7


6 сынып биологиядан кесте

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жарық микраскоптың құрылысы

Жасуша және оның бөлімдері.Плазмалық жарғақша (Плазмалық мембрана)

(Жасуша қабықшасы)



2

Цитоплазма



3

Ядро



4

Пластидтер



5

Вакуоль



6

Рибосома



7

Эндоплазмалық тор



8

Гольджи жиынтығы



9

Митохондрия



10

Лизосома



11

Жасуша орталығы















Өсімдік ұлпалары

Вегетативті өсу мүшесі.Тамыр

Шығу тегіне қарай тамырлардың бөлінуі

Тамыр жүйесі

Тамыр бөлімдеріТамырдың түр өзгерістері Тамырдың түр өзгерістері



Негізгі сипаттама

Жемтамырлар



Түйнекті тамырлар



Тіреу тамырлар



Ауа тамырлар



Емізік тамырлар



























Микроскоптың құрылысымен танысу. Микроскоптың құрылысы:

· оптикалық, механикалық, жарық қабылдайтын бөліктерден тұрады.

· Оптикалық бөліміне окуляр және объектив жатады. Бұлар микроскоптың ең басты бөлімі болып табылады және күрделі линзалар жүйелерінен құралған. Окуляр дегеніміз зерттеушінің көзіне бағытталған үлкейтіп көрсететін бірнеше линза. Окуляр 5,7,10,15 есе үлкейтіп көрсетеді. Объектив дегеніміз объектіге немесе зерттейтін затқа бағытталған линзалар жүйесі. Объектив 8,20,40,90 есе үлкейтіп көрсетеді. Микроскоптың жалпы неше есе үлкейтіп көрсеткен көрсеткіштерін өзара көбейту қажет.

· Микроскоптың механикалық бөлімі оптикалық және жарық бөлімдерін байланыстырып тұрады. Механикалық бөлімдеріне штатив, тубус, макровинт, препарат қоятын орындық, револьвер, конденсор винті жатады.

· Микроскоптың жарық қабылдайтын бөлімдеріне айна мен конденсор жатады. Айна микроскоп штативінің төменгі тұсындла орналасқан. Ол жарық сәулелерін зерттейтін объектіге бағыттайды. Айна бір жағы ойыс, екінші жағы тегіс болады. Конденсор айнадан түсетін жарықты шоғырландырып, зерттейтін затқа түсіреді.

2. Микроскоппен жұмыс істеу ережелері:

Микроскопты ыңғайлап, сол жаққа қойыңыз. Айнаның ойыс жағын жарық түсетін жаққа бағыттаңдар. Револьверді айналдырып, 8 есе үлкейтіп көрсететін объективке /кіші/ қойыңыздар. Кіші объектив пен препарат орналасатын орындықтың аралығы 1-1,5 см болуы керек. Айнаны ептеп қозғап біркелкі түсетін жарықты табыңыздар. Препараттың кішкентай шынысын жоғары бағыттап орналастырып, микроскоппен қараңыздар. Макровинтпен тубусты жоғары немесе төмен түсіріп, препараттың біркелкі боялғанын көресіздер, жақсы және ашық көрінетін тұсына қойыңыздар. Фокусын өзгертпей кіші объективтен, үлкен объективке көшіріңіздер. Микровинтті ақырын бұрап, препараттың өте анық көрінетін тұсын табыңыздар. Препаратты ақырын қолмен жылжытуға болады. Препаратты зерттеп болған соң үлкен объективтен кіші объективке көшіріңіздер. Микроскоппен жұмыс істеп болғаннан соң оны салфеткамен жауып қойыңыздар.































Тамыр және тамырлар жүйесі.

Тамыр - жоғары сатыдағы құрлық өсімдіктерінің негізгі вегетативтік мүшесінің біреуі.Тамырға радиальды симметрия тән,ол салыстырмалы түрде цилиндр пішінді өстік мүше.Тамыр төбе меристемасы арқылы оң геотропизм бағытында ұзақ уақыт өсе алады.Тамырдың сабақтан негізгі айырмасы - тамырда жапырақ өсіп-өнбейді және апикальды меристемасы сырт жағынан тамыр оймақшасымен жабылған.

Күрделі және қарапайым риния тәрізділер мен псилот тәрізділерде,сол сияқты мүк тәрізділерде нағыз тамыр жоқ.Риния тәрізділердің жер астындағы мүшесі қалың ризоидтармен жабылған,ризоидтар деп аталатын құрылысы тамырсабаққа ұқсас денеден тұрады.Мүк тәрізділерде тамырдың қызметін экзогенді жолмен пайда болған ризоидтар атқарады,ал сфагум мүктерінде ризоидтар жоқ.Сол сияқты тамыр кейбір су өсімдіктерінде: дүңгіршіктерде, жоғары сатыдағы тіршілік ететін өсімдіктер:арамсояуда, сұңғылада.

Тамырда көбінесе экзогенді жолмен қосалқы бүршіктер жетілген.Жанама тамырла сияқты қосалқы бүршіктер экзогенді жолмен де өсіп-өнеді.Қосалқы бүршіктерден өркендер - тамыр атпалары жетіледі.Тамырларында қосалқы бүршіктер пайда болатын өсімдіктер тамыр атпалылар деп аталады.

Тамыр көптеген физиологиялық және механикалық қызметтер атқарады.Олар мыналар:

1.Суды және онда еріген минералдық заттарды қабылдап,оны сабақ және жапыраққа қарай жылжытады.

2.Өсімдіктердің топыраққа бекініп,өркеннің жоғары қарай бойлап өсуін қамтамасыз етеді.

3.Дерон,Д.А.Савинин,И.И.Туманов және басқа зерттеушілердің жұмыстарынан тамырда кейбір органикалық заттардың синтезделетіні белгілі.

4.Тамырда қор заттары жиналады.

5.Топырақта тіршілік ететін организмдер саңырауқұлақтар бактериялармен үйлесіп селбеседі.

6.Вегетативтік жолмен көбею қызметін де атқарады.

Тамырды және тамырлар жүйесін негізінен шығу тегі морфологиялық ерекшеліктері және экология тұрғысынан жіктейді.Шығу тегіне қарай тамырлардың 3 типін ажыратамыз.Олар:негізгі тамыр,жанама тамыр және қосалқы тамыр.Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан өседі.Қосалқы немесе адвентивті тамыр сабақтан және жапырақтан сол сияқты өркеннің жер асты метаморфоздары - түйнек,жуашық және тамырсабақтардан өседі.Негізгі және қосалқы тамырардан бұтақтанудың екінші,үшінші және одан кейінгі өстері ретінде жанама тамырла өсіп шығады.

Тамырлар жүйесі деп - бір өсімдіктің барлық тамырларының жиынтығын айтамыз.Тамырлар жүйесінің 3 типін ажыратамыз: 1-кіндік тамырлар жүйесі,мұнда ұрық тамыршасы ұзарып өсіп,бірінші реттегі өс - негізгі тамыр бұтақтанып одан екінші,үшінші және одан арғы түзетін жанама тамырлар тарайды.Осы ретте негізгі тамыр жүйесі қалыптасады.2-ші кейде 3-ші реттегі жанама тамырлар өздерінің қуаттылығы өс диаметрінің үлкендігі, ұзындығы және орталықта орналасуы бойынша жанама тамырлардан айқын бөлектеніп,ерекшеленіп тұрады.Мұндай тамырлар жүйесі жоғары сатыдағы өсімдіктердің ашық тұқымдылар бөлігіне және жабық тұқымдылар бөлімінің қосжарнақтылар класының басым көпшілік өкілдеріне тән.

Екінші сызықша қосалқы тамырлар немесе шашақ тамырлар жүйесі.Мұнда негізгі тамыр жүйесі нашар жетілген,қосалқы тамырлардан көлемі жағынан айырмасы болмайды.Тамырлар жүйесінде қосалқы тамырлар қуатты жетіліп,басымдық білдіреді.Шашақ тамырлар жүйесі дара жарнақтыларға, әсіресе,астықтарға тән,ол сирек жағдайда қос жарнақтыларда кездеседі.

Тамырларды морфологиялық ерекшеліктеріне қарай жіктегенде негізінен олардың пішінінің алуантүрлілігі,консистенциясы,бұтақтану ерекшеліктері және кеңістікте орналасуы ескеріледі.Пішіні жағынан әдетте кең тараған тамырлар: цилиндр тәрізді, жалпақ жапырақты кермек, ұршық тәрізді,шомыр тәрізді,түйнек тәрізді тамырлар.

Тамырлардың экологиялық 4 типі ажыратылады.Олар:жерасты тамыр,сутамыр,ауатамыр және гаусториялық тамырлар,Жерасты тамырлары тұтасынан немесе жартылай топырақ арасына таралады.Мұндай тамырлар жоғары сатыдағы өсімдіктердің 70%қамтиды.

Сутамырлары су қабаттарында орналасады.Су түбіне жетпейді.

Ауатамырлары ауада болады,атмосфералық ылғалды сіңіреді.Мұндай тамырлар ылғалды тропикалық орманның эпифидтеріне тән.қа

Гаусториялы тамыр паразитті тіршілік ететін,негізгі өсімдіктердің денесіне еніп,ондағы дайын қоректік заттарды сорып,қабылдау қызметін атқарады.

Тамыр системасы.Ұзындыққа өсудің және тарамдалудың негізінде пайда болатын барлық тамырлардың жиынтығын тамыр системасы деп атайды.Тамыр системасының негізгі 3түрі бар: Кіндік тамыр системасы,ол ұрықтың тамыршасынан пайда болады және кіндік тамырдан,сонымен бірге одан кететін жанама тамырлардың әртүрлі қатарларынан тұрады.Қосалқы тамырлардың системасы,ол сабақ пен жапырақтың кез-келген бөлігінен пайда болады,аралас тамырлардың системасы ол бір мезгілде қатар өсетін кіндік тамырдың және қосалқы тамырлардың системалары.

Анатомиялық құрылысы.Тамыр ұшының құрылысы.Тамырдың ұзына бойында оның анатомиялық құрылысы бірдей болмағандықтан,оның әртүрлі бөлімдері бірыңғай қызмет атқармайды.Әдетте жас тамыр ұшынан тамырдың 4аймағын (бөліну,өсу немесе созылу,сору,өткізу) және тамыр оймақшасын ажыратады.

Тұқымды өсімдіктердің ұрық тамыршасының меристемалық клеткалары өсу барысында әртүрлі ұлпаларға жіктеледі.Тамырдың бой конусы меристемалық құрылысын сақтап,тамырдың оң геотропизм бағытында тереңдеп өсуін қамтамасыз етеді.Өсу барысында тамыр топырақтың қатты бөлшектерімен жанасады.Тамырдың бой консусын механикалық зақымданудан сақтайтын ерекше паренхималық ұлпа клеткаларынан тұратын тамыр оймақшасы жауып тұрады.1-ші тамыр оймақшасы борпылдақ орналасқан тірі паренхималық клеткалардан тұрады.Ол клеткалардың сыртқы қабаттары тез ескіріп топырақтың қатты бөліктерімен жанасқан кезде түлеп түсіп отырады.Олардың орнын жаңадан жетілетін жас клеткалар басады.Тамыр оймақшасының әсіресе сыртқы клеткаларында көп мөлшерде крахмал дәндері жиналады.Құрлық өсімдіктерінің барлығының тамыр ұшында тамыр оймақшасы болады, ал суда өсетін өсімдіктерде тамыр оймақшасының орнына оймақшаға ұқсас тамыр қалташа жетіледі.Тұқымды өсімдіктердің көбінде,әсіресе даражарнақтылар тамырының ұшында калиптроген деп аталатын тамыр оймақшасының меристемасы болады.Соңғы деректерге қарағанда,калиптроген гормондарды синтездеп,тамырдың өсуіне әсер етеді.

Тамыр оймақшасының ішкі жағында клеткалардың бөліну аймағы жатыр.4-ші тамырдың барлық ұлпалары меристемадан тұратын бөліну аймағынан пайда болады.Инициалді клеткалардың саны әртүрлі.Папаротник тәрізділерде апикальды меристема 1инициалды клеткадан тұрса, ал ашық тұқымдылар мен жабық тұқымдыларда олардың саны молайып,кейде тоттанып 3қабат түзіп жатады.Бөліну аймағында меристемалық ұлпаның 3 қабаты түзіледі.Сыртқы қабат - дерматоген ,ортаңғысы - периблема,ішкісі - плерома.Дермотогеннен тамырдың алғашқы жабындық ұлпасы эпиблема немесе ризодерма және тамыр оймақшасы,периблемадан алғашқы қабық, плеромадан орталық цилиндр қалыптасады.Бөліну аймағынан жоғары клеткалардың өсу аймағы орналасады.Бұл аймақтағы клеткалардың пішіні алғашқы кезде изодиаметрлі,созылып өсудің нәтижесінде цилиндр тәрізді пішінге ие болады.Клетка ішінде вакуольдер санының артуына орай олардың көлемі де ұлғаяды.

Бұдан жоғары орналасқан сору аймағын,кейде клеткалардың маманану аймағы деп те аталады.Өйткені,мұнда клеткалар жіктеліп,өзгеріске ұшырап,олардан әр түрлі ұлпалар пайда болады.Сору аймағында жетілетін тамыр түктері арқылы өсімдіктер өзі өсіп тұрған ортасынан суда еріген минералдық заттарды қабылдайды.

Тамыр ұшының эпиблемасының сабақ пен жапырақ эпидермасының айырмасы - мұнда клетка қабықшасы жұқалығынан,устьицилер мен кутикулалар болмайды және суды оңай өткізеді.Тамырдың сору аймағында эпиблеманың әрбір клеткасы бір клеткалы тамыр түгін жасауға қабілетті.Тамыр түктері шағын аймақта,әрбір шаршы милиметрге бірнеше жүзден,ұзындығы әр түрлі.Ұзындығы 1см-ге жететін ұзын түктер қант қызылшасы,асқабақ өскіндерінде кездеседі,астықта 0,75-тен 2 мм-ге дейін болады.Тамыр түктерінің клетка қабықшасы целлюлозалы,вакуолі ірі,цитоплазмасы қабықшасын астарлай орналасады.Түктер түзетін эпиблеманың беті өсімдіктердің жапырағы сияқты кутикуламен емес, топырақ түйіршіктерін түктерге жабыстыратын шараналы заттармен жабылады.Тамыр түктері су және батпақты жерде өсетін батпақ қалтагүлінде және т.б.болмайды.Тамыр түктерінің тіршілігі 10-20 күннен аспайды.Олардың орнын тамырдың жаңа бөліктерінен өсіп шыққан түктер басады.Осыған қарамастан, тамыр кейбір өсімдіктерде түктерінің қабырғасы қалыңдап,сүректеніп,тіршілігін екі жылға дейін жалғастырады.

Келесі аймақ - өткізу аймағы.Мұнда тамырдың сору аймағы қабылдаған су және онда еріген минералдық тұздар мен басқа да қоректік заттар сабаққа қарап өтеді.Бұл аймақта жанама тамырлар қалыптасады.Сондықтан ол жанама тамырлар аймағы деп те аталады.

























































Жасуша

Жасуша - тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар менсаңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер жәнесаңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардыңтіршілігі жасушасыз формада өтеді.

«Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 - 1703) енгізген. Тіршілікті Жасуша тұрғысынан зерттеу - қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі.

Жасушаның диаметрі 0,1 - 0,25 мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155 мм-ге (түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты организмдер Жасушасының диаметрі 10 - 100 мкм шамасында. Жаңа туған жас сәбилерде - 2×1012 Жасуша, ал ересек адамның организмінде - 1014 Жасуша болса, организмнің кейбір тіндерінде Жасуша саны өмір бойына тұрақты болады. Жасушаның тірі заты - протоплазма. Ол биол. мембраналармен (жарғақтармен) шектелген биополимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйелері - цитоплазма және ядродан тұрады.

Жасуша ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал цитоплазма құрамындағыларды -

  • рибосома,

  • митохондрия,

  • эндоплазмалық тор,

  • Гольджи кешені,

  • лизосома,

  • клеткалық мембрана деп атайды.

Рибосома Жасушадағы ақуыздың түзілуін қамтамасыз етеді, ақуыз синтезі орт. деп қаралады. Оның диаметрі 20 - 25 нм. Рибосома цитоплазмада бос күйінде де, жалғасқан түрде де, сондай-ақ барлық тірі организмдердің Жасушасында кездеседі.

Цитоплазма - ядроны қоршап жатқан Жасуша бөлігі. Оның құрамындағы химиялық макро және микроэлементтерден күрделі органикалық қосылыстар (ақуыздар, көмірсулар, липидтер, нуклеин қышқылдары, гормондар, ферменттер, витаминдер, тағы басқа) және минералдық заттар түзіледі. Митохондрия- Жасушаның тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид.

Митохондрияның ұзындығы 10 мкм-дей, диаметрі 0,2 - 1 мкм, саны 1-ден 100 мыңға дейін болады. Жасушадағы негізгі энергия тасушы зат - аденозин үш фосфор қышқылы. Бактерия, көк-жасыл балдырлар, т.б. тыныс алу процесін Жасуша мембранасы атқаратын организмдерде митохондрия болмайды.

Ядро - организмдегі ақуыздық алмасуды реттеу арқылы тұқым қуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін жасушаның негізгі бөлігі.

Эндоплазмалық тор - цитоплазмадағы көпіршіктердің, жалпақ қапшықтардың және түтікше құрылымдардың торлы жүйесі. Бұл әртүрлі иондарды, қоректік заттарды тасымалдайды, липидтер мен көмірсулардың (полисахаридтер) алмасуына және улы заттарды залалсыздандыруға қатысады.

Гольджи кешені - бір-бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ жарғақты 5 - 10 «цистернадан» және олардың шетіндегі ұсақ көпіршіктерден құралған органоид. Мұнда өндірілген өнімдер жинақталып, пісіп жетіліп, сыртқа шығарылады, Жасуша лизосомаларының түзілуіне қатысады.

Лизосома - қабырғасы мембранамен шектелген, қуысында ас қорыту ферменттері (протеиназа, нуклеаза, глюкозида, фосфатаза, липаза, тағы басқа) бар ұсақ көпіршіктер. Көпіршіктердің диаметрі 0,2 - 0,8 мкм. Лизосома ферменттерінің (20-дан астам) көмегімен Жасуша ішіндегі ас қорытуға және Жасуша құрамындағы жарамсыз құрылымдарды ыдыратуға қатысады.

Жасушалық мембрана - Жасуша цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе Жасуша қабықшасынан (өсімдіктерде) бөліп тұратын Жасуша органоиды. Оның қалыңдығы 7 - 10 нм. Негізінен Жасуша мен оны қоршаған сыртқы орта арасындағы метаболизмге (зат алмасуға) қатысады, сондай-ақ, Жасушаның қозғалуы мен бір-біріне жалғануында үлкен рөл атқарады. Жасушаның жалпы құрылысы жануарларға да, өсімдіктерге де тән. Бірақ өсімдік Жасушасының құрылымы мен метаболизмінде жануарлар Жасушасына қарағанда біраз айырмашылық бар. Өсімдіктер Жасушасының біріншілік плазмолеммасы күрделі полисахарид негізінде (матрикс) орналасқан целлюлозды микрожіпшелерден құралған. Микрожіпшелер өсімдік Жасушасы қабырғасының тіректік қаңқасын түзеді. Көп өсімдіктер беріктік қасиет беретін - екіншілік Жасуша қабықшасын (целлюлозадан) түзеді. Өсімдік Жасушаның целлюлоза талшықтары күрделі полимерлі зат - лигнинді сіңіріп, қатаяды да Жасуша қабықшасы беріктенеді. Өсімдік Жасушасының цитоплазмасында арнайы органоид-пластидтер -хлоропласт, хромопласт, лейкопласт бар.[1]













































Жасуша органоидтары





Жасуша органоидтары - жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі. Жасушаның қызметі тек органоидтардың көмегімен ғана орындалады.

1.Эндоплазмалық тор (ЭПТ) - (гр. эндо - ішкі, гр. плазма - жапсырылған) - жасушаның ішін түгелдей бірімен-бірі тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе - түйіршікті ЭПТ, бекінбесе, тегіс жарғақшалы ЭПТ дейді. Тегіс жарғақшалы ЭПТ майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысады. Түйіршікті жарғақшалы ЭПТ рибосомаларында нәруыздар синтезделеді. ЭПТ торланған түтікшелері жасуша ішіндегі басқа органоидтардың қатынас жасауына көмектеседі.

2.Рибосома (рибонуклеин қышқылы, лат. soma - дене) - цитоплазмада бос күйінде, жарғақшаға (ЭПТ) бекінген күйінде болатын нәруызды дөнек тәрізді өте ұсақ органоид. Ол нәруыз синтезіне қатысады

3.Митохондрия (гр. mitos - жіпше, гр. chondrion - дәнек) - барлық тірі жасушаларда болады. Пішіні таяқша, жіпше, дәнек тәрізді түзіліс. Жасушада ондаған, мыңдаған митохондриялар кездеседі. Сыртын 2 қабатты жарғақша қаптайды. Сыртқы жарғақшасы тегіс, ішкі жарғақшасы қатпарлы. Митохондриялар - май қышқылдарьш синтездеп, жасушаларды энергиямен қамтамасыз ететін энергия жинақтаушы құрылым. ішкі жарғақшадағы ферменттер глюкоза мен аминқышқылдарды ыдыратып, май қышқылдарын тотықтырады.

4.Лизосома (гр. mitos - еріту, гр. soma - төн) - домалақ немесе сопақша пішінді, бір қабатты жарғақшалы түзіліс. Құрамындағы ферменттердің әсерінен нәруыз молекулаларымен полисахаридтерді ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді.

5.Гольджи жиынтығы - ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.

6.Жасуша орталығы - центриоль (лат.</<font color="#252525"> centrum - орталық нүкте, орталық) Гольджи жиынтығына жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 денешік. Жасуша бөлінуінің алғашқы кезеңінде 2 центриоль бірінен-бірі екі полюске карай ажырайды. Ортасында ұршықша жіпшелер пайда болады. Жасушалардың бөлінуіне қатысады.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал