7


  • Учителю
  • Биология пәні бойынша ҰБТға дайындық

Биология пәні бойынша ҰБТға дайындық

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

БИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ҰБТ-ға

ОҚУШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ

ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Тақырыбы: Биология пәні бойынша ҰБТ-ге оқушыларды дайындаудың

тиімді жолдары

Мақсаты: ҰБТ кезінде кездесетін қиындықтардың алдын алу және оқушыларды тестілеуге дайындалудың түрлі тәсілдерін қарастыру

Міндеті:

Білім беру мекемелерінің педагогикалық ғылымның және озық педагогикалық тәжірибесінің жетістіктерін жұмыс тәжірибесіне енгізу.

ҰБТ тапсыруда оқушылардың дайындық сапасын көтеруде мұғалімдерге консультациялық, әдістемелік көмек көрсету.

Пән мұғалімдеріне білім үрдісінің сапасын қамтамасыз ету бойынша өндіру кепілдемелерін, педагогтардың іс- әреттерінің нәтижелерін қадағалау.

Шығармашылық белсенділіктерін дамытуда, педагогтардың шеберліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: баяндау, иллюстрация, таныстырылым, топтық тапсырмалар

Әдісі: сұрақ-жауап, жеке, жұппен, топтық жұмыс

Қолданылатын стратегиялар: «ой-қозғау», «миға шабуыл», «жанұя», «семантикалық карта», «венн диаграммасы», «активатор»

Құрал-жабдықтар: үлестірмелі тапсырмалар, стикерлер, маркерлер, флипчарт, карындаш, тест жинақтары.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

2. Түрлі түсті лента арқылы шағын топтарға бөліну

Өзара танысу. Жағдаят ұсыну.

«Егер сіз білім беру саласында жұмыс істемесеңіз, онда Сіз немен айналысар едіңіз? Сіз қандай мансап жөнінде арман етесіз? Бұл жағдайда Сізге ақша, дарын, уақыт кедергі болып саналмайды деп есептеңіз.» Әрбір қатысушы өзін тобында таныстырады.

ҰБТ-ге дайындық төмендегі тәртіп бойынша өтеді:

Жұмысқа дайындық.

Конспектіге арналған жалпы дәптер (терминдер, анықтама, даталар, ғалымдар және т.б. басқа.)

Тестіге және қатемен жұмысқа арналған жалпы дәптер.

Биология пәні бойынша қосымша әдебиеттер (анықтамалықтар, тренажерлер, сызбанұсқалар, кестелер және т.б.)

Биология пәнінен тест жинақтары

Биология пәні бойынша 6, 7 ,8, 9, 10, 11 сыныптарға арналған оқулықтар.

Жұмысқа дайындықтың негізгі кезеңі

1. Оқулықтан және анықтамалықтан теориялық материалдар.

2. Негізгі анықтамаларды, терминдерді дәптерге конспектілеп жазу

3. Қатемен жұмыс және босатқан сабақтарға арналған семинар сабақтарын

4. Қолданылатын оқулықтар бойынша тесті жұмыстарын жасау

5. Тестілеу жұмысы.

6. Тестілеуде кеткен қателіктермен жұмыс жасау.

Үй жұмысы:

Мектепте сабақ кезінде мұғалім берген тапсырманы өз бетімен орындау.

Дәптерге негізгі терминдерді, анықтамаларды жазып алу.

Өз білімін тест тапсырмаларын орындау арқылы тексеру.

4. Мектептегі оқу барысында тестіні орындау кезінде болған қателіктермен жұмыс жасау

Мектептегі жұмыс:

Лекция.

Берілген тақырып бойынша семинар сабақ:

1) Өткен білімдерін әңгіме, сұрақ-жауап түрінде оқушылардан сұрау.

2) Қиындық тудырған тақырыпты талдау.

2. Тестілеу:

1) Қатысушылардың тест бойынша жекелей жұмысы (білімін бақылауы)

2) Тапсырмаларды талдау кезінде қиындық тудырған сұрақтармен жұмыс

3) Бақылау тестілері

Нәтиженің көрсеткіші :

Сабақтың нәтижесі берілген бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес болуы керек

Байқау тестілерінің бағалануы балдық жүйеге сәйкес болады.

Қатысушылардың білім, білік дағдыларын бағалау кезінде әр оқушының жетістікке жетуіне жағдай туғызып, өз бетімен дайындалуына мүмкіндік беру керек.

Талапкерлер ҰБТ-ге дайындық барысында

Білуі керек:

1.Негізгі түсініктерді білу, заңдылықтар мен заңдарды, өсімдіктер, жануарлар және адам организмінің тіршілігіндегі құрлысы мен дамуы, тірі табиғаттың дамуы.

2.Өсімдік, жануар, адамның тіршілігі мен құрылысы мен классификациясы, өсімдік пен жануарлардың негізгі топтары.

3.Биологияны теориялық,практикалық жағынан түсініп, оның негізгі бағытын білу және табиғаттың құбылыстарына қорытынды шығара білу керек.

Оқушылардың таным белсенділігін арттырудың бірден-бір жолы-оқулықпен жұмыс. Білім көзі-оқулықта. Оқулықпен жұмыс істеуді дұрыс жолға қою арқылы оқушылардың өздігінше ізденіп,білімін толықтыруын қамтамасыз етуге болады. Оқулық ғылыми тұрғыдан қанша дұрыс болса да,материалды өз дәрежесінде сапалы меңгерту мұғалімнің әдістемелік шеберлігін,

оқушылармен жұмыс істеу тәсілінің тиімділігін қажет етеді. Бұл мақсатта жалпы білім беретін оқу орындарындағы биология оқулықтарындағы негізгі мәліметтерді жүйелеу қажет. Оқушыларды ұлттық бірінғай тестілеуге дайындау барысында материалдарды мектеп бағдарламасына сәйкес жүйелеу керек:

1 бөлім.Цитология.

Жасуша құрылысының деңгейі-тірі ағзалардың қарапайым бірлігі. Жасушасыз ағзалар-вирустар. Прокариоттар және эукариоттар. Жасуша теориясының негізгі жағдайы, жасушаның химиялық құрылымы. Жасушаның органикалық және бейорганикалық заттары олардың жасушадағы тіршілік әрекеттері.Зат алмасу және энергиялық айналуы-жасушаның тіршілік әрекетінің негізі. Пластикалық алмасу

2 бөлім. Өсімдіктану

Ботаника - өсімдіктер туралы ғылым. Өсімдіктер әлемі табиғаттың құрам бөлігі, оның алуан түрлілігі, жер бетінде таралу. Прокариоттар. Бактериялар. Балдырлар, фотосинтездеуші бір жасушалы және көп жасушалы балдырлар. Көбею жолдары. Балдырлардың маңызы. Қыналар құрылысы қоректенуі, көбеюі және маңызы. Мүктер. Мекен ететін ортасы, құрылысы қоректенуі, көбеюі және маңызы. Саңырауқұлақтар: зең, ашытқы, қалпақшалы санырауқұлақтар. Паразиттік өкілдері. Кластарға бөлінуі. Папоротниктер, қырықбуындар және плаундар. Жалпы сипатамасы құрылысы және даму циклі. Жаланаш тұқымдылар. Құрылысы және көбеюі, табиғаттағы маңызы.

Жабық тұқымдылар:Құрылысы, вегетативті және генеративті мүшелері. өсімдіктер ұлпалары; түзуші, тұрақты. Тамыр. Жапырақ. Өркен. Гүл және жеміс. Тұқым. Өсімдіктердің көбеюі. Гүлді өсімдіктердің классификация

сы. Өсімдіктердің негізгі топтары; Қос жарнақтылар класы, жалпы сипатама. Дара жарнақтылар класы,жалпы сипаттама.

Кесте көмегімен дайындау

Оқушылар кесте бойынша дайындалған кезде ақпараттың немесе мәліметтің бірізділігі сақталады. Бұндай кесте түріндегі мағлұматтарды оқушылардың өздеріне дайындатудың да тиімділігі зор. Оқушылар кесте құра отырып та естеріне сақтайды. Сондай-ақ, артынан кестемен дайындалу кезінде ағзаларды бір-бірімен салыстыра отырып оқу арқылы көп мәліметті есте сақтап қалады.

Мысалы:

Ағзалар

Тіршілік ортасы

Қоректенуі

Қан айналымы

Тыныс алуы

Бауыраяқтылар

класы

Өкілі-

Суда, құрлықта

Ауыз, жұтқыншақ, өңеш, қарын, бауыр, аналь тесігі

Ашық жүйелі, қаны түссіз, жүрек, қантамырлары бар

Өкпе арқылы ауаны су бетінен алады

Шаянтәрізділер класы

Өкілі-

Өзен- көлдер, тоғандар

Жақаяқтар, ауыз, өңеш, күйіс қар-

ын, сүзгілі қарын, ортаңғы ішек, артқы ішек.

Ашық, жүйелі, бес бұрышты жүрегі, қан тамырлары бар, қаны түссіз

Желбезектер арқылы, еріген оттегі қан арқылы денеге тарайды

Тестінің мүмкін жауаптарын талдау

Әрбір оқушының бағдарламалық материалды түсініп, есінде сақтау деңгейін тексеруге ай сайын тест өткізілетіні белгілі. Тест қорытындысын шығарып жіберген қателермен талдау жүргізу үшін мына әдістерді қолдануға болады.

1-ші әдіс Барлық оқушыларда бірдей кеткен қателерді топтастырып талдау. Тарауға байланысты қиыншылық тудыратын тақырыптарға толық тоқталамын.Басқа қателер бойынша бір-бірінің қатесін талдатып өзім соңында жүйелеймін.

2-ші әдіс Дұрыс жауапты таңдауда кездейсоқтыққа жол бермеу үшін басқа жауаптарды да талдап өтеміз. Айта кетсек...

1.Қанның ұюына қатысады.

А)Лейкоцит В) Лимфоцит С) Тромбоцит Д) Плазма Е)Эритроцит

Дұрыс жауап С) Тромбоцит

Лейкоцит - қорғаныш қызметін атқарады.

Лимфоцит- иммундық жүйенің құрылымдық элементі.

Плазма - қан құрамындағы түссіз сұйықтық.

Эритроцит- оттек пен қоректік заттарды тасымалдайды.

ҰБТ-де кездесетін тапсырмалар түрлерін орындау:

Барлығы 35 нұсқа

Біз қалай оқимыз?

Көпшіліктің түйген ойы:

• оқығаннан есте сақталатыны - 10%

• естігені бойынша - 20%

• көргені бойынша - 30%

• әрі көріп, әрі естігені бойынша - 50%

• басқа адамдармен талқылағаны бойынша - 70%

• шынайы өмірде пайдаланып, жүзеге асырса - 80%

Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп


БИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ҰБТ-ға

ОҚУШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ

ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Пән мұғалімі Ұ. Ж. Айтмұқаева





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал