7


Сабақ жоспары 8 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: Б.Елбосын ___________ Пән аты: Информатика

Сыныбы: 11«А», «Б»

Күні: 12.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Үлкен көлемді ақпаратты өңдеу, ақпаратты іздеу және таңдау, іздеу әдісі, таңдау критериясы

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру

ә) сабақ сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) қорытынды

Жаңа сабақ

Ақпаратты өңдеу

Ақпараттың кез келген өзгеруі оның өңделуі деп аталады. Мысалы , есепті шығарудың өзі - бұрын белгілі есептен жаңа ақпарат алу. Ондай ақпаратты адам логикалық ойлау немесе математикалық есептеулер арқылы алады. Мысалы, мәтінді бір тілден екінші тілге аудару. Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді. Ақпаратты өңдеу нәтижесінде адам ары қарай өз қажетіне жаратады

Ақпараттық технологияны таңдау критерилері

Білімді қолданушы әрбір нақты жағдайда шешілетін есептердің шеңберіне сәйкес келетін және ең эффективті болып табылатын АТ-да өз таңдауын жасай алады. Алайда қазіргі заманғы нарық компьютерлік технологиялардың өте үлкен көлемін ұсынады, олардың ішінен таңдау оңай емес. Пәндік облыстың динамикалық өзгеруі экономика және менеджмент саласының мамандарынан білімнің ұдайы кеңейтілуін, үздіксіз және жүйелі білім алу мен өзгеріп отыратын жағдайларға қарай бағдарлана білуді талап етеді. Экономистке техникалық құралдардың негізгі сипаттамаларын, есеп жүзеге асырылатын операциялық орталарды білу керек, программалық жабдықтаудың сәйкестілігі сұрақтарын реттей алуы, өңделетін ақпараттың ерекшеліктерін көрсете білуі керек.

Мәліметтерді өңдеумен байланысты экономиканы басқарудың нақты сұрақтарын шешуге кіріспес бұрын, алдын ала өңдеудің мақсаттары мен есептерін қалыптастыру, қолданылатын есептеулердің алгоритмдерін дұрыс таңдап алу, математикалық модель мен осы модельді жүзеге асыратын ақпараттық технологияны таңдау қажет. Ол үшін компьютерлік ортада жақсы бағдарлана алу, жүйені баптай білу, өзгерген жағдайда ақпараттық технологияны енгізу және пайдалану қажет.

Ақпараттық технологияны таңдаудан ақпаратты енгізу мен бақылау ыңғайлылығы, сақтау мен архивтеу компакттілігі, мәліметтерді іздеудің жылдамдығы мен әмбебаптылығы, олардың өңделуі мен есептік кестелердің берілген есептің шешіміне сәйкестілігі тәуелді болады. АТ-ны таңдау шығатын кестелер мен графиктер сапасын, басқа АЖ-лермен опративті ақпарат алмасу, мәліметтерді желі арқылы беру иен өңдеу нәтижелерінің анализ мүмкіншілігін анықтайды. Бұл функциялар қазіргі компьютерлік технологияларда пайдаланылатын программалармен жүзеге саырылады. Сондықтан таңдаудың кейбір критерилері мен программалық құралдардың классификациялық белгілеріне тоқталған жөн болады.

Қазіргі компьютерлік технологиялар қолданушыға программалық өнімдердің үлкен таңдауын ұсынады, оларды пайдалана отырып, өндірісті бақылаудың, жоспарлаудың, есептеудің және анализінің экономикалық есептерінің ауқымды шеңберін шешуге болады. Әрбір басқару функциясы жүзеге асырылуды талап ететін бірнеше ортақ, өмірлік маңызы зор шешімдермен байланысты.

Программалық құралдарды таңдау әрбір нақты есеп үшін қажетті бағыт бойынша технологияны қолдану эффективтілігі шартымен анықталады. Бұнда программаларды таңдауда басшылық ететін ортақ критерилерді ескеру керек:

- программа шешілетін есеп типіне, компьютердің техникалық сипаттамаларына, пайдаланылатын ақпараттың көлкмі мен құрылымына сәйкес болуы керек;

- программа қолданушыға оперативті шешімдер қабылдау үшін қажетті көлемде ақпарат алу мүмкіндігін беруі керек;

- программа оқып үйрену мен қолдануда жеңіл болуы және оның қолайлы достық интерфейсі болуы керек;

- программада программист көмегінсіз барлық қажетті есеп берулер мне құжаттарды редакцияалйтын, олардың формаларын өзгететін, өздерінің меншікті форматтарын құру мүмкіндігі болуы тиісті;

- программада мүмкін қателерді минимумға жақындататын бақылау поцедуралары болуы тиісті;

- программа қандай да бір файлда кім және қашан өзгертулер енгізгенін және бұл өзгертулерге дейін қандай жазулар болғанын көру мүмкіндігін беруге тиісті;

- программада деректерді қорғау жүйесі қарастырылуы керек;

- программада деректерге кіру рұқсаты құқықтарын тарату функциялары қолданылуы керек.


Үйге тапсырма: Үлкен көлемді ақпаратты өңдеу

Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

Бағалау.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал