7


  • Учителю
  • Урок Мозг . Части структуры мозга и активности

Урок Мозг . Части структуры мозга и активности

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: .22.02.016жыл

Топ: 83

Сабақтың тақырыбы: Ми. Ми бөлімдері құрлысы мен қызметі.

Мақсаты: Мидың құрлысынмен, атқаратын қызметімен таныстыру. Оқушылардың танымдылық қабілетін арттыра отырып, адамның ми құрлысын ғылыми түрде сипаттай білу.

Күтілетін нәтиже:

-оқушы өз бетінше оқыған тақырыптың нәтижесін топта талқылауды үйренеді;

-өзара білім алуға үйренеді;

-бірін-бірін тыңдауға үйренеді;

Түрі: Жаңа сабақты өздігінен меңгеру.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, слайд, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ. Бекіту.

Ұйымдастыру бөлімі.

- Оқушылармен амандасу.

- Топқа бөлу

Үй тапсырмасын тексеру. «Миға шабуыл» стратегиясы.

І топ

  1. Жүйке жасушалары неден тұрады? (денеден, ұзын және қысқа өсінділерінен)

  2. Нейрон дегеніміз не? (жүйке жасушалары)

  3. Құрлымы мен қызметіне қарай нейрондар неше топқа бөлінеді? (3, сезгіш, байланыстырғыш, қозғалтқыш)

  4. Рефлекс қандай мағына береді? (жауап қайтару)

  5. Рефлекстік доға неше бөлімнен тұрады? (5, жүйке ұштары, сезгіш нейрондар, жүйке орталығы, қозғалтқыш нейрондар, тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер)

  6. Жүйке жүйесі неше үлкен топқа бөлінеді? (2- орталық, шеткі)

ІІ топ

  1. Орталық жүйке жүйесіне не жатады? (ми мен жұлын)

  2. Грекше сома қандай мағынаны білдіреді? (дене)

  3. Жұлын қай жүйке жүйесіне жатады? (орталық)

  4. Жұлынның салмағы? (34-38г)

  5. Аксон дегеніміз не? (жүйке жүйсінің ұзын өсіндісі)

  6. Рефлекс ұғымының анықтамасы? (сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның жауап қайтару рекциясы)

ІІІ топ

  1. Жұлынның сұр заты қай жағында орналасқан? (Ішкі)

  2. Жүйке жүйесінің қысқа өсіндісін ата? (дендрит)

  3. Жұлынның пішіні және орналасуы? (цилиндр, омыртқа жотасының өзегінде)

  4. Жұлынның ұзындығы? 42-45 см

  5. Жүйке жүйесінің маңызы? (денедегі мүшелердің жұмысын зерттейді, мүшелер мен мүшелер жүйесін бір-бірімен байланыс жұмыс істеуін басқарады, ағза мен сыртқы ортаның байланыс қамтамасыз етеді)

  6. Жұлында қанша жұп жүйкелері тарайды? (31 жұп)

Сергіту сәті:

Жаңа сабақ

Тақырып бойынша жұмбақ жасыру

Дүниені танитын,

Бізге ақыл беретін.

Естігенді көргенді,

Жүйелі нақты жинайтын

Қандай мүше болатын. (Ми)

Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа салмағы -1300-1400г. Ми 20 жасқа дейін дамиды. Тұрақты шұғылдану нәтижесінде:

- есте сақтау,

-назар аудару,

ойлау,

көз алдында елестету.

Ми





Ақ зат сұр зат





Ішкі жағында сыртында болады

Ойлан,жұптас,талқыла әдісі бойынша оқушылар жаңа тақырып бойынша топта талқылайды.

І топ Сопақша миды зерттеушілер

ІІ топ Артқыды миды зерттеушілер

ІІІ топ Ортаңғы миды зерттеушілер

Сопақша ми - жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы. Сопақша мидың төменгі шеті жіңішкелеу, жоғарғы шеті жуандау. Сопақша ми арқылы жүзеге асатын рефлекстер:

1) қорғану (жөтелу, құсу, түшкіру, жас бөлу, көзді жыпылықтату);

2) тамақ (ему, жұту, сөз бөлу, асқорту бездері);

3) жүрек, қантамырлар (жүрек пен қантамырлар жұмысын реттеу);

4) автоматты түрде жұмыс істейтін тынысалу орталығы өкпе жұмысын жақсартады;

5) есту ақпараттарын басқарады.

Артқы миға - мишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан ми көпірі дейді. Ми көпір арқылы төменірек орналасқан бөлімдерден қозу келеді.

Ортаңғы ми - артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бір - бірімен жалғастырып тұрады. Мидың бір бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Теріде пигменттің түзілуін реттейді.

Аралық ми - ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру төмпешіктері мен төмпешік асты аймақтан (гипоталамус) тұрады. Аралық ми зат алмасу, жүрек - қантамырлары жүйесі, ішкі секреция бездері, зәр шығару, ұйқы жұмысын реттейді.

Бекіту

Ми бөлімдері

Атқаратын қызметтері

жауабы

1

Сопақша ми

А) бұлшықеттердің ширақтылығын сақтау, реттеу

1-в

2

Мишық

Ә)дене қызуы,жүрек-қантамыр, зат алмасу, ас қорыту, зәр шығар, сергектік, бейімделу, көру, есте сақта, сезім толқынын реттеу

2-б

3

Ортаңғы ми

Б) қимыл-қозғалысты реттеу

3-а

4

Аралық ми

В)рефлекторлық қозуды өткізеді

4-ә









Биологиялық диктант

  1. Аралық ми ортаңғы мидың алдыңғы жағында орналасқан.

  2. Жұлыннан айырмашылығы-мидың ақ заты ішкі жағында, сұр заты сыртында болады.

  3. Ми бөлімдерінің өзара байланысы өткізгіш жолдары арқылы қамтамасыз етіді.

  4. Нейрондардың мишықтан шығатын өсінділері оны орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен байланыстырады.

  5. Жұлын сияқты сопақша ми қозуды жұлыннан мидың бөлімдеріне өткізеді.

  6. Есту , тепе-теңдікті сақтау мүшелерінен келетін ақпараттар ми көпіріне хабарланады.

Қажетті сөздер: сопақша, ішкі, сыртқы,ми көпір өткізгіш жолдар, мишықтан, аралық ми.

Венн диаграммасы









1.Ми бастың ми сауытының ішінде орналасады ма (ия)

2.Мидың орташа салмағы 2000-4000г болама (жоқ)

3.Ми 20жасқа дейін дами ма (ия)









1.Ми бастың ми сауытының ішінде орналасады (ия)

2.Мидың орташа салмағы 2000-4000г болама (жоқ)

3.Ми 20жасқа дейін дамиды (ия)

4.Ми ақ, сұр затынан тұрады (ия)

5. Миды жұлынмен байланыстыратын өткізгіш жолдар сұр заттан түзіледі (жоқ)

6. Өткізгіш жолдар ми бөлімдерінің өзара байланысын қамтамасыз етпейді? (жоқ)

7. Ми қарыншалары дегеніміз ми сұйықтығымен толған мидың қуыстары? (ия)

8. Ми қарыншаларының қызметі қорғаныштық, ыдырау өнімдерін шығару, ми ішіндегі қысымды реттеу ? (ия)

9. Ми құрлымдық және қызметтік бөлімдерге байланысты 5-ке бөлінедңі? (жоқ) (бағаналы, қыртыс асты, алдыңғы ми сыңарларының қыртысы)

10. Ми сопақша ми, мишық-артқы ми, ортаңғы ми, аралық ми, алдыңғы ми сыңарлары бөлімдерінен тұрады ? (ия)

11. Сопақша ми мишықтың жалғасы ? (жоқ)( оның ұзындығы 2,5-3 см)

12. Сопақша мимен ортаңғы миды байланыстыратын ми көпірі ? (ия)

13. Мишық мойын-тұлға, аяқ-қол бұлшық еттерінің қозғалысын, дененің тепе-теңдігін сақтап, реттейді ?(ия)

14.12 жұп бассүйек-ми жүйкелері ортаңғы мидан таралады ? (жоқ)(Ми бағанасынан )

15. Артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан ми бөлімі ортаңғы ми ? (ия)

16. Аралық ми зат алмасу,жүрек-қан тамырлары жүйесі,ішкі секреция бездері,зәр шығару,ұйқы жұмысын реттейді? (ия)

Бағалау

Үйге тапсырма: 63-74 бет оқу мазмұндау, деректеме. Біліміңді сына.

Урок Мозг . Части структуры мозга и активности



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал