7


Сабақ жоспары №13 9 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Сабақтың тақырыбы: Бактериялар тіршілік әрекетінің алуан түрлілігі



Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды биологиядан 7 сыныпта өткен биологиядан бактериялардың түрлерін, бактериялар тіршілік әрекетінің алуан түрлілігі еске түсіру.

2. Дамытушылық: Бактериялар қандай аурулар тудыратынымен, пайдасы, зиянымен таныстыру.

3. Тәрбиелік: Биосфераны зиянды бактериялардан қорғау.

Сабақтың түрі: Сұрақ - жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Бактерияның түрлері слайд, үлестірмелі материал, қосымша кітаптар.

Пәнаралық байланыс: тарих, химия, география.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) кезекшінің жұмысын тексеру

б) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру:

БАКТЕРИЯЛАР КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Бактериялар (гр. bakterion - таяқша) - тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ микробтар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады. Бактерия - бір жасушалы ағза, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк - жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды; ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушапы ағзалар.[1]

Бактериялар - табиғатта ең көп тараған, негізінен бір жасушадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, ең қарапайым организмдер тобы. Алғаш рет бактерияларды (грекше bakterіon - таяқша) 17 ғасырда голланд ғалымы, микроскопты жасаушы - Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді. Бактериялардың жасуша құрамында тұрақты жасуша қабаты, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады.

Микробиология (грек. mіcros - ұсақ, bіos - тіршілік, logos - білім) - биологияның микроорганизмдердің ішкі және сыртқы құрылысы мен түр құрамын, көбеюі мен дамуын тектік қасиеттерін, биохимиясын, жүйеленімін, экологиясын, биосферадағы және адам өміріндегі рөлін зерттейтін қарқынды дамып келе жатқан маңызды салаларының бірі. Алғаш рет микроорганизмдерді (бактерияларды) тауып сипаттаған А.Левенгук болды (1683). Ал М-ның ғылым ретінде қалыптасуы 19 ғ-дың 2-жартысынан басталады. Оған Л.Пастердің ашқан ғыл. жаңалықтары негіз болды. Ол әр түрлі ашу процестері (шарап, сыра ашытуда) кезінде жүретін белгілі хим. процестер арнайы микроорганизмдер арқылы жүретінін дәлелдеді. Жұқпалы ауруларға қарсы тірі вакциналар алынды. Жібек құрттарының ауруы микроорганизмдер арқылы таралатыны анықталып, анаэробиоз процесі ашылды. Неміс ғалымы Р.Кохтың (1843 - 1910) бактериялардың таза дақылдарын алуы - қысқа мерзім ішінде көптеген жұқпалы аурулардың қоздырғышын анықтауға мүмкіндік берді. Бұл мед. және сан. М-ның негізін салды. Сондай-ақ, ағылшын хирургі Д.Листер (1827 - 1912) ұсынған антисептика ұғымы, орыс ғалымдары И.Мечников ашқан фагоцитоз, сүт қышқылды бактериялардың маңызы, С.Виноградский (1865 - 1953) анықтаған бактериялардың қоректенуінің жаңа литотрофты түрі, азот айналымындағы бактериялардың рөлі, Д.Ивановский (1864 - 1920) тапқан вирустар және голландық ғалым М.Бейеринк (1851 - 1931) анықтаған аэробты азоттұтқыш бактериялары М-ның одан әрі дамуына жол ашты. Сондықтан 1850 - 1914 ж. аралығы М. тарихының алтын кезеңі деп аталды. 20 ғ. М-лық маңызы бар жаңалықтарға мол болды. Антибиотиктер, бактериялар метаболизмін реттеу жолдары, мутац. өзгергіштік пен тұқым қуалаушылық, табиғи және бөгде заттарды ыдырату механизмдері ашылды, пайдалы микроорганизмдердің қасиеттерін жақсарту жолдары табылды.

Бекіту.

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау

Оқушылрды бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал