осы азық-түліктердің адам ағзасына әсері болып отыр. Аштан емес, астан өлмейтініңе де кепілдік жоқ. Қолдан өсірген емес, қолдан өлтірген тағамдардың кесірінен құбыжық сәбилердің, түрлі аурулардың көбейіп кетуінің бір ұштығы осында жатқан жоқ па екен? Алайда ол туралы ресми статистикалық дерек мүлдем жоқ. Батыс ғалымдары мутацияға ұшырау - генетика ғылымының қарқынды дамуы себебінен деп есептейд Бүгінде жер бетінде күн сайын 20 мың адам аштықтан қырылып жатыр дейді статистика. Жантүршігерлік осы жағдайды ойлағанда, гендік инженерия арқылы өнім өндіру, әрине, қажет. Ол - уақыт мәжбүрлігі.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде: «Залал тигізуге де, залалға ұшырауға да жол жоқ», - деген[3]. Сондықтан, адам денсаулығына кері әсері тигізетін заттардан мейлінше бойды алыс ұстау керек. ГМА-тәсілі арқылы өндірілген өнімдердің зиянды екендігі бірауыздан мақұлданбағанымен, бүгінде залалы бар екендігі дәлелденіп жатыр. Жоғарыда аталып өткен кеселдерден өзге, ерлер мен әйелдерді ұрпақ сүю қабілетінен айырады деген болжам да жоқ емес. Ендеше, құрамында ГМА-сы бар әр алуан тамақ өнімдерін қорек етпеу ләзім.

Осыған орай, жалпы алғанда «генетикалық өзгерістерге ұшырату» тақырыбы талқылана қалса, бірінші кезекте есіме мына бір Құран аяты түседі: «Сонда Шайтан: "...Оларға Алланың жаратқанын (خَلْقَ اللَّهِ) өзгертуді бұйырамын", - деді. Кім Алладан өзге, шайтанды дос тұтса, сонда рас ашық зиянға ұшыраған болды»[4].





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал