7


  • Учителю
  • Урок по биологии на тему: Органогенез

Урок по биологии на тему: Органогенез

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

























Алматы қаласы Жетісу ауданы

№87 жалпы білім беретін мектеп

9 «А» сынып «Биология»





Тақырыбы: Онтогенез - тірі ағзаның жеке дамуы.









Пән мұғалімі: Тұрлықожаева Қарлыға Маулетовна





























































2016-2017 оқу жылы

№ 20 сабақ биология

Күні: _________________

Сыныбы: 9 «А»

Сабақтың тақырыбы: § 20 Онтогенез - тірі ағзаның жеке дамуы.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларды жеке организмнің дамуы кезінде болатын биологиялық ерекшеліктермен таныстыру.

2. Дамытушылық: Организмнің даму кезіндегі бөлшектену, гаструляция, органогез, постэмбрионды даму кезіндегі ерекшеліктерді сипаттай білу.

3. Тәрбиелілік: Оқушылардың тірі организдер туралы дүниетанымын арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ -жауап, сто элементін пайдалану.

Сабақтың пәнаралық байланысы: «Өсімдіктану» , «Жануартану» , «Математика».

Сабақтың көрнекілігі: сызба - нұсқа, тірек - сызба.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі

2. Жаңа сабақты түсіндіру

3. Бекіту

4. Үйге тапсырма беру

5. Үй тапсырмасын тексеру

І. Ұйымдастыру кезеңі : Амандасу, жоқ оқушыларды түгендеу , оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Онтогенез- тірі ағзаның туу мерзімінен өлуіне - дейінгі жеке дамуы. Адам үшін онтогенездің басталуы - ұрықтану, яғни зиготаның пайда болуы, одан кейін ұрық дамиды. Гүлді өсімдіктердің көпшілігінде аталық жасуша қапшығының ішіндегі жұмыртқа жасушаны ұрықтандырған кезде, ұрықтану мезетінде онтогенез дамиды. Ал өсімдіктер мен жануарлар ретінде біржасушалылар үшін бөліну бөліну нәтижесінде пайда болған жаңа жасушаның тууын онтогенез деп айтуға болады.

Партеногенез кезінде жұмыртқа жасушалардың митоздық жолмен бөліне бастауын онтогенез деп есептеген жөн.

Онтогенез үдерісін екі үлкен кезеңге бөлуге болады:

  • 1. Эмбриогенез- ұрықтың дамуы (немесе көптеген омыртқасыздар, балықтар мен қосмекенділер дернәсілдерінің сатылары.)

  • 2. Постэмбриогенез- туу соңынан даму, яғни дернісілдік немесе ұрықтық сатылардан соң даму.

Ұрық дамуының сатылары : 30-31 сурет

1. Ұрықтың өте салысымен зигота дамуының алғашқы сатысы басталады. Бұл саты бластула сатысы деп аталады.Осы саты кезінде қарқынды бөліну - митоз өтеді. Жасушалардың тез бөлінетіні соншалық , қысқа интерфаза сатысында өсіпте үлгере алмайды.

Бластула сатысында ұрық жасушалар түрінде топтасып , бластомер деп аталады. Бластула - бұл жасушалары ерекшеленіп үлгермеген көп жасушалы ұрық. Сондықтан бластула бір қабатты ұрық деп аталады. Егер адамда бластомер сатысында екі бластомер пайда болып, екіге бөлінсе, онда олардың әрқайсысы жатынға жеке еніп, дербес екі ұрық береді. Бұл ұрықтрда біркелкі хромосома жинағы болады. Егер бластомер сатысында үш бластомер болса, онда үшем, және сол тәрізді одан әрі егіздер туындайды. Бұл - бір жұмыртқалы егіздер, яғни бір жұмыртқажасушаның бір сперматозоидпен қосылып ұрықтану.

2. Гаструла - ұрық дамуының екінші сатысы. Бұл кезеңде көптеген маңызды оқиға маңызды оқиғалар өтеді, яғни жасушалардың жіктелуі - ұрық жасушалары; гаструла (қарын) қуысы, желілену (омыртқалыларда) және жүйке тақташалары пайда болады. Біз үшін маңызды оқиға - ұрық жапырақшаларының жасушалардың ерекшеленген, жіктелген қабаттарының пайда болып қалыптасуы. Ұрықтың ертерек даму сатысы - эктодерма және ішкісі - энтодерма. Сондықтан гаструланы қосқабатты ұрық немесе ұрық дамуының екі қабатты сатысы деп атайды. Даму барысында үшінші ұрық жапырақшасы - мезодерма жекеленіп шығады. Сөйтіп гаструланының кейінгі сатысы үшқабатты болады.

3. Нейрула (жүйкелік) - ұрықтың тек желілерге ғана тән гаструладан кейігі сатысы. Бұл кезеңде жүйке тақташасын жүйке түтігі қалыптасады. Жүйке түтігінен ми және жұлын дамиды.

Метаморфоз. Ағзалардың өсуі және дамуы. Туу соңынан постэмбриогенезде пішіндік өзгеріске - метаморфозға ауысатын тірі ағзалар бар. Олардың жыныстық жағынан пісіп жетілу үшін жүйелері және мүшелері өзінің тектеріне ұқсас болуы және ұрпақ қалдыру үшін дарақтардың құрылысын қайта едәуір өзгертуі қажет.Метаморфозды жануарларға басқа мысал бола алады. Оның уылдырықтарынан балыққа көбірек ұқсас итшабақтар жарып шығады. Көптеген бунақденелілер отрядында осыған ұқсас өзгерістер бар; солардың ішінде қоңыздар және көбелектердің дернәсілдері (жұлдызқұрттары) шұбалшаңға көбірек ұқсас, олардың қанаты, мұртшалары жоқ және өзге азықпен қоректенеді. Мысалы: жалпақ құрттар - сорғыштарда бір ұрпақтың дернәсілдері ұлулардың денесінде ( аралық иесінде) дамиды.Олардың саны

Жаңа сабақты бекіту:

Сәйкестігін табыңдар:

Зигота 2 қабатты ұрық сатысы

Бластула Ұрық мүшелері дамитын заты

Гаструла Тірі ағзаның туғаннан өмірінің соңына дейін дамуы

Нейрула Ұрықтанған жасуша

Эмбриогенез 1 қабатты ұрық сатысы

Постэмбриогенез Дене жасушаларының бөлінуі

Онтогенез Ұрықтың іште дамуы

Митоз Ағзаның туылғаннан кейінгі дамуы

Сұрақтар:

1.Қарапайымдар қандай жолмен бөлінеді?

2. Дене жасушалары қандай жолмен бөлінеді?

3. Жыныс жасушалары қандай жолмен бөлінеді?

4. Ұрықтанған жасуша қалай аталады?

5.Жыныс жасушалары қалай аталады?

6. Аналық жасуша қалай аталады?

7. Аталық жасуша қалай аталады?

8. Жасушаның бөлінуге дайындық кезеңі қалай аталады?

9. Хромосомалардың айқасуы қалай аталады?

10. Хромосомалардың жақындасуы қалай аталады?





</<font face="Times New Roman, serif">Тест тапсырмалары

1. Онтогенез бұл;

а) ағзаның жаңа дамуы c) ұрықтың дамуы

в) ағзаның жеке дамуы д) ұрықтан кейінгі даму

2. Бластула;

а) үш қабатты ұрық c) бір қабатты ұрық

в) бластомерлер д) төрт қабатты ұрық

3. Гаструла;

а) бір қабатты ұрық c) төрт қабатты ұрық

в) бес қабатты ұрық д) үш қабатты ұрық

4. Нейрула;

а) жеке мүшелердің дамуы c) сыртқы мүшелердің дамуы

в) ішкі мүшелердің дамуы д) жүйке жасушаларының дамуы

5. Жорғалаушылар дамудың қай түріне жатады?

а) түрленіп даму c) тура даму

в) толық түрленіп даму д) шала түрленіп даму

6. Шала түрленіп дамуда болмайтын саты

а) жұмыртқа c) имаго

в) қуыршақ д) дернәсіл

Тест жауаптары

1. Онтогенез бұл;

в) ағзаның жеке дамуы

2. Бластула;

с) бір қабатты ұрық

3. Гаструла;

д) үш қабатты ұрық

4. Нейрула;

а) жеке мүшелердің дамуы

5. Жорғалаушылар дамудың қай түріне жатады

с) тура даму

6. Шала түрленіп дамуда болмайтын саты

в) қуыршақ

Үй тапсырмасы: §20 80 беттегі А.В.С тапсырмаларын орындау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал