- Учителю
- Вирустар-тіршіліктің жасушасыз түрі 7 сынып
Вирустар-тіршіліктің жасушасыз түрі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Вирустар - тіршіліктің жасушасыз түрі.
Сабақтың мақсаты:
Вирустардың құрлысы, түрлері, ерекшеліктері, организмге тигізетін әсері туралы түсіндіру.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың өздігінен жұмыстану дағдысы қалыптасады. Шығармашылық қабілеті дамиды. Сөздік қоры артады. Тазалыққа, ұқыптылыққа, салауатты өмір салтын ұстануға үйренеді.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдісі: СТО негізінде (венн диаграммасы, түртіп алу стратегиясы, кубизм;)
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды оқулық, баспасөз материалдары;
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту
1. «Тұлғаны таны» ойыны арқылы микробиология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымның суреті көсетіледі. Оқушылар оның атын және еңбектерін атайды.
2. Венн диаграммасын толтыру;
3. Шапшаңдық сұрақтары;
-
Жасуша органоидтарын атаңдар
-
«Гиалоплазма» қандай мағынаны білдіреді?
-
Эндоплазмалық тордың атқаратын қызметі қандай?
-
Гольджи жиынтығын кім және қашан тапты?
-
Ас қорыту мүшесі атанған органоид
-
Митохондрияның құрылысын атаңдар
-
Аластидтердің қандай типтері бар және олардың айырмашылығы неде?
-
Мембранасыз органоидтарды атаңдар
-
Ядроның атқаратын қызметі қандай?
-
Хромосома дегеніміз не?
ІІ. Мағынаны тану.
Оқушыларды 6 топқа бөлеміз.
-
«Түртіп алу» стратегиясы бойынша оқушылар тақырыпты оқып шығып, оқулықтың шетіне белгі қойып шығады, кестеге толтырады.
Бұрыннан білемін
V
Мен үшін жаңалық
+
Маған түсініксіз
?
Келіспеймін
-
Әрбір топ түсінбеген және келіспеген сұрақтарын талқылап, ортаға салады, мұғалім түсіндіріп шығады.
-
«Кубизм» әдісі бойынша топтарға тапсырма беріледі. Оқушылар оқулық, сурет-сызба арқылы жұмыстанады. Интерактивті тақта арқылы суреттер көрсетіледі.
-
«Вирустың құрылысы қандай?» сипатта;
-
«Вирустардың басқа микроорганизмдерден айырмашылығы неде?» салыстыр;
-
«Бактериофагтың ағзаға тигізетін әсері бар ма?» зертте;
-
«Вирустармен күресу жолдары» ұсыныс;
-
«Вирус арқылы таралатын аурулардың қауіптілігі» дәлелдеу;
Мектеп медбикесінің хабарламасын тыңдау.
-
«СПИД-ғасыр дерті» суретін салу;
ІІІ. Ой толғаныс.
-
Сонымен вирустар туралы не білдік? «Топтастыру» әдісі бойынша сабақты қорытындылаймыз.
-
Қызықты деректер.
Үйге тапсырма: «Вирустардың қауіптілігі неде?» эссе жазу. §21 оқу.
Бағалау.
Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы, Соналы жалпы орта білім беретін мектебі
Биология пәнінің мұғалімі Светлана Қуанышқызы