7


Сабақ жоспары №5 7сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:

Сынып 7

</ Сабақтың тақырыбы: Жасыл эвглена - жануарлар мен өсімдіктерге тән белгілердің қатарынан екеуін де біріктірген қарапайым жәндік.

Сабақтың мақсаты: Оқушылар жасыл эвглена туралы оқиды, топта жұмыс жасап, мәтінді талдайды, қорытындылайды, формативті бағалайды.

Сабақта қолданылатын әдіс - тәсіл: тест, ЖИГСО 1, 5 жолды өлең, венн диаграммасы

Сабақта қолданылатын технология: СТО

Сабақ типі: аралас

І. Ұйымдастыру кезеңі

(Сәлемдесу. Біржасушалылардың суреті бойынша топқа бөлу.)

І топ Амеба ІІ топ Эвглена ІІІ топ кірпікшелі кебісше



Әр топтың басшысын сайлау. Бағалау парағын тарату.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Амебалар. Қарапайым амеба. Тақырыбы бойынша үйге шағын шығарма, өлең жолдары мен суреттерін салып келу тапсырылған.

Тест тапсырмалары арқылы үй жұмысын бекіту.

1. Біржасушалы жалғанаяқты жәндік

А) эвглена

В) амеба

С) кірпікшелі кебісше

2. Қарапайымдылардың неше мыңға жуық түрі белгілі

А) 25 000 - 70 000

В) 30 000 - 40 000

С) 15 000 - 20 000

3. Циста дегеніміз не?

А) цитоплазма

В) ұя

С) қаптама

4. Амебаша қозғалатын біржасушалылардың екінші атауы

А) гидралылар

В) тамыраяқтылар

С) табақшатәріздестер

5. «Амеба» сөзін гректің тілінен аударғанда, қазақша баламасын тап

А) «өзгергіш»

В) «ұқсастық»

С) «тасымалдау»

6. Амеба жалғанаяқтары арқылы не істейді?

А) секіреді, билейді

В) өседі

С) қозғалады, қорегін қармайды

7. Амеба немен тыныс алады?

А) ауадағы оттегімен (О2)

В) суда еріген оттегімен (О2)

С) суда еріген көмірқышқыл газымен (СО2)

8. Амеба денесінің екіге тең бөлініп, көбеюі қалай аталады?

А) спора арқылы көбею

В) жынысты көбею

С) жыныссыз көбею

9. Қандай жағдайда амеба циста түзеді?

А) қолайсыз

В) қолайлы

С) дұрыс жауап жоқ

10. Амеба немен қоректенеді?

А) бунақденелілермен

В) ұсақ балдырлар, бактериялармен

С) балықтармен



Бағалау

9 - 10 дұрыс жауапқа - «5»

7 - 8 дұрыс жауапқа - «4»

5 - 6 дұрыс жауапқа - «3»

5 - тен төмен - «2»

Жауап кілті

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

В А С В А С С С А В



Сергіту сәті. Амеба ойыны.



ІІІ. Жаңа сабақ

Қызығушылығын ояту кезеңі.

Жұмбақ шешу.

Күндіз қоректенгенде зат жинайды денеге,

Түнде қоректенгенде заттар жейді ол неге?

Өсімдік пе, жәндік пе?

Айтшы мұнда не сыр бар?

Бір жасушалы талшықты

Бұл қай жәндік балалар?

(Жасыл эвглена)

Бейне көрсетілім. Эвглена.

Әр топ оқушысын сандар бойынша бөлу 1, 2, 3, 4, 5.

Мағынаны ажырату кезеңі.



Мәтінмен жұмыс.

Топ мүшелері сан номері бойынша ауысып, берілген тапсырмаларды оқиды. Оқып болғаннан соң, қайта топтарына оралып бір - біріне кезектесіп мазмұндайды.

№1 Талшықтылар класы, жасыл эвгленаның тіршілігі, сыртқы құрылысы және қозғалуы туралы оқиды.

№2 Эвгленаның қоректенуі туралы оқиды.

№3 Эвгленаның тыныс алуы және зәр шығаруы. Жарықты сезуі туралы оқиды.

№4 Эвгленаның көбеюі туралы оқиды.

№5 Эвгленаның циста түзуі туралы оқиды.

3 топ бір - біріне 2 сұрақтан дайындайды. Сұқ саусақ стратегиясы арқылы топтар сұрақтарға жауап қайтарады. Формативті бағалайды.



ІV. Сабақты бекіту

БІРЖАСУШАЛЫЛАРДЫҢ ТАБИҒАТТАҒЫ ЖӘНЕ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ. Дарынды оқушымен жұмыс. Шкебаев Тимур.

Әр топ постер жасап, қорғайды.

Ой толғаныс кезеңі.

5 жолды өлең және венн диаграммасы, суретпен жұмыс жаса.

5 жолды өлең құрастыру.

1. Зат есім. Кім?

2. Сын есім. Қандай?

3. Етістік. Не істейді?

4. 4 сөзден құралған сөйлем.

5. Балама сөз.

Суреттерге қарай отырып қандай организмдер екендігін анықта. Олардың аттары мен дене бөліктерін жаз.



Ү. Бүгінгі сабақтан болашаққа қандай азық алдыңдар?

Не ұнады? Не ұнамады? Стикерлерге жазады.

Бағалау. Әр топтың басшысы өз тобындағы оқушыларын бағалайды

Үйге:

1. Эвгленаның құрылысын макет түрін жасау.

2. 5 сұрақтан тұратын тест.

3. 5 тақырыпты қайталау. 20 беттегі сұрақтарға жауап жазу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал