7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары биология пәнінен 6 сынып Бактерия туралы жалпы сипаттама

Сабақ жоспары биология пәнінен 6 сынып Бактерия туралы жалпы сипаттама

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектеп: №11 М.П.Окороков атындағы жалпы орта мектебі,

Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы





Сабақ:1 « Бактериялар дүние тармағы».

7 сынып. Биология Мұғалім: Алипбаева Н.Н.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі: Оқушыларға бактериялар туралы түсінік қалыптастыру, бактериялардың тіршілік формасын және тіршілік қасиеттерін біліп үйрену .

Дамытушылығы: Оқушылардың тез ойлау қабілеті мен есептеу мәдениетінің дамуына ықпал жасау.

Тәрбиелігі: Оқушылардың танымдық қызығушылығын туғызу. Топпен жұмыста достық қатынасты қалыптастыру. Ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Тілдік мақсаттар: Оқушылар орындай алады: Бактерияларды түсіну және ауызша түсіндіре білу.

Биологиялық терминалогия: микробиология, бактерия, сапрофитті, паразитті, спора, жасуша, ДНҚ , таралу аймақтары,

Оқыту ресурстары:

Интербелсенді тақта, оқулық, бор, тақта, жұмыс дәптерлері, түрлі түсті қалам, түрлі түсті қағаз, қайшы

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:. Бүгінгі сабақта келесі ережелер бойынша жұмыс атқарамыз.

  • Сергіту сәті.

  • Топтарға бөлу.

  • Өзіндік жұмыс

  • Көпіршелер арқылы оқыту

  • Топтық жұмыс

  • Постер жасау

  • Жаңа мағлұмат аламыз.

  • Өз ойларыңды айту.

  • Рефлексия



  • Қызығушылықты ояту:

  • Сергіту сәті: 2 минут

«Екі жұлдыз, бір тілек» оқушылар бір-біріне бойындағы адмагершілік қасиеттерін айтып, тілек білдіреді.

  • Топтарға бөлу: 1 минут

Геометриялық фигуралар бойынша оқушыларды топтастыру.(үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, алтыбұрыш)

ІІ. Қайталау:

  • Тірі ағзалар неше дүниеге жіктеледі?

  • Тірі ағзалардың тіршілік формасын айтып беріңдер?

  • Тірі ағзалардың негізгі қасиеттерін ата?

  • Өзіндік жұмыс: 7 минут

вирустар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар туралы тірек сөздер беріледі. Тірек сөздер арқылы оқушылар үй тапсырмасын жазады. Тапсырманы жазып болған соң, әр топ өзінің жұмысын қорғайды.

  • Көпіршелер арқылы оқыту: 5 минут

Әр топ мүшелері жазған жұмысын бір-бірімен ауысып, толықтырулар енгізіп, бағалауға болады.

  • Ой толғаныс:



- Оқушылар сендермен біз бүгінгі сабақта тірі ағзалардың дүниесіне шолу жасадық. Енді тірі ағзалардың топтарын ажырата аламыз.

- Сонымен бізде қандай ағзалық әлем туралы айтылмады?

- Ия, бүгін біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы қандай болмақшы?

Интербелсенді тақтадан сабақтың тақырыбы шығады.



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру: Презентация 20 минут

Жаңа сабақты оқыту және оқу үшін әдісі бойынша оқулықтағы тақырыпқа шолу жасайды. Оқулықтағы тақырып бойынша оқушыларға тапсырма беріледі.



І топ: Микробиологияның ашылу тарихы



ІІ топ: Бактерияның құрылысы

Сабақ жоспары биология пәнінен 6 сынып Бактерия туралы жалпы сипаттама





ІІІ топ: Бактерияның түрлері





ІV топ: Бактерияның тіршілік әрекеті



  • Мағынаны тану:



Әр топ постерді жасап, қорғайды. Постер жасаған кезде оқушылар оқулықты пайдаланады. Өздері ізденіп, шығармашылық жұмыс пен жаңа мағлұматтарды алады. Әр топ жұмысын қорғау кезінде спикер сайлап алады. Спикерге көмекші алуға да болады.



І топ: Жанар

Микробиологияның ашылуына үлес қосқан ғалымдар туралы баяндады.

Бактерияларды алғаш рет 1683 жылы микроскопты ғылыми зерттеулерде пайдаланған голланд ғалымы Антони ван Левенгук (1632-1723) екені жайлы мағлұматтар келтірді.Кейіннен ХІХ ғасырдың екінші жартысында француз ғалымы Луи Пастер (1822-1895) көптеген ашу процестері арнайы микроағзалардың тікелей қатысуы арқылы болатынын анықтап, тіршіліктің өздігінен пайда болады деген көзқарасты тәжірибе жасап, жоққа шығарды.



ІІ топ: Жазира

Бактерияның құрылысын түсіндірді. Бактерия -ядросыз ағза. Бактерия жасушасындағы тұқым қуалайтын ақпарат цитоплазмадағы бір ғана ДНҚ-ның молекуласынан тұрады және оның пішіні сақина тәрізді. Бактерия жасушасындағы қор заттары - полисахаридттер, майлар, полифосфаттар және күкірт түрінде болады. Спора - тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Спора түзу арқылы бактерия жасушасы қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғанады.



ІІІ топ: Аружан

«Бактерия» сөзі грек тілінен «таяқша» деген мағына білдіреді. Бактериялардың пішіндеріне қарай мынадай түрлерге жіктеледі:

  • Үтір

  • Таяқша

  • Сопақша

  • Шар

  • т.б.

ІV топ: Мақсат



Бактериялар қоретенуіне қарай екіге жіктеледі.

  1. Сапрофитті - ағзалардың өлі қалдықтарымен қоректенетіндер.

  2. Паразитті - тірі ағзалардың ұлпаларымен, не мүшелерімен қоректенетіндер.

Бактериялар ауада, топырақ арасында, суда, тау басындағы қар мен мұздықтарда, ыстық қайнар суында(+90◦ с) да кездеседі. Бактериялардың тіршілігі үшін ең қолайлы табиғи орта - топырақ. Топырақтың түріне сәйкес 1 г топырақта 200 млн-нан 2 млрд. дана бактериялар кездеседі.

Ү.Сабақты қорытындылау: 3 минут

Мұғалім. Ал енді сабағымызды қорытындылайық.

Қарапайым сұрақ:

  • Микробиологияға үлес қосқан қандай ғалымдар ?

  • Бактерия сөзі қандай мағына береді?

  • Бактериялардың құрылысы қандай?

  • Бактериялардың түрлерін ата?





ІХ. Рефлексия 2 минутБіржасушалы ағзаларды

Бактериялар туралы

Микроскоп жайлы

Бактериялар туралы толығырақ мағлұматтар

Ғалымдардың еңбектері жайлы

Микробиология ғылымы туралы

Бактерияның түрлері, таралу аймақтары





Х. Үй тапсырмасы: Микроскоптың шығу тарихын, ғалымдар жайлы мәліметтер жинақтап келу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал