- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Ч. Дарвин ілімінің алғы шарттары
Сабақтың тақырыбы: Ч. Дарвин ілімінің алғы шарттары
8 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ч.Дарвин ілімінің алғы шарттары
Сабақтың мақсаты: 1. Ч.Дарвиннің өмірбаяны және еңбектері. Оның ілімінің дүниеге келу
алғышарттары туралы теориялық білімдерін толықтыру
2. Оқушылардың білім дағдыларын қалыптастыру, ойлау, іздену, ой-
өрісін дамыту.
3. Ч.Дарвин ілімінің алғышарттарын дамыта оқыту, жеке жұмыс жасауға
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнектілігі: тақырыпқа сай суреттер, тапсырмалар жазылған слайдтар, кестелер
Сабақтың әдістері: сұрақ -жауап,танымдық тапсырма, тірек-сызба.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту
Сабақтың барысы:
І. Кіріктірілген бөлім. Бағдарлау- мотивациялық кезең
1тапсырма 6 ұпай Қызығушылығын ояту :
«Білімді оқушы» ойыны
Сұрақтар:
1. Сендер Ч.Дарвин туралы не білесіндер?
2. Ч.Дарвин қай кезде, қай елде өмір сүрген?
3. Ч.Дарвин дәуірінде қандай қоғамдық-саяси құрылыс қалыптасты?
4.Ч.Дарвин кезіндегі Англиядағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының даму ерекшеліктерін еске түсіріңдер?
5. Отар - дегеніміз не?
6. Қандай еуропалық мемлекеттерде отарлар көп болды және олар қайда орналасты?
ІІ. Сараланған бөлім. Операциялық - орындаушылық кезең.
1тапсырма 4 ұпай Оқулықпен жұмыс
Ч.Дарвин өмірбаянын оқып шығыңыз:
А) Ч.Дарвинге эволюциялық ілімінің негізін салуға не көмектесті? _____________________________
_______________________________________________________________________________________
Б) Ч.Дарвин эволюциялық дамуды қандай еңбектері арқылы дәлелдеді деп ойлайсыз?_____________
_______________________________________________________________________________________
2 тапсырма 3 ұпай Кестемен жұмыс
ХУІІІ-ХІХ ғасырдағы ғалым биологтар еңбегі
Авторлар
Биология ғылымының дамуына қосқан үлесі
Дүниетану сипаты
К.Линней
Ж.Б.Ламарк
Ч.Дарвин
3 тапсырма Танымдық тапсырма
Ч.Дарвин ілімінің пайда болуына қандай жағдайлар себеп болды? ____________________________________
________________________________________________
Ч.Дарвин эволюциялық ілімінің тарихи алғы шарттары ________________________________________________________________________________________________
А.Уаллес кім? Неге оның есімі Ч.Дарвинмен қатар аталады? ________________________________________
________________________________________________
4тапсырма 4 ұпай
Суретпен жұмыс