7


  • Учителю
  • Сындарлы оқыту технологиясы Смет Гүлжамал

Сындарлы оқыту технологиясы Смет Гүлжамал

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қызылорда облысы,Әйтеке би кенті,

Ақтан батыр ауылы №190 орта мектеп

Әріптестермен кеңесу

Мен курстың ІІІ тәжірибелік кезеңінде 03 -ші наурыз күні оқу ісінің меңгерушісі Рахмет Майгүл апаймен кездесіп, ондағы Кембридж технологиясындағы сындарлы оқыту бағдарламасының қашықтықтан оқыту кезеңінде мектепте өткізілетін тәжірибе жөнінде және сонда жүргізілетін іс- шаралар жайлы кеңестім. Осы бағдарламаны барлық мұғалімдер үшін маңызын және курстың бағдарламасынан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде метатанымы кең, өзіне сенімді өз ойын еркін жеткізе алатын батыл, әрі өзіне сенімді ұрпақ тәрбиелейтіндігі жайлы айттым.Оқу ісінің меңгерушісі сындарлы оқыту бағдарламасына оң көзқарас білдіріп, тәжірибені енгізуге рұқсат беріп, сәттіліктер тілелей отырып, практикалық міндетімді өзіме жүктеді.Оқу ісі жөндегі орынбасарымен сындарлы оқыту бағдарламасы бойынша мектепте өткізілетін тәжірибе жөнінде және сонда жүргізілетін іс- шаралар жайлы , тәжірибе жүргізетін сыныпты таңдауға және кабинет жабдықтау жөнінде кеңесіп, бірінші аусымда оқитын 8 сыныбына тоқталдым. Мектеп әкімшілігі тарапынан қолдау тапқаннан кейін, кедергісіз өз жұмысымды бастауға мүмкіндік алдым.

Әріптестермен кездесіп оларға өзім оқып жатқан Кембридж технологиясын және сындарлы оқыту бағдарламасының негізгі мақсаты жөнінде түсінік бердім. 06 наурыз күні мұғалімдер арасында тренинг семинар өткіздім. Формативті және сумативті бағалау, жеті модуль бойынша оқыту, сабақ жоспарының үлгісін жасау жөнінде алған тәжірибелерімді бөлістім.

Коучнигтің тақырырыбы «Мұғалім неліктен өзгеру керек?»

Мұғалімдерді төрт топқа тілектер жазылған конфеттермен Мысалы «сәттілік», «бақыт», «қуаныш», «махаббат» деп бөлдім

Содан соң қара жәшікке «Менің қорқынышым»өздерінің сезімдерін жазды Онда мұғалімдердің көбісі қорқыныш пен емес қызығушылықпен келгендерін жазған.Коучингтің мақсаты жеті моделді мұғалімдерге түсіндіріп сыни ойлауға дағдыландыру. «Мұғалім неліктен өзгеру керек?» деген сұрақты әр топ постер арқылы қорғады .Мұғалімдердің пікірлері: « Мұғалім әртіс болу керек,жаңа технологияға игеру керек,жан-жақты болу ,нәтиже беру,сенімділік керек»деген сияқты өз ойларын айтып «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»пен бағалады.Келесі тапсырмада «Бағалау дегеніміз не?»бағалаудың түрлері түсіндіріп мұғалімдерге бағалаудың қандай түрлерін білесіңдер? деген келесі сұрақты тастадым.

Мұғалімдер бағалаудың бірнеше түрін ұсынды. Бағдаршам арқылы бағалау,смайликтер арқылы бағалау,түрлі-түсті қағаздар арқылы бағалау,» бас бармақ арқылы бағалау,«5», «4», «3» деп бағалау деп бірнеше түрлерін ұсыны.Бағалаудағы постерді мұғалімдер кретерий арқылы бағалады. Соңғы тапсырмада мұғалімдер өз ойларын «ҰҰТ»(ұнағаны,ұнамағаны,түйгенім) рефлексивті ойларын жазды. «Ұнағаны-Топпен жұмыс ,интернетті пайдалану,өте жақсы менде осы оқуға барсам екен .Ұнамағаны уақытты көп алды» деген артынан «Ыстық орындық» Әзілхан ағайдың сұрағы:Бүгінгі коучингтен алған әсерің қандай?Сұлтанов Нұрлан өз ойында мен өз сабағымда осындай бағалаудың түрлерін аздап қолданып жүрмін бүгінгі әсерім өте жақсы ...» Ынтымақтастық атмосферасы қалыптастыру

Жаңа формация мұғалім табысы бұл біздің тәжірибемде ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру мақсатында 8-сынып оқушыларымен кездесіп ой бөлістім .Оқушыларға «Алақан жылуы» ойынын ойнату арқылы бір-біріне сабақта «5» ал, «Сәттіліктер тілеймін»,деген сияты тілектерін білдірді.Мұнан кейін оқушыларға топ ережесін құрғыздым

Топты түрлі-түсті қағаздар мен бөлдім әр топ өздерінің топ ережесін қорғады «Екі жұлдыз ,бір ұсыныс» пен бағалады.Төрт топтың ережесін қосып топтың өздеріне ұнаған ережелерін ынтымақтастық білдіріп жақсы ереже шығарды.

1.Ұйымшылдықпен жұмыс жасау.

«Бірлік бар жерде,тірлік бар»

2.Тәртіп сақтау .

«Тәртіпсіз ел болмайды,

Тәртіпке бағынған қор болмайды»

3.Өз ойларын ашық ортаға салу

«Бір бастан екі бас жақсы,көп болса оданда жақсы»

4.Сыни тұрғыдан ойлау

«Сын түзелмей мін түзелмейді»

5.Топ мүшелері бір - біріне қолдау көрсету.

«Бірлесе пішкен тон келте болмас» .

Мұғалім-оқушы және оқушы - оқушы арасындағы ынтымақтастық әр сабағым да көрініс тапты, мысалы, ең бірінші Блум таксаномиясының білу, түсіну, қолдану бағытын атап өтіп, жеті модульдің ішінде диалог пен сыни тұрғыда ойлауға топпен бірлесе отырып жұмыс жасауға бағыт бердім.Практика кезінде өткізілген бір сабағымның мақсаты оқушыларға ең алғаш сабағымды топқа бөліп, бақылау парағын бере отырып, оқушыларға тәжірибе кезінде өткізілген 4 сабағымда оқушыларды топқа бөле отырып, бақылаушының, баяндаушының, топ басшысының,хатшының,уақыт сақшысының ережелерімен түсіндіре отырып, сабақты түрлендіре өткіздім.Сабақта сәйкестендіру тесті, дискуциялық карта, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, жеке жұмыс, жұптық жұмыс әдіс-тәсілдерін пайдаландым.Бұл менің осы тәжірибе кезіндегі алғашқы сабағым болғандықтан тек бағыт-бағдар беруші болып қана шектелдім.Ең алғашқы сабағым жоспарыма сәйкес 13-ші қазан күні 9 «Б» сыныбына «Қазақстан 1917 ж Ақпан революциясы кезінде» тақырыбын өттім.Сыныпты 3 топқа бөлдім. Оқушыларды бөлу кезінде 1, 2 3, 4,5,6 деп санайды. 1, 2-оқушылар 1топ-А тобы, 3,4-оқушылар 2топ-Б тобы, 5,6-оқушылар -3тобы-В тобы болып үш топқа бөлініп отырды. Топқа бөліп оқытудың тиімділігі-оқушылар бір бірімен ой бөліседі, бір шешімге келеді, сонымен қатар оқушылардың барлғы да жұмыс жасап отырады.Оқушыларды топ басшысы, бақтаушы, баяндаушы, уақыт сақшысы,хатшы етіп тағайындап,рөлдердің атқаратын міндеттермен таныстырдым.Сабақ барысында көп сөйлемей, тек тапсырмаларды ғана таныстырып отырдым.Блум таксономиясының білу,түсіну,қолдану,талдау, жинақтау бағытын атап өтіп, жеті модульдің ішінде диалог пен сыни тұрғыда ойлауға топпен бірлесе отырып жұмыс жасауға бағыт бердім.Басқа топтың шешімін тыңдау, сабаққа белсене араласуы, оқушылардың қызығушылығы бірден байқалды.

Басқа топтың шешімін тыңдау, сабаққа белсене араласу, оқушылардың қызығушылығы бірден байқалды.Сабақтың кіріспесі ретінде ой қозғау әдісімен бастадым.«Ой қозғау» әдісінде оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы қаншалықты тақырыптың маңызы жайлы білетіндіктерін айтты. Қойылған сұрақтардың жауабын байланыстыра отырып, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбымен таныстырдым.Үш топқа жаңа тақырып мәтіні бойынша диалогтар жаңа парақшалар тараттым. Диалогта кездесу керек сөздерді шашыратып жазып қойдым. Оқушылар сол шашыраған сөздерді дұрыс диалог құрып береді.Сол құрастырған диалогтарын әр топтан екі оқушыдан қорғап, талдап орындап шықты. Бұл тапсырманы оқушылар қызығушылықпен орындады.Сабақтағы алғашқы күнім сәл қиыншылықтарға толы болды.Негізінен сынып бір жүйелілікке үйреніп қалған.Осы бағытты аздап өзгерте бастадым.Сыныптың білім деңгейі, кім қаншалықты сөйлей алатынынан бұрыннан хабарым бар. Сөйтіп оқушылармен сұхбаттаса отырып жаңа бағытқа тарту мақсатым болды. Оқушылар сабақ барысында берген жұмыстарды уақытқа сай орындап шығып, топ бойынша қорғап шықты.

Сабақ барысында не жақсы өтті:

Тапсырмаларды орындау кезінде оқушыларым белсенділік танытты;

Кері байланыс сабақ соңында жақсы орын алып отырды.

Сабақ барысында не онша жақсы өтпеді:

Кеткен қателікті сабақ барысында оқушылардың тез орындамауы;

Формативті бағалауда сабақ соңында толық орын алмауы;

Жұппен жұмыс кезеңінде оқушыларды толық бақылауға ала-алмағандығым;

.Алдағы уақытта өзгерістер енгізу үшін төмендегі ұсыныстарды қабылдадым:

Сабақ барысында оқушылардан кеткен қателікті уақытыл жөндеу.

Сабақ барысында формативті бағалауды жүргізіп отыру;

Жұптық, топтық жұмыстар жүргізілгенде толық оқушыларды қамту;

Барлық оқушыларды топтық жұмысқа араластыру.

Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету

Оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып , оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады.(екінші тезис 35-бет)

Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі ,сол себепті оқушыларға сұрақты дұрыс қойылуы керек.Оқушылардың сабақты дұрыс түсінуі маңызды.Сұрақтарыдың екі түрі бар :төменгі және жоғарғы. Төменгі дәрежелі сұрақтар тек қана дұрыс немесе дұрыс емес деген жауаптармен шектеліп қалуы мүмкін.Ал жоғарғы дәрежелі сұрақтар кеңейтілген және талдауға бағытталған сұрақтар. Мысалы менің сабағымда С деңгейіндегі Жұбанышқа Адамның күнделікті қалыпты тіршілігі үшін тәуілігіне орта есеппен қанша грамм нәруыз болады?Мұғалім:дұрыс деген сияқты кейінгі әрекет болды.Асқорыту жүйесіндегі жұқпалы аурулардың алдын алу дегеніміз не ?деген сұраққа Айфара өзінің алдын ала ақпарат көздерінен алған жұқпалы аурулардың алдын алуынтүсіндіргенде жан-жақты талқылап аурудың себептерін,пайда болуын түсіндірді.Адамдардың тағамдардан улануын қалай түсіндіресің деп қайтадан оқушыға қайта бағыттау сұрағына да өте жақсы жауап берді

Оқушылардан жауап алуды пайдалануды бағалау

«Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес.Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды.Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес сондай-ақ баланың дамуы ,оқуы мен ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау,қабілеттілік және күш -жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады»(Александер,2001)

Өз сабағымда оқушыларға «Миға шабуыл» Сыни сұрақтар тасталды.Неге тағамдық заттар,мысалы,сүт немесе тауық сорпасын қанға тікелей жіберсе адам өліп қалады?Айқаракөзге сұрақ қойылыды .Оқушылар Айқаракөзді басбармақ арқылы бағалады.«Ойлан, бірік, бөліс» әдісін пайдаланып «Нәруыз,көмірсу және май»қоректік заттарына талдау жасап посер қорғады. Постерді кретерий арқылы бағалады.. Тақырыптың ашылуы.Баяндалуы.Эстетикалық талғамы «Қара жәшікке»тыныс алу мүшелерінің нақ пішінін жасырып,.алдыңғы өтілген сабаққа қатысты сұрақтар қою арқылы,үй тапсырмасын қорытындылады. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топ бір-біріне баға береді.(І -ІІ, ІІ -ІІІ, ІІІ - ІV, ІV - І.)

Түсіну дәрежесін бағалау

Жоспарға білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулі бойынша үй тапсырмасын сұрауда оқушылармен диалог құрып, өткен сабақ бойынша білім деңгейлерін анықтау мақсатында «Миға шабуыл» сұрақ - жауап әдісін қолдануды ұйғардым. Оқушыларға:

Өткен сабақта қандай тақырыпты қарастырдық?

Қандай жаңа ұғымдармен таныстық?

Қандай мәлімет сен үшін аса маңызды болды?

Нені түсінбедің?

- деген сұрақтарын қоя отырып, оқушылардың жауаптарына орай диалог құруды жоспарладым.

Л.В.Выготскийдің білім беру моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 39-б). Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің ролі ерекше. Оқушылардың сыныптастары мен мұғалімдерімен диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда білім беру жеңіл, табысты болады. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін айтады. Білім беру - тек мұғалімді тыңдағаннан емес, вербальды құралдарды қолдану арқылы, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асады.

Оқушылар «Жақын арада даму аймағында» алынған ақпаратты жақсы қабылдайтын болғандықтан сабақта оқушыларды топқа бөліп оқытуды жөн көрдім, топқа бөлудің өзінде оқушыларды ойландыруға тырыстым. Сондықтан топқа бөле отырып,сабақты түсіну кезеңінде сыни тұрғыдан ойлауға үйрету стратегиясы бойынша оқушы алдына проблемалық тапсырмалар, сұрақтар беріп өз ойы жайлы ойлауға ықпал жасауды көздедім.

Оқушыларға сабақты қалай түсінгендігін,білуге өзін-өзі бағалау үшін рефлексивті ойларын бағалау парақшаларына жазып отырды.

Бүгінгі сабақта мен нені түсіндім?

Алған білімдерін ,түсіну дірежесін бағалап бекіту мақсатында жұппен жұмыс сәйкестендіру тестін орындаттым және жеке жұмыс тест тапсырмалары берілді. Сабақ соңында оқушыларға бағалау картасын толтыруды тапсырдым.

Бұл А деңгейіндегі Ғасырдың бағалауы

Осы сабақты қалай бағалар едің?

Сенің көңіл күйің қалай өзгерді?

Бұл сабақ менің ақыл-ойымды,ойлау дәрежемді одан әрі өсірді.Тағамның адам үшін маңыздылығын,атқаратын қызметін түсіндім.Сондықтан бүгінгі сабаққа өте жақсы баға беремін.

Менің бүгінгі сабақтан кейінгі көңіл күйім,өте тамаша,себебі бүгінгі сабақ түрлі қызықты тапсырмалармен өтті.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Мен бұл сабақтан кейін астың адам ағзасына маңыздылығын білетінмін.Сабаққадеген қызығушылығым арта түсті

Мен енді тамақтың маңыздылығын тереңірек жетілдіре оқығым,түсінгім келеді

Мен бұл сабақтан кейін Ас адамның арқауы деген сөздің мағынасын енді түсінгендей болдым

Бұл С деңгейіндегі Жұбаныштың сабақты бағалауы

Осы сабақты қалай бағалар едің?

Сенің көңіл күйің қалай өзгерді?

Сабақ өз деңгейінде өтті. Жақсы деп бағалаймын. Топ мүшелері өткен сабақтардан да жақсы өтіп жатыр. Біз түрлі жақсы әдістермен талдау арқылы өтіп жатырмыз.

Көңіл күйім жақсы.Сергіту сәті ұнады. Осы сәтте бәріміз де бір сергіп қалдық.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Улы тағамдардан аулақ болуды

Әлі де болса улы тағамдардың түрлерін білгім келеді.

Витаминнің түрлерін

Сабақты бағалау сәтінде Жұбаныштың тағы бір жауабы біз көп сөйледік, ал сіз бұрын көп түсіндіріп айтатынсыз бұл жолы тек бізді бақылап қана отырдыңыз дегені маған ұнады. Мен Жұбаныштан мұндай сұрақ пен жауапты күткен жоқпын.Кейінгі менің әрекетім осы оқудың мақсатын оқушыға қайта түсіндірдім

Сабақтың тақырыбы:Тағамның маңызы,құрамы

Оқушының аты-жөні:Жақасай Жайықбай

Білемін

Білгім келеді

Түсіндім

Астың адам ағзасындағы маңызын білетінмін.Бұл сабақтан кейін менің қызығушылығым тағамның маңызын,құрамын түсіндім

Тағамның маңызын жетілдіре отырып білгім келеді

«Ас адамның арқауы» деген сөздің мағынасын түсіндім.

Осы сабақты қалай бағалар едің?

Сенің көңіл күйің қалай өзгерді?

Бұл сабақ менің ақыл - ойымды,ойлау дәрежемді одан әрі қызықтырды.Тағамның маңыздылығын атқаратын қызметін түсіндім.Сондықтан бүгінгі сабақты өте жақсы деп бағалаймын

Менің бүгініг сабақтан кейінгі көңіл күйім ,өте тамаша болды.Себебі бүгінгі сабақ түрлі қызықты тапсырмалырмен өтті.Көңіл күйім өте тамаша.Гүлжамал апайға рахмет айтқым келеді.

Оқушының аты жөні:Өтеулі Мөлдір

Сабақтың тақырыбы:Ас қорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары.

Не білдім

Не түсіндім

Не түсінбедім

Мен бүгінгі сабақта Ас қорыту мүшелерінің аурулары туралы білдім.Мен енді осындай аурулардан сақтанамын.Мен бүгінгі сабақта бәрін білдім

Сабақ өте жақсы өтті

Мен бәрін түсіндім .ас қорыту мүшелерінің аурулары туралы білдім

Ішек-құрт аурулары туралы толығырақ білгім келеді

Сыни ойлауды оқушыларымда ,мен де үйрене бастадым,Сыни тұрғыдан ойлау бақылаудың тәжірибенің,ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға,бағалауға,талдауға және синдездеуге бағытталған пәндік шешім.Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады.Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз сабақта оқушылардың қызығушылығын артыра отырып,өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып,тұжырым жасау. Сыни тұргыдан ойлау арқылы ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен озгелердің ойына сыни қарап,естіген,білгенін талдап,салыстырып,реттеп,сұрыптап,жуйелеп,білмененін,өзі зерттеп,дәлелдеп,тұжырым жасау.(МАН -2).

Әр сабақтың негізгі бөлімінде әр топқа тақырыпты бөліп бердім яғни плакат берілді.Ас қорыту жүйесінің мәні неде екенін оқушылар, сызба арқылы, 3-4 топ ассоциясы әдісі арқылы сызып, топта қорғап шықты. Оқушылар топтағы рөлдерін әділ орындап шықты..Топтан шыққан баяндаушылар слайдты негізге ала отырып, өз тақырыпшаларын түсінікті әрі нақты қорғап, топтарға жақсы түсіндірді.

Оқушыларға «Үш қадам» әдіс - тәсілдерін түсіндіре отырып,ақпарақ тараттым. Онда оқушылар топ бойынша жұмыс жасайды. Берілген тапсырманы жазбаша түсіріп, ауызша қорғайды.

А. Сұрақ қойшы

Б. Жазушы

В.Жауап беруші

Қойылған сұрақтарға жазушы өз ойын жақсы айтып шықты.Түсінбей қалған оқушы түсінді. Мысалға айтар болсам, Жаңа сабақ сұрау кезінде оқушыларға сыни сұрақ тастаған болатынмын,ортадан В деңгейіндегі Айқаракөз жауап берді.Сұрақ:Неге тағамдық заттар ,мысалы сүт немесе тауық сорпасын қанға жіберсе адам өліп қалады?Айқаракөздің жауабы: «Сыртқы ортадағы тағамдық заттар организмді қажетті заттармен және энергиямен қамтамасыз ету үшін олар сіңірілуге дайын күйге айналуы қажет.Тірі организмдер қоректік химиялық жолмен ыдыратады,олар зат алмасуға қатысады және сіңіріледі.Сондықтан эволюция нәтижесіндекез-келген тағамның негізін құрайтын нәруыз,май,көмірсуларды қорытатын көнтеген омыртқалы жануарларда бірдей әмбебап аппарат-асқорыту жүйесі құрылады»деп өте жақсы жауап берді Басқада оқушылар өз ойларымен бөлісті.Барлықтарының ойымен келістім.Оқушылар сын тұрғысынан ойлауға дағдылана түсті, олар бірлесіп ойланды.Соның нәтижесінде, өз жұмыстарын берілген уақытқа сай айтып шықты;

Сыни ойлауды дамытуда сәтті болған тұстарым:

Сабақ кезеңінде деңгейлік тапсырмалар берілді;

Оқушылар сыни ойлай алады.;

Мұғаліммен оқушы арасында тұлға аралық байланыс орын алды.;

Сыни ойлауды дамытуда алдағы уақытта өзіме айтар ұсынысым:

Сыни тұрғыдан ойлауды сабақ жоспарымда басшылыққа алу;

Сыни тапсырмаларды оқушылармен бөлісу;

Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту;

Сыни тұрғыда уйрету әдістерін

Өзін-өзі реттеу

«Қалай оқу керектігін үйрену» модулінің атауы «өзін-өзі реттеу»үдерісіне жатады.Бұл үдерісте оқушылар метатану үдерісі арқылы түсіну,бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады.(МАН 44-бет)

ХХI ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті халық үшін», «бәсекеге қабілетті экономика үшін» - деген жолдауында: «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» -деген. Қазіргі заман талабына сай, Елбасының халыққа Жолдауы білім беру ісінде де жыл сайын өзгерістер енгізіп отыр. «Жаңа технологиялық құзірет» бағдарлай білу өз бетінше білім беруде стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді: таңдай білу, талдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, жеткізе білу, жүзеге асыра білу», -деп атап көрсеткен. Осыны жүзеге асыруда жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы, білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгендей, біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс.Бұл-уақыттың талабы. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол - балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде жүзеге асырылуы орынды. Жаңа тұлға оқушыны дамыту жолдары: өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Демек, мектеп оқушыларының ғылым, білімнің қоғамдық қажетті деңгейі мен қамтамасыз ету, оларды Отандық, ұлттық және әлемнің мәдениет арналарына сусындату қажет. Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсіпқойлықты түсінудің жаңа тәсілі талап етіледі (Хойл, 1974). Біз оқушыларға білім беруде бар назарымызды аударатын кездегі таза жеке бастылық және сыныпқа бағытталған тәсіл емес, оның орнына мүғалім білім алушы қоғамдастықтың бір бөлігі болып табылатын, кәсіпқойлыққа бағытталған мейлінше үжымдық және кешенді тәсіл қажет (Болам, МакМахон, Столл және т.б., 2005), оның аясында көшбасшы мүғалім бастама жасаған зерттеулер мен инновацияларға негізделе отырып, оның тәжірибесі дамиды (Фрост және Дюран, 2003). Бүндай тәсіл кезінде біліктілік, білім мүғалімдер арқылы қүрылады. Осы идея менің мектептегі тәжірибем кезінде толық жүзеге асты деп айта аламын, дегенмен бірінші сабақ өткізгенімнен кейін мен рефлективті есеп сияқты сабағыма өзіндік талдау жасадым: сабақта мен не істедім, оқушыларым ұсынған материалды игерді ма, қойған мақсатыма жете алдым ба, не сәтті болды, қай жұмыс түрі сәтсіз болды, неліктен екенін талдадым, сабақ жөніндегі оқушыларымның да пікірлерін таразыладым. Адамгершілік мақсаты бар мүғалімдер өздерінің әріптестеріне және айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерін сыртқа шығарады. Олардың көңілінде үнемі дүрыс, талапқа сай білім беру түрады (Фрост, 2011) десек сабақ өткізгенімнен соң жұмысымдағы әріптестеріммен, бастапқы өзгерістерді айтып ой бөлістім. Бұл кезде менің алғашқы айталатын өзгерісім сабақ түсіндірудегі жаңа тәсілімнің өзгергеру арқылы жаңа заманға ағымына қарай өзімніңде реттеліп келе жатқанымды байқадым..

Оқушыларға сабақ соңында түсінбеген сұрақтарың болса маған қоятын сұрақтарың болса өз ойларыңды ашық хат арқылы ойларын жазуды сұраған болатынмын.Сонда Айфара өз ойын ашық хат арқылы былай жеткізіпті

«Мұғалімге ашық хат!

Біздің құрметті ұстазымыз Гүлжамал апай!

Біздің сізге айтар алғысымыз шексіз.Себебі сіз бізге көптеген сабақтарды өз деңгейіненде жоғары деңгейде өткіздіңіз.Біз бұл сабақтарды күндегі сабақтарға қарағанда қызықты әрі көңілді өткіздік.Бұрын біз жеке сабақ айтып жүрсек ,қазіргі кезде топпен жұмыс жасауды үйрендік. «Бірлесе пішкен тон келте болмас»-деген даналық сөздің мағынасын енді ұғынғандаймыз.Сіз бізге сабақта әр түрлі жаңа тәсілдер арқылы достарымызға сабақ түсіндіруді,бір-бірімізді бағалауды үйреттіңіз.Біз әр сабақ сайын постер қорғап өз ойымызды басқаларға нақты әрі ашық түрде жеткізе білуге бейімделдік.Ой елегінен өткізіп отырсам бірінші сабақтарда біз сыныптастарымыздан «Ойыңды ашық жеткізе алмадың» деген сын естісек,сабақ соңында «Ойларын жақсы жеткізді»деген мақтау сөздер естідік.Мұның өзі мұғалім үшін үлкен жетістік.Өткен сабақтар арқылы мен топтың әр мүшесінің топ ішінде ерекше орны бар екендігін түсіндім.Сабақ барысында біріміз жазсақ,біріміз айтып,біріміз постердің ұқыптылығын қадағалап отырдық.Мұның өзі топ мүшелері бірімен -бірі тығыз байланыста екенінің айғағы іспеттес.Маған апайдың тәсілдерінің ішінде постер қорғау «Екі жұлдыз,бір пікір»арқылы бағалау сонымен қатар сергіту сәті ерекше ұнады.Мен алдағы уақытта барлық сабақтар топпен жұмыс жасау арқылы өтсе.Әзірге бізде қазақ тілі мен әдебиет ,география және биология сабақтары өткізіледі.Себебі бұл әдіс оқушыларға сабақ түсіндіруде өте тиімді.Себебі біз әр сабақта өз-өзімізді реттеп,бағалап,талдау жасап отырамыз Мен осындай қызықты әрі түсінікті сабақ өткізген Гүлжамал апайға алғысымды білдіргім келеді,Менің бұл ойыма достарымда келіседі деп ойлаймын.»

Бұл менің дарынды оқушымның менімен бөліскен ойы болатын...

7«Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулі әр сабағыма кірістіріліп отырды.Оқушының сабаққа деген қабілетін, біліктілігін, әлеуеттік мүмкіндіктерін ашу үшін оларға жағдай жасауымыз қажет. Оқушының дарындылығын кеңейтілген тапсырмалар арқылы анықтауға болады. Мектептегі тәжірибемде кедергілер кездесті: уақыттың жетіспеушілігі, пән мұғалімдерінің түсінбестік танытуы, жыл аяғындағы қорытынды кезең. Алдағы уақытта бағдарламаның қыр-сырын оқып, өз тәжірибемде пайдаланамын.

"... Бізге керегі шын дарындар.Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті,"- деп еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде айтқан болатын.

Дарынды, талантты оқушылардың қабілеттерін ашу - әрбір ұстаздың шеберлігіне байланысты деуге болады. Көптеген кезеңдерде дарынды мен таланттыны анықтай алмаймыз және диагностикалық әдістерді білмегендіктен, дарынды оқушыны анықтауда төмен нәтижелер көрсетіп жатамыз.Дәл осы қиындықтарды жеңу үшін өзіндік дайындығы бар тәжірибелері ұстаздардан үйренеріміз көп..Мектептегі тәжірибе кезеңінде дарныды және талантты оқушыларды қалай зерттеймін деген ой болды..Әр сабағымда деңгейлік тапсырмалар дайындап келіп отырдым. Бірінші сабақта үлгерімі жоғары оқушылар Ас қорыту жүйесінің маңызын, тағамнан улану,тағамдағы витаминдердің түрлерін , нақты далелмен айтып тапсырманы орындап шықты.Төмен дәрежелі оқушылар сабақ барысында «ия және жоқ» кестесін толтырып, тапсырманы орындады. Берілген тапсырманы жазбаша түсіріп,ауызша қорғап шықты. Жаңа сабақты қорытындылау кезеңіндедарынды оқушылар сәйкестендіру тапсырмаларын тараттым.

Нәтижесінде Райсаның сұрақтарының сегізіне дұрыс,екі сұраққа ғана қателескен.Ал,Айфара жаңа сабақты жақсы меңгергенін білдім. Оқушыларға жаңа сабақты өз беттерінше оқуды тапсырдым.7 минут уақыт беріле отырып, оқушыларға өзара талқылауға берілді.Оқушылар жаңа мәтінмен танысып болғаннан кейін жаңа сабақты талдау мақсатында «Ой толғаныс» сатысы бойынша әр топқа мәтін бойынша сұрақтар таратылады. Топішілік талдау жүргізе отырып, топ аралық жұмыстар жасайды. Бұл кезеңде оқушы өздігінен оқиды. Оқушылар өзара пікір алысады.Топтан шыққан оқушылар өздерінің не түсінгендерін айта отырып, жаңа сабақтың қаншалықты меңгергендіктерін байқатады. Топтан шыққан баяндаушы Жайықбай,Ғасыр,Гүлназым ,Айқаракөз топта өте белсенді араласып отырды.Сабақты қорытындылау кезінде оқушыларға тест тапсырмалары, слайдтар көрсетілді.Әр топта жеке оқушы жауа беріп отырды. Сабақтың жаңаша түрде жоспарланып өтіп отырғаны оқушылардың қызығушылығын оятты. Белсенділігі төмен оқушыларда сабаққа жақсы атсалысты.

8Сыни тұрғыдан ойлауды бағалау


Әдетте «баға - жазалау құралы» деген ұғым бар, себебі кейде мұғалім оқушыны оқуға мәжбүрлеу үшін осы бағалауды пайдаланады. Мен «Бетпе-бет»кезеңінде өзім жұмыс жасайтын мектебімде тәжірибеден өту барысында осы курс бойынша түрлі тәсіл арқылы және бағалау түрлерін пайдалана отырып тізбектелген төрт сабағымды өткіздім.Сабақ өту барысында бағалаудың мына түрлерін пайдаландым:

1.Смайликтер арқылы бағалау. 2.Тест арқылы бағалау. 3.Өзін-өзі бағалау. 4.Топпен бағалау. 5.Жеке бағалау 6.Жұппен бағалау 7. «Бағдаршам» арқылы бағалау 8.Критериальді бағалау. 9. «Мақсат ағашы»бағалау .10.Бармақпен бағалау Осы бағалау түрлері білім алу барысында көптеген септігі тиді.

Оқушылар сыни тапсырмалар мен сұрақтарға жауап беру арқылы бірін-бірі бағалап отырды.Постер қорғауда кретерий ,басбармақпен,фишкалармен бағаланып отырды..


Мен не үйрендім?

Оқушы не үйренді?

●Блум токсономиясы бойынша мақсат қоюды

●Топқа бөлу арқылы оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруды

●Ой-өрісім кеңейді

●Шығармашылығым шындалды

●Сыни сұрақтарын саралап беруге дағдыландым

●Сыни тапсырмаларды тақырыпқа сай ұсынуды меңгердім

●Білім беру үшін бағалауды, сабақ процесінде қолдануды үйрендім.


●Жан-жақты ойлана білді

●Ашық сұрақтар беру барысында түрлі ойлар айтылды

●Жұмылып пікір алмасуға дағдыланды

●Топпен бірлесіп жұмыс жасайды үйренді

●Оқушылар бір-бірін оқытуды үйренді

●Жұппен жұмыс жасауды үйренді

●Интернеттен керекті мәліметтер алуды үйренді

●Білім алу іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауды үйренді

●Бағытталған нәтижеге қол жеткізуді үйренді

Ұсыныстарым:

Сабақ жоспарын құрғанда сыни тұрғыдан ойлауды үйрету модульі басшылыққа алу:

Оқушыларға сыни ойлауға тапсырмалар беруді жетілдіріп отыру;

Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту;

Сыни тұрғыда үйрету әдістерін кеңінен қолдану




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал