- Учителю
- Урок по биологии на тему 'Генетика'
Урок по биологии на тему 'Генетика'
«Тексерілді» Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ________ Сыпатай Ж
| ||
Сабақтың өтілу мерзімі: | 16.03.2015ж | |
Сыныбы | 10 г сынып | |
Пәні | биология | |
Сабақтың тақырыбы | Жыныстық генетиканың анықталуы. Гомогаметалы және гетерогаметалы жыныстар | |
Сабақтың мақсаты |
| |
Сілтеме | биология пәні оқулығы 10 сынып, Биолог анықтамалығы журналы, интернет желісі | |
Күтілетін нәтиже:
| Сөздің дәлдігі - ойдың айқындығы туралы ақпарат алады. Жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе алады. Тапсырма бойынша жұмыс жасауға дағдалынады; Тапсырманы өз беттерінше орындауға үйренеді.Сынып оқушыларымен қарым-қатынастары өрбиді. Қойылған мәселені жетік меңгеріп одан әрі өрбітеді. Ақпараттық білімдері сараланады; | |
Әдіс-тәсілдер | Джигсо, Блум таксономиясы, ішкі шеңбер - сыртқы шеңбер, бірге ойлау әдісі(постер қорғау), детальдарды қосу әдісі(сәйкестендіру), болжау стратегиясы | |
Ресурстар мен құрал-жабдықтар | Интербелсенді тақта,кеспе қағаздар, сызбанұсқалар, сәйкестендіру тесті,маркер, стикер, постер, түсті қағаз, дидактикалық таратпа материалдар, компьютер, проектор, желім, қайшы | |
Сабақ барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі.
2 мин | Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алады. Сәлемдесу. Оқушыларды психологиялық дайындау, өзін-өзі реттеу,
әр топ бір-біріне сәттілік тілейді. Жыныстық хромосомалар арқылы екі топқа бөлінеді. ХХ - ӘЙЕЛ АДАМ ХРОМОСОМАСЫ ХУ -ЕР АДАМ ХРОМОСОМАСЫ | Сәлемдеседі, сабаққа назар аударады. Көңіл күйлері көтеріледі. Топқа бөлінеді |
Білу кезеңі 10 мин | «Ішкі шеңбер - сыртқы шеңбер» Үй жұмысын тексеру «Өз жартыңды тап» | Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер құрып сұрақтарға жауап береді.Карточкалар беріледі. Біреуінде -сұрақтар, екіншісінде- жауаптарға арналған тірек кестелер,өз серігін іздеп тауып, бірге отырып жұмыс жасайды. |
Түсіну 15 мин | Табиғат құпиясы таусылған ба? Кездесер тірі ағзалар екі дара, Аталық пен аналық жыныстардың Біледі құрылысын жеке дара. Білсеңіз айтыңызшы, бұл қайсала? ЖЫНЫС ГЕНЕТИКАСЫ
1 топ : Жынысты алдын ала анықтау
2 топ: Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау | Жұмбақ шешеді Джигсо әдісі арқылы тапсырманың бір бөлігін сарапқа салады. Талқылап болған соң өз топтарына келіп баяндайды. Барлық мәліметтерді жинақтап, постер қорғайды.
|
Қолдану. 3 мин | ХХ тобы: 1 - есеп. Дальтонизм жынысқа тіркес тұқым қуалаудың басылыңқы аллельдерінің генімен анықталады. Түсті көрмеу Х хромосомада болатын басым аллельмен кодқа жазылады. Дені сау әйел және еркек - дальтониктің қандай ұрпағы болуы мүмкін. ХУ тобы: 2-есеп. Дальтонизмдегі сияқты гемофилия гені жынысқа тіркес және қалыпты қан ұюға қатысы бойынша басылыңқы болып табылады. Егер шешесі таратушы, әкесінің қаны қалыпты ұйитын болса, ұрпақ қандай болуы мүмкін ?
| Оқушылар есептерді шығарып талдайды. топтық жұмыс жасайды. Постер қорғайды. |
Талдау 5 мин | Тұқым қуалайтын аурулар 1 топ: Хромосомалық аурулар 2 топ: Гендік аурулар
| Оқушылар ауру түріне қарап ерекшеліктерін анықтайды. Хромосомалық аурулардың адам өміріндегі маңызын айтады. |
Жинақтау 5 мин | Болжау стратегиясы Егер мен ДНҚ сараптама орталығында сарапшы болсам........ Егер генетик болсам................ Егер мен отбасы орталығында психолог болсам................
| Оқушылар берілген тапсырманы ойланып жауап береді және эссе жазады. |
Бағалау 2 мин | Бүгінгі тақырыпты бағалау Мұғалім жинақтап қорытынды баға қояды | Оқушылар бүгінгі алған білімінің қаншалықты пайдалы екенін айтады. Бағалау парағына қарай әр оқушыны бағалайды. |
Рефлексия 2 мин | «Бес саусақ». | Оқушылар кері байланыс парақтарын толтарады. Жапсырады. |
Үйге тапсырма 1 мин |
| Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады |
Орындаған : Исмагулова Ақзия