7


  • Учителю
  • Сабақ жоспар'Гүлдің құрылысы' (6-сынып)

Сабақ жоспар'Гүлдің құрылысы' (6-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қырық құдық ауылы орта мектебі


Сабақ жоспар


Тақырыбы: Гүлдің құрылысы мен маңызы.


Биология және химия пәнінің мұғалімі : Абилова Ғазиза Исматовна

2015-2016 оқу жылы


Оқу ісінің меңгерушісі: Айгисова С.Е. _________


Сабақ№_20_ Сыныбы___6___ Күні_18.11.2015 ж._

Тақырыбы: &20 Гүлдің құрылысы мен маңызы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға гүлдің құрылысы мен маңызы жайлы мәлімет беру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, тақта,т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. ІV. Қорытындылау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру V.Сабақты пысықтау үшін тапсырма беру

ІІІ. Жаңа сабақты өту VІ. Үйге тапсырма беру.

І. Ұйымдастыру кезеңі. (Сәлемдесу,түгендеу)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ-жауап

1.Шырынды сабақтар өсімдікте қандай қызмет атқарады?

2.Жерасты өркендерін атаңдар,неліктен жерасты өркендері дейді,түрін өзгертуіне не себеп болған?

3.Тамырсабақтың тамырдан айырмашылығын түсіндір.

4.Тамырсабақты қандай белгілеріне қарап өркен деп атайды?

5.Түйнектің және пиязшықтың құрылысын талдап беріңдер.

6.Түбіртек деген не? Ол қандай қызмет атқарады?

ІІІ. Жаңа сабақты өту

Ассосациялық карта: балалар гүл дегенде көз алдарыңа не келеді, ойларыңызға не түседі?

Хош иіс Әдемілік Сыйлық

ГҮЛ


Көбею мүшесі Қысқарған өркен Әртүрлі түстер

Гүл құрылысы көрсетілген макет және нағыз гүлді көрсете отырып оқушыларды гүлдің құрылысымен таныстыру.

Гүлдің құрылысы

Гүл сағақ

Гүл табан

аналық

аталық

күлте

тостағанша


Гүлсерік

Қос гүлсерік

Жай гүлсерік

Гүлсеріксіз

тостағанша, күлте

күлте

тостағанша

Тостағанша мен күлте жапырақшалары болмайды



ІV. Қорытындылау.

V.Сабақты пысықтау үшін тапсырма беру

Оқулық мәтініндегі суреттерді пайдалана отырып, гүлдің көбею мүшелеріне тірек-сызбаны құрастыру үшін әр топқа тапсырма беріледі.

1-топқа - Аталықтың құрылысы

2-топқа - Аналықтың құрылысы

3-топқа - Гүлдің құрылысы

№14-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Гүл құрылысын талдау.

Мақсаты: Өсімдіктің көбею немесе генеративті мүшесі - гүлдің құрылысын зерттеу.

Құрал-жабдықтар: нағыз гүлдер (қызғалдақ гүлдеп тұрған бөлме өсімдіктері және т.б.), қатты қағаздан ойылған жеке бөліктері, ұлғайтқыш қол әйнек, сапты ине.

Жұмыстың барысы:

1. Нағыз гүлден (ол болмаса) немесе гүл бөліктерінің қатты қағаздан жеке-жеке қиылған жапсырма (аппликация) көрнекі құралдардан гүл бөлімдерін табу, пішініне, санына, реңдеріне көңіл аудару.

2. Табиғи (нағыз) гүлден гүл бөліктерінің орналасу тәртібімен танысу.

3. Гүл бөліктеріне қарап жай немесе қос гүлсерікті екендігін анықтап ажырату.

4. Аталық пен аналықты жеке бөліп алып құрылыстарымен танысу, суретін салып атын жазу.

Нәтижесі: 1) Гүлдің құрылысын жаз:


1.____________________________________________

2.____________________________________________

3.____________________________________________

4.____________________________________________

5.____________________________________________


2) Берілген сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әрпін қойып белгілеңдер («ГС» - гүлсағақ; «ГТ» - гүлтабан; «Т» - тостағанша; «К» - күлте; «А» - аталық; «Ж» - аналық).

1. Гүлдің дәл ортасына орналасқан.

2. Тозаң ұясы бар.

3. Гүлсеріктің ішкі бөлігі.

4. Үлпекке айналған бөлігі.

5. Жәндіктер қоректенеді.

6. Шірне бөлетін бөлігі.

7. Жабысқақ сұйықтық бөледі.

8. Ұшы ілмешекке айналған бөлігі.

9. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі.

10. Хош иіс шығаратын бөлігі.

11. Мойны бар.

3) Мыналардың қайсысы дұрыс гүл, қайсысы бұрыс гүл?

Қорытынды:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


VІ. Үйге тапсырма беру. §20.71-74 бет.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал