7


  • Учителю
  • Жасыл өсімдіктердің ғарыштық рөлі. Ашық сабақ. 6 сынып

Жасыл өсімдіктердің ғарыштық рөлі. Ашық сабақ. 6 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Биология 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Жасыл өсімдіктердің ғарыштық рөлі»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тірі организм ретінде өсімдік мүшелері, олардың бір-бірінен ерекшеліктері, өсімдіктердің органикалық заттарды түзуі, энергия жинақтау және атмосферада оттекті молайту мен жерде топырақ түзілу әрекетіне қатысуға байланысты білім беру.

Дамытушылық: Жасыл өсімдіктер жөнінде білімдерін кеңейту, таным қабілеттерін арттыру, қызығушылықтарын ояту.

Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа, табиғатты қорғай білуге, жеміс түрлерін ажырата білуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: топтастыру, семантикалық карта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үйге берілген тапсырманы тексеру

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі


Жер бетінде өсімдіктерге бейжай қарайтын бір де бір адам жоқ!

Өсімдіктің ең қайталанбас, ең ғажайып, ең құпия ТАМАШАСЫ! Ол не?

Өсімдіктің Гүл, Жапырақ, Жеміс, Тұқым, Тамыры - барлығы да адам үшін пайдалы заттарға бай! Соншама пайдалы заттарды өсімдіктер қайдан алады?!

Өсімдіктер тек су мен минералды заттарды ғана жұтпай ма?!

Барлығы өсімдіктердің бірегей қабілетінде! Өсімдіктер Күн сәулесінің қуатын пайдаланады! Бұл жайлы сабақта білеміз! Ол үшін жапыраққа аттанайық!

(Хлорофилдің микропрепаратын микроскоппен қарап, құрылысымен танысамыз.)

Жапырақтың ішкі құрылысы: Жоғарғы қабаты - эпидермис.

Эпидермис жасушасы - мөлдір. Неге олай деп ойлайсыңдар?

Өсімдік неге жасыл түсті? Себебі, жасушада жасыл пигмент - ХЛОРОФИЛЛ бар

Хлорофилл құрамындағы магний атомы өз кезегінде өсімдіктердің жасыл түсті болуына себепкер. Хлоропласт дөңгелек пішінді, қос қабатты мембраналы

Хлоропласт ішінде текшеленген құрылым - граналар. Граналар тилакоидтардан тұрады, олардың ішінде хлорофилл орналасады. Осы хлорофилл органойдында өсімдіктің бірегей процесі - фотосинтез өтеді.

Фотосинтез процесі жалпы 2 сатыға: жарық және қараңғы болып бөлінеді.

Жарық фаза хлоропласта жарықта жүреді. Жарық әсерінен хлорофилл молекуласы қозып, бір электроны жоғары деңгейге өтеді. Ол тотығу-орынбасу реакциясына қатысады. Пайда болған энергия АТФ-тің қалпына келуіне жұмсалады.Жарық фазаның маңызы:

Қуатты биологиялық жүйеге қабылдаушы пигментті жүйе арқылы енгізу.

арық қуатын «биологиялық қуатқа» айналдыру.

Фотосинтетикалық пигменттердің негізгі кластары:

Хлорофилдер. Каротиноидтар. Фикобилиндер.

Дәптерге жазамыз

Фотосинтез - Күн сәулесі қатысында су, көмірқышқыл газынан органикалық зат - глюкоза түзілу және оттектің бөліну процесі.

Крахмал - өсімдіктерде қорға жиналатын көмірсу

Көмірсу ферменттердің әсерінен ақуыз бен майға айналады

Автотрофтар - органикалық заттарды синтездеуге қабілетті организмдер

5. Қорытынды

Фотосинтездің маңызы

Жасыл жапырақсыз өсімдік түгілі Жер бетінде тіршілік те болмас еді

Жер атмосферасы өсімдіктердің фотосинтез процесі нәтижесінде түзілген

Орыс ботанигі А.К.Тимирязев жасыл жапырақты өмір фабрикасы деп атаған. Оған шикізат ретінде көмірқышқыл газы мен су, ал қозғаушысы жарық болып табылады.


Білімді бекіту


Салыстыру критериі

Тынысалу

Фотосинтез

Өсімдіктің қай мүшесі, органоидында өтеді

Жапырақ, митохондрия

Жапырақ, хлоропласт

Қандай заттар жұтылады?

Оттек

Көмір қышқыл газы, су, минералды заттар

Қандай заттар бөлінеді?

Көмір қышқыл газы

Оттек

Жарықтың ролі

Алмасудың қай типі

Жоқ

Энергетикалық

Бар

Пластикалық

Органикалық заттар өзгерісі

Органикалық заттардың тотығуы

Органикалық заттардың синтезі

Бекіту сұрақтары.

1.Өсімдіктің ауамен қоректену мүшесі -

2.Фотосинтезге қажетті заттар

3.Қай мүше су, минералды заттарды сіңіреді?

4.Жасушаның қай органоидында фотосинтез өтеді?

5. Өсімдіктің жасыл түсті пигменті

6.Организмдердің бейораникалық заттардан органикалық заттарды синтездеуге қабілетті қоректену тәсілі


5. Үй тапсырмасы. «Жасыл өсімдіктердің ғарыштық рөлі» хабарлама жазып келу, біліміңді тексер.

6. Бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал