- Учителю
 - Урок на тему 'Внешнее строение листьев' в казахских классах
 
Урок на тему 'Внешнее строение листьев' в казахских классах
 
Сабақтың тақырыбы: Жапырақтың сыртқы құрылысы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жапырақтың құрылысын, пішініне байланысты, жапырақ тақтасына байланысты формаларын, жүйкеленуін, сабаққа орналасу түрлерін тану.
Міндеті: Өсімдіктің вегетативті мүшелері тамыр, сабақ, жапырақтың ерекшеліктерін өзіндік білімдеріне сүйене отырып айыра білу. Өздерінің теориялық білімдерін практикамен, өмірмен байланыстыру арқылы жапырақтың маңызын танып білу
Не арқылы: Тірек суреттер символдары, кубизм,бес жолды тұжырым
Түрі: Түрлендірілген
Әдісі: анықтау, зерттеу, салыстыру, суреттеу, жинақтау
Қолданылатын көрнекіліктер: жапырақтың суреттері, кеппешөптер
Барысы
Үй тапсырмасы (Екі жақты күнделік)
Карточкалар арқылы оқушылар жұптарын табады. Бір карточкада ұғым, ал екіншісінде - анықтама.
-  
Тамыр - өсімдіктің вегетативті, жер асты мүшесі
 -  
Тамыр жүйесінің түрлері: шашақты, кіндік
 -  
Бүршік - бастапқы өркен
 -  
Сабақ - өсімдіктің жалғастырушы мүшесі
 -  
Өркен - жапырағы мен сабағы бар жас сабақ
 -  
Сабақтың ішкі бөлімдері: қабық, камбий, сүрек
 
І. Қызығушылықты ояту (Тірек суреттер символдары)
Суреттер және анықтауыш сөздер арқылы өсімдіктің құрылысын құрау.
Сөздер: жер үсті, жер асты, жалғастырушы. Суреттер: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл
Сол арқылы жапырақ тақырыбына түсу
ІІ. Мағынаны тану (Кубизм)
-  
Жапырақтың құрылысы, қызметі (анықтау)
 -  
Жапырақ тақтасының пішіні, өсуі, тіршілік ету ұзақтығы (зерттеу)
 -  
Жапырақтың жүйкеленуі (талдау)
 -  
Жапырақтың сабаққа орналасуы (дәлелдеу)
 -  
Жай және күрделі жапырақтар
 -  
Сабақ пен жапырақтың ұқсастық және айырмашылық белгілері (салыстыру)
 
Әрбір жұп өздерінің жұмыстарын қорғайды
ІІІ. Толғаныс (Бес жолды тұжырым)
Жапырақ
Мысал
-  
жапырақ
 -  
жай, күрделі
 -  
ауа тазартады, жүйкеленеді, көбеюге қатысады
 -  
Жапырақ - жер үсті мүше
 -  
Вегетативті мүше
 
Үй тапсырмасы:
Параллель жүйкелену мен доғалы жүйкеленудің айырмашылығын салыстыру.
Жапырақ құрылысын, жай және күрделі жапырақтар, жапырақтың орналасуының суреттерін салу.