- Учителю
- Оқушыға жасушаның қызметі, құрылысы, бөлімдері, туралы білімді қалыптастыру;
Оқушыға жасушаның қызметі, құрылысы, бөлімдері, туралы білімді қалыптастыру;
Сабақ - №5 Сынып - 6 Мерзімі -
Сабақтың тақырыбы: Жасушаның ашылу тарихы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыға жасушаның қызметі, құрылысы, бөлімдері, туралы білімді қалыптастыру;
Білімдік мәні: Теориялық білімдерін меңгертіп, оны іc-жүзінде қолдануға үйрету.
Дамытушылық мәні: Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін белсенді қолдану арқылы оқушыларды жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, өз көзқарастарын дәлелдеп қорғай білу, біліктіліктерін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Оқушылардың ақыл-ойын, ғылыми дүние танымдылығын қалыптастырып, тірі табиғатпен ізгілікті қарым-қатынаста болуға үйрету арқылы, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
Көрнеклік құралдар: Компьютерлік слайдтар, бөлме өсімдіктері жасуша құрылысы сызбанұсқасы.
Сабақ әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы:
Сабақтың құрылымы:
-
«Қызығушылықты ояту» -10мин.
ІІ. «Жұлдызды сағат». - 10мин.
ІІІ Өзіндік жұмыс - 5 мин.
ІҮ Зертханалық жұмыс - 15 мин
І. «Қызығушылықты ояту» кезеңінде өз ойларын дәптерге жазып, ортаға салады.
Жасуша құрылысы :
-
Жасуша қабықшасынан
-
Цитоплазмадан
-
Ядродан
-
Митохондриядан
-
Вакуольден.
ІІ. «Жұлдызды сағат».
-
Цитоплазманың құрамы неден тұрады?
-
Саңылау қандай қызмет етеді?
-
Ядро мембранасы қанша қабаттан тұрады?
-
Ядроның қызметі қандай?
-
Пластидтердің түрлерін ата...
-
Пиязда қандай пластид болады?
-
Күзгі жапырақта қандай пластид болады?
-
Хлорофилл өсімдіктің қай мүшесінде болады?
ІІІ. «Өзіндік жұмыс».
16 беттегі кестені толтыру.
-
1
Жасушада жүретін барлық тіршілік әрекетіне қатысады.
2
Жасушаны қоректендіреді, ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді.
3
Органикалық зат түзуге, қор жинауңа қатысып өсімдікті түрлі түске бояйды.
4
Көбеюге қатысады.
5
Жасуша бөліктерін зақымданудан қорғайды.
ІҮ. №2 Зертханалық жұмыс: Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының кесіндісін микроскоппен қарау.