7


  • Учителю
  • Биология пәнінен 'Өсімдіктердің жыныстық көбеюі' 6 сынып

Биология пәнінен 'Өсімдіктердің жыныстық көбеюі' 6 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Алматы облысы

Панфилов ауданы

Жаркент қаласы

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің

биология пәнінің мұғалімі

Айтмұқаева Ұлтуған Жұмабекқызы
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің жынысты көбеюі
Сабақтың мақсаты:.
а) Гүлдің құрылысы, тозаңдану,оның түрлері , ұрықтану, жынысты көбею, қосарланып ұрықтану жайлы түсінік беру.
ә) Оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін, шапшаңдылығын дамыту, өз бетімен жұмыс істеп, талаптануын арттыру.
б) Оқушылардың ақыл-ойын, ғылыми дүние танымын қалыптастыру, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ,
Биологиялық ойын .
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың әдісі: Ұжымдық ойлау әрекеті технологиясы, тірек-сызба,сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс.
Сабақтың пән-аралық байланысы: Экология, биология.
Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Өткен сабақты сұрау (тест, биологиялық ойын).

3.Жаңа сабақ .

4.Бекіту жұмыстары (сызба), қорытынды.

5.Бағалау.

6.Рефлексия

7.Үйге тапсырма.

І. Сыныпты түгендеу.

Оқушыларды 4 топқа бөлу. Топ жетекшілерін сайлау. Топ жетекшілері жауап беріп отырған оқушыны белгілеп отырады. Әр топқа ұжымдық ойлау әрекетінің ережесі таратылады.
Ұжымдық ойлау әрекетінің ережесі:

1.Тыңда және басқаны түсіне біл.

2.Сұрақтың мазмұнын түсін, қайшылықты тап.

3.Оған дәлелді жауап құрастыр.

4.Дауысыңды көтермей, заңдар мен ғылыми фактілерге сүйене отырып, өз көзқарасыңды қорғай біл.

5.Қателесуің мүмкін, маңыздысы оны байқап, кемшілікті түзеу.

6.Кім өз көзқарасын ғылыми тұрғыдан дәлелдесе, сол әділ.

ІІ. Өткен сабақты сұрау. Биологиялық ойын. «Кім шапшаң?».
«Экологиялық соқпақ» бөлімі. Бұл соқпақта үш кедергі бар. Әр біреуінде екі сұрақтан жасырынған.

«Қышқылды жаңбыр» кедергісі:

а). Өсімдіктердің тіршілігінде судың маңызы қандай?
ә). Суға байланысты өсімдіктер неше экологиялық топтарға бөлінеді?
2. «Ядролық сынақ аймағы» бөгеті:
а). Ксерофиттер дегенді қалай түсінесің?
ә). Суккулент деген не?
3. «Бетін мұнай жапқан теңіз» бөгеті:
а). Мезофиттер дегенді түсіндір?
ә). Гигрофиттер деген не?
«Сәйкестік тесті» (5 мин). «Кім жүйрік?»
Жұптық жұмыс (қатаротырған екі бала бір-бірінің жұмысын тексереді)

І. Шырынды жемістердің сәйкесін тап.

1.Жидек а). Мандарин

2.Жидектәрізді ә). Өрік

3.Сүйекті б). Қызанақ

ІІ. Мына құрғақ жемістерге анықтама бер.

1.Бұршаққап а). Бір тұқымды жеміс

2.Бұршаққын ә). Бір ұялы тұқым саны біреу немесе бірнешеу

3.Дәнек б). Қос ұялы

ІІІ. Мына құрғақ жемістерге анықтама бер

1.Қанатты жеміс а). Жеміс серігі тұқымымен бірікпеген

2.Тұқымша ә). Жеміс қабы ағаштанып қатайып кетеді.
3. Жаңғақ б). Серігінің біраз бөлігі жұқарып, қанатқаайналған тұқымша.
IV. Құрғақ жемістерге қайсысы жатады?

1.Бұршаққап а). Меңдуана.

2.Бұршаққын ә). Асбұршақ

3.Қауашақ б). Орамжапырақ.

V. Құрғақ жемістерге қайсысы жатады?
1. Қанаттыжеміс а) Бидай.
2. Дәнек ә).Күнбағыс
3. Тұқымша б).Үйеңкі
III - жаңа сабақ.
Мақал
«Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі»
Сабақтыңтақырыбы: Өсімдіктердің жынысты көбеюі.
1- топ. Гүлдің құрылысы

2- топ . тозаңдану

3-топ. Жынысты көбею

4- топ. Гүл , тозаңдану ,ұрықтану құбылыстары жайлы мақал - мәтел, өлең жолдары және әңгіме құрастыру
IV. Сабақты бекіту.

Гүлдің құрылысын атап ,сипаттама бер.

Тозаңдану дегеніміз не, түрлері қандай?

Ұрықтану дегеніміз не?

Қорытынды.
1. Гүлдің көбеюге қатысатын мүшесі:
а). Аналық , аналық ә). Күлте жапырақ
б). Гүлтабан в). Тостағанша жапырақ
2.Бір гүлде аталық пен аналық болса:
а). Бір үйлі ә). Қосжынысты
б). Даражынысты в). Екі үйлі
3.Ұрықтану дегеніміз-
а). Тозаңның аналық аузына түсуі:
ә). Тозаңның өнуі:
б). Тозаң түтікшесінің тұқым бүршігіне жетуі:
в). Тозаң түтікшесіндегі жасушаның жұмыртқажасушаға қосылуы.
4.Ұрықтану-
а).Тозаңданудың алдында болады.
ә). Тозаңданудан кейін жүреді.
б). Тозаңданумен қатар жүреді
V. Бағалау.
VI. Рефлексия.
VII. Үйге тапсырма§25 оқу





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал