7


Протерезой заманы 11 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Протерозой заманындағы тіршіліктің дамуы

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәліметГеохронология шәкілі

Эон

Дәуір

Кезең

Ф

а

н

е

р

о

з

о

й

Кайнозой

Төрттік

Неоген кезеңі

Палеоген кезеңі

Мезозой

Бор кезеңі

Юра кезеңі

Триас кезеңі

Палеозой

Пермь кезеңі

Карбон кезеңі

Девон кезеңі

Силур кезеңі

Ордовик кезеңі

Кембрий кезеңі

Д

о

к

е

м

б

р

и

й

П

р

о

т

е

р

о

з

о

й

Нео-

протерозой

Эдиакарий

Криогений

Тоний

Мезо-

протерозой

Стений

Эктазий

Калимий

Палео-

протерозой

Статерий

Орозирий

Риасий

Сидерий

А

р

х

е

й

Неоархей

Мезоархей

Палеоархей

Эоархей

Катархей

Қайнар

Протерозой заманында тіршілік тек мұхит пен теңіз суында ғана таралған. Құрлықта ешқандай да тіршілік іздері мүлде таралмаған. Су жағалауындағы құрлықта бактериялар мен микроскопиялық балдырлардың тіршілік әрекеттерінен алғаш рет топырақ түзілу процестері байқалды.

Архей мен протерозой замандары Жер бетіндегі тіршілік тарихының криптозой эонына жатады. Олар ұзақтығы 3,4 млрд жылдан астам уақыт аралығын қамтиды. Былайша айтқанда, архей мен протерозой Жердің геологиялық тарихтың 85% уақытын қамтыса, ал қалған үш заман геологиялық тарихтың 15% уақытын қамтитындығы анықталған.

Протерозой заманында тау түзілу процестері қарқынды түрде жүріп отырған. Құрлық пен теңіздер көп болған. Бұл кезде бактериялар мен балдырлардың сан алуан түрлері кеңінен таралған.

Протерозой заманының алғашқы жартысында тіршілік еткен организмдердің қазба қалдықтары біршама кеңінен таралған. Мысалы, Канада жерінен табылған кремнийлі тақтатастарда сақталған көптеген организмдердің қазба қалдықтарының жасы 1,9 млрд жылдай бұрынғы уақыттарды қамтитыны анықталған.

Бұдан 0,3-1,3 млрд жыл бұрынғы Орталық Аустралияның тау жыныстарының арасынан табылған көмірлі-кремнийлі тақтатастарда сол кезде тіршілік еткен біржасушалы, дене мөлшері 8-12 см және жіпше тәрізді цианобактериялардың іздері жақсы сақталған. Тіпті онда ядроның ізі де айқын байқалған. Онда митоз жолымен бөлінген жасушаны да айқын байқауға болады. Бұған ұқсас жағдайлар Калифорния және Оңтүстік-Шығыс Якутия жеріндегі тау жыныстарынан да табылғандығы ғылымға белгілі болып отыр. Мұндай палеонтологиялық құнды деректердің бәрі де протерозой заманында эукариотты біржасушалы организмдердің кеңінен таралғандығына нақты дәлел бола алады.

Протерозой заманының алғашқы кезеңін "цианобактериялардың ғасыры" деп атауға болады. Өйткені дәл осы кезеңде цианобактериялар кеңінен таралған және олардың түр құрамы да алуантүрлілігімен ерекшеленген. Мұндай организмдердің тіршілік әрекеттерінен атмосфера құрамындағы бос күйіндегі оттектің мөлшері де бірте-бірте арта түсті. Алғашында бос күйіндегі оттек, негізінен, әртүрлі химиялық реакцияларда тотықтырушы рөл атқарды, яғни шөгінді темір кен орындарында пайдаланылды. Кейіннен бос күйіндегі оттек атмосфера құрамына бөліне бастады.

Протерозой заманында біржасушалы эукариотты организмдердің пайда болуы тіршілік эволюциясының басты өзгерісі деп айтуға болады. Өйткені эукариотты организмдер прокариотты организмдермен салыстырғанда құрылысының және тіршілік әрекеттерінің күрделенуімен ерекшелінеді. Сонымен қатар эукариотты организмдерге тән жынысты жолмен көбею қабілетінің де маңызы зор. Бұл кезде организмдер тұқымқуалаушылық ақпараттар алмасуымен де ерекшеленеді. Жынысты көбею кейбір прокариотты организмдер арасында да кездеседі. Бірақ бұл кезде әртүрлі даралар арасында тұқымқуалаушылық ақпарат жүзеге аспайды.

Протерозой заманында, яғни 0,9 млрд жыл бұрын сол кезде тіршілік еткен эукариотты организмдердің арасында жаңа тіршілік тармақтары пайда болып, жасыл, қоңыр және қызыл балдырлар тобы жеке-жеке бөліне бастағандығы байқалады. Тіпті саңырауқұлақтар да өз алдына жеке жүйелік топ болып бөлінген деген пікірлер де кездеседі. Бұл кезеңде алғаш рет біржасушалы қарапайымдар да өз алдына тіршілік ете бастаған деген де болжамдар бар.

Қорыта айтқанда, протерозой заманында 1,5-2 млрд жыл бұрын Жер бетіндегі тіршілік еткен тірі организмдердің арасында біржасушалы эукариотты организмдердің пайда болуы маңызы зор эволюциялық өзгеріске жатады. Осы өзгеріс көпжасушалы организмдердің шығуының алғышарты болды.

Бұл кезеңдегі Жер тарихындағы екінші маңызы бар эволюциялық өзгеріс деп атмосфера құрамында бос оттек мөлшерінің арта түсуі ғылыми тұрғыдан дәлелденген мәселе екендігіне ешкім де күмән келтіре алмайды. [1]</</p>









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал