7


  • Учителю
  • 'ҚАнның артериялық қысымы' (8 класс)

'ҚАнның артериялық қысымы' (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақты құру және жоспарлау кестесі

Сабақ жүргізетін мұғалімнің аты-жөні

Сарин Жарас

Теміртасұлы

8 «А» сыныбы

Оқушы саны-10

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Куропаткино ауылы

апта

5.02.2013 жыл



Сабақтың тақырыбы

Қанның артериялық қысымы. Қанның тамырлармен қозғалуы

Сілтеме

Биология 8-сынып оқулығы 128-133-беттер және слайдтар, роликтар

Жалпы мақсаты

Оқушыларды қанның артериялық қысымы және қанның тамырлармен қозғалуы, туралы жалпы түсініктер беру.

Міндеттері

1. Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;

2. Организнің реттелуін ғылыми тұрғыда негіздей алу қабілетін дамыту.

3 .Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелу..

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Оқушылар артериялық қысымның адам ағзасына әсерін білулері керек

Күтілетін нәтиже

1. Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;

2. Мұғалім оқуға бағыттап отыру;

3. Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;

Тапсырмалар

Жүректің және қан тамырлар суретін салу . Кітап соңындағы сұрақтарға жауап беру.

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу /0,5 мин/

СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

-оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

І. Қызығушылығын ояту

Оқушыларды топқа бөлу. Топпен жұмыс істеуге үйрету. Видео ролик көрсету арқылы тақырыптың мәнін ашу.



Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

Сұрақтар қоя отырып оқушыларға бағыт бағдар беру

Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсене қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін- ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

Оқулық бойынша жаңа сабаққа мұғалімнің түсіндірмесі.

Қан жүректің ырғақты жұмысының нәтижесінде тамырлармен қозғалады. Қарыншалардың жиырылуы кезінде қан қысым арқылы қолқа мен өкпе артериясына түседі. Бұл жерде ең жоғарғы қысым дамиды-150 мм.сын.бағ. Қан артериямен қозғалған сайын қысым 120 мм.сын.бағ. дейін төмендейді, капиллярда 22 мм.сын.бағ. болады. Ең төмен қысым венада, ол 5 мм сын.бағ. тең.

Артерялық қысым- артерияда қан тудыратын қысым; жүрек жұмысы кезінде қанның тамыр қабырғасына түсіретін қысым. Қан қысымы жүрек циклінің әр түрлі кезеңінде өзгереді. Ең көп қысым қарыншалар жиырылған кезде, ал ең аз қысым жүрек жалпы босаңсығанда болады. Олардың арасындағы айырмашылық тамыр соғуының қысымы деп аталады. Адамның артериялық қысымын тонометр арқылы өлшейді. Дені сау адамның ең көп қысымы 100-120 мм.сын.бағ., ал ең аз қысымы 70-80 мм.сын.бағ. құрайды

Қан қысымының 150 мм.сын.бағ. артуы гипертония деп аталады. Бұған жүйке жүйесінің зорығуы, қажу, эмоциялық күйзеліс және т.б. себепші болады.

Иық артериясында қысымның 70-80 мм.сын.бағ. дейін төмендеуі гипотания деп аталады.

Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру


ІІІ. Ой қорытынды

№9 Зертханалық жұмыс. Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін тамырдың соғуын есептеу.

Тест жұмысы.

Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау

Бағалау: /3мин/ Өзін-өзі бағалау парағы

Оқушының аты - жөні ------------------------------------

Оқушының аты - жөні

Сыныптасыңды бағалау

Мұғалімнің бағалауы

















Үйге тапсырма: §11












 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал