7


Сыныптан тыс аукцион сабак

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныптан тыс ашық сабақ

Аукцион сабақ

Сайыс 11 сынып оқушыларының арасында өтеді.

Екі сынып қатысады әр сыныптан төрт оқушы қатысады. Әр топ өзінің командасын таныстырады. Топ басшысын сайлайды. Сайыс 4 кезеңнен тұрады.

1 кезең Зерттеушілік жоба

2 кезең Білім минуты

3 кезең Өз пәнім

4 кезең Сыйлықтар аукционы

Әр топқа 50 мын тенгелік фишкалар таратылады. Сайысты бастау үшін оқушылар ақша тігіп бастайды. Кім көп ақша тіксе сол топ бастайды және жауап бере алмаса ақшасынан айырылады.Кім көп ақша жинаса сол топ жеңімпаз.

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,Бір саына өнері жетер деймінү Бәсекеге түскен сайыскерлер кезектесіп,таныстырып өздерін өтсе деймін.

Тапқыр, білгір дарынды

Жарыс бар бүгін арынды

Биология пәнін сүйсең сен

Ортаға сал барыңды

1 кезең Зерттеушілік жоба. Үйге берілген тапсырма. Әр команда өздері таңдап алған тақырып бойынша, қазіргі кездегі экологиялық проблеммалар жайлы презентация жасайды.Тақырыптар мынадай:

- Ағаш өсірудің маңызы;

- Бөлме гүлдерінің пайдасы;

2 кезең Білім минуты. Топқа жалпы сұрақтар қойылады, 2 минут ішінеде қанша сұраққа жауап беретінін анықтаймыз.

  1. Алғаш рет жасуша теориясының негізін қалаушылар.

  2. Гүлдің құрылысы.

  3. Балықтың зәр шығару мүшесі.

  4. Қосарлы тыныс алатын жануарлар.

  5. Адам жүрегінің салмағы.

  6. Жасушаның көбеюіне қатысады.

  7. Арал теңізінде орналасқан қорық.

  8. Мендель өз тәжірибесінде қандай өсімдікті пайдаланды.

  9. «Табиғи жүйе» еңбегінің авторы.

  10. Динозавр дәуірі болып есептелетін заман.

  11. Адам денесіндегі буындар саны:230

  12. Түсті ажырата алмайтын ауруды қалай атайды

  13. Африка түйеқұсының саусағы:5

  14. Адаптация дегеніміз не?

  15. Тіршілік жаратылымының ең жоғары деңгейі

  16. Өсімдіктердің арғы тегі

  17. Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясының негізін қалаған кім?

  18. Генетика ғылымы нені зерттейді?

  19. Нәруыздар түзетін аминқышқылдар саны

  20. Экология терминін ең алғаш ғылымға енгізген кім?

  21. Бентос дегеніміз не?

  22. Тек өсімдік жасушасына ғана тән органоид

  23. «Ас қорыту мүшесі» деп аталатын органоид

  24. Қай қан тобын әмбебап донор деп атайды?

  25. Жасуша ядросын ашқан ғалым

  26. Медецинаның атасы

  27. ДНҚ ның екі еселенуін зерттеген ғалымдар

  28. Өсімдіктану оқулығының авторы

  29. Жасушаларды энергиямен қамтамасыз ететін органоид

  30. Даун ауруының белгілері.

3 кезең. Өз пәнім. Биология. Химия. Математика. Ағылшын пәндері бойынша сұрақ қойылады. Пәндерді оқушының өзі таңдайды.

Биология пәні

  1. Адам эволюциясының басты себебі неде?

  2. Бейімделушіліктің түрлері

  3. Эволюциялық биохимияның негізін салған ғалым

  4. Сұрыптаудың түрлері

Математика пәні

Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?

Бес шарпы таяқшасынан екі үш бұрыш құрау керек

Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін

Көшеде екі әкесі,екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?

Отыз Я әрпінен тұратын қыздың аты

Химия пәні

Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл?

Топырақты құнарландыратын элемент

Ең жеңіл металл

Тұз қышқылының формуласы

Ағылшын пәні

4 кезең Сыйлықтар аукционы

Қоржынға салынған сыйлықтар тігіледі. Сыйлықты бәске тігіп жоғары тігіс тіккен команда табуға мүмкіншілік алады. Сыйлықтарды жұмбақтап жасырамын.

Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді.



Ағайынды бәрі,

Шықса-көк,түссе сары.



Еш тесікке тұрмайды,

Ол жоқта жер құрғайды.



Сыйлықтарын алып, акшаны көп жинаган топ жеңіске жетеді. Сайысқа қатысқан оқушылар марапатталады.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал