7


  • Учителю
  • Поурочный план по биологии на тему Крестгүлділер тұқымдасы. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары (6 класс)

Поурочный план по биологии на тему Крестгүлділер тұқымдасы. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Сынып: 6 А Сабақ №43

Пән: биология

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Крестгүлділер тұқымдасы. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жабық тұқымды өсімдіктердің қосжарнақты класы бөлімін және оған жататын асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар туралы мағлұмат беру;

Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын, жадысын, шығармашылық қабілеттерін арттырып, сабаққа қызығушылықтарын ояту;

Тәрбиелік: Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, тапсырылған

жұмысты мұқият орындауға, алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

Сабақтың әдісі: баяндау, кестелер толтыру

Сабақ типі: аралас

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: түсіндірмелі, жұмбақтар, кестелер

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • оқушылармен сәлемдесу

  • оқушыларды түгендеу

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Үлгерімі төмен және дарынды оқушыларға кеспе қағаз тарату арқылы үй тапсырмасы жазбаша түрде алынады. Қалған оқушылардан графикалық тест түрінде сұралады:

1.Жабық тұқымды өсімдіктердің 250000-дай түрі бар.

2. Гүлді өсімдіктердің тұқымы бүрде ашық орналасады.

3. Жабық тұқымды өсімдіктерде гүл көбею мүшесі болып табылады.

4. Гүлді өсімдіктерге қосарлы ұрықтану тән.

5. Жабық тұқымдылар жеміс түзбейді.

6. Жабық тұқымдылар - сүректі өсімдіктер, яғни ағаштар, бұталар.

7. Жабық тұқымды өсімдіктер тұқым жарнағына байланысты даражарнақтылар және қосжарнақтылар класы деп бөлінеді.

1. (+), 2. (-), 3. (+), 4. (+), 5. (-), 6. (-), 7. (+)

  1. Жаңа сабақты игеру.

«Құпия сөздің құлпын аш!» Жауабы: (әрбір дұрыс жауаптың бірінші әрпін жазу)Өсімдіктің қор заты

Алма, алмұрт, итмұрын қандай тұқымдасқа жатады?

Жұпаргүл, гүлшетен, жалбыз қай тұқымдасқа жатады?

Гүлдің сабаққа бекінетін жері

Тұқым бүршігінен не түзіледі?

Жабық тұқымдылардың көбею мүшесі

Егер аналық гүл табанының жалпақ бетіне орналасса, ол қалай аталады?







1.(крахмал)

2. раушангүл

ділер

3. ерінгүлді

лер

4. (сағағы)

5. (тұқым)

6. (гүл)

7. (үстіңгі жатын)

8. лалагүлді

лер

9. (дің)

10. (Інжугүл)

11. (лиана)

12. эндо

сперм

13. (ризоид)





  1. Лапыз, қызғалдақ, сүмбілшаш қай тұқымдасқа жатады?

  2. Ағаш сабағы не деп аталады?

  3. Інжугүл өсімдігі қай тұқымдасқа жатады?

  4. Басқа өсімдікке оралып өсу қалай аталады?

  5. Қосарлы ұрықтану кезінде орталық жасуша екінші аталық жыныс жасушасымен қосылып не түзеді?

  6. Тамырдың қызметін атқарушы өсінді қалай аталады?





Орамжапырақгүлділер. Бұларды кейде шаршыгүлділер тұқымдасы деп те атайды. Олар - шөптекті, кейде шала бұталы қосжарнақты өсімдіктер. Ғаламшарымызда орамжапырақгүлділер тұқымдасына жататын 3 000-ға жуық түрлер бар. Жапырақтары кезектесіп орналасады, бөбешік жапырактары болмайды. Қосжынысты гүлі шаршы (крест) болып орналасатындықтан, орамжапырақгүлді өсімдіктер шаршыгүлділер тұқымдастары деп аталған. Шірненің жиналуына бейімделіп, тостағанша жапырақшалардың түп жағы кейде қапшық тәрізді болады. Гүлдерінің түсі ак, сары, қызғылт, ақшыл көк түсті болып келеді. Жемісі - бұршаққын немесе бұршаққынша. Орамжапырақгүлділер тұқымдасының көпшілігі халық шаруашылығында маңыз-ды рөл атқарады. Орамжапырақ, июмыр, шал,ам, тарна - көкөніс есімдіктері. Қыша, ақжелкек - татымды; рапс, арыш. -майлы; ақбасқурай - дәрілік өсімдіктер. Қышабас, жұмыршақ тәрізді арамшөптер де бар. Орамжапьрақгүлділер (шаршыгүлділер) тұқымдасы гүлінің формуласы: жабайы шомырдікі - Т2+2К4А2+4Ж(2). Орамжапырақгүлді тұқымдастар шаршыгүлділер тұқымдас деп те аталады. Бұл олардьң гүлінің шаршы тәрізді орналасуына негізделген. Жемістері - бұршаққын немесе бұршаққынша. Орамжапырақгүлділер - шала бұталы, көпшілігі біржылдық немесе көпжылдык, косжынысты, шөптекті өсімдіктер. Мәдени түрі аққауданды орамжапырақ - екіжылдық өсімдік. Екіжылдық орамжапырақгүлді жирен сарбаскурай Қазақстан Қызыл кітабына тіркеліп, қорғалуда.

IY. Жаңа сабақты бекіту. ВЕНН диаграмасы

Асқабақ пен орамжапырақтың ерекшеліктері мен ұқсастықтары

Асқабақ. Жемісі-қабақ, ұзын сағақты, жай жапырақты

Орамжапырақ. Жемісі-бұршаққын, жапырақтары кезектесіп орналасқан, бөбешік жапырақтары болмайды.

Ұқсастықтары: Қосжарнақты гүлді, бақша өсімдіктері

2.Биологиялық диктант

1.Асқабақ пен орамжапырақ тұқымдастар … класына жатады. (қосжарнақтылар)

2.Бақша өсімдіктерінің негізгі ерекшеліктері- … (шөптекті, бір жылдық)

3. …-түрін өзгерткен өркен. (мұртша)

4. Қазақстанда бақша өсімдіктерінің … түрі бар. (9)

5.Асқабақ жемісі-… (қабақ)

6.Орамжапырақгүлділердің жапырақтары … орналасқан. (кезектесіп)

3.Сергіту. Жұмбақтар

1.Жерде жатып желіндейді,

Күз түскенше желінбейді

Үндеместен төлдеп жатыр,

Су беріңдер шөлдеп жатыр (қауын-қарбыз, дыня - арбуз, melon - watermelon)

2.Отыз көйлек киінген

Бір түйме жоқ ілінген (орамжапырақ - капуста - cabbage, cole (бақша орамжапырағы))

3.Сопақша көк өңі бар

Пайдалы, мөлдір сөлі бар

Піскен кезде жияр

Оның аты … (қияр - огурец - cucumber)

4. Іші сары, сырты қатты

Дәні-дәрі, дәмі-тәтті

Пісіріп жесең, ас-тамақ

Оның аты … (асқабақ - тыква - pumpkin)

5.Көк лағым көгенде тұрып семірген (қарбыз - арбуз - watermelon)

6.Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім

Түймелеуге жетпейді,

Жаңбыр одан өтпейді (Қырыққабат - капуста - cabbage)

Y. Рефлексия.

Білемін Білмеймін Білгім келеді

Үйге тапсырма. оқу, А,В,С тапсырмаларын орындау 92 бет, тест құрастыру

«Бақша өсімдіктері» тақырыбына эссе жазу.

YI. Бағалау.Сабақты қорытындылау















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал