7


Сабақ жоспары № 18 10 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Күні:

Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Буылттық құрттардың көптүрлілігі. Шұбалшаң. Тіршілік ортасы. Сыртқы құрлысы.

Сабақтың мақсаты:1.Буылтық құрттартипіне жататын құрттардың өкілдерін таныстыру және олардың тіршілік әрекеттерін,негізгі ерекшеліктерін түсіндіру.

2. Білімділік мақсатты жүзеге асыра отырып, оқушылардың байқампаздық қабілеттерін дамыту.дамыту..

3.Қоршаған ортаға саналы көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар, электронды оқулық

Сабақтың әдісі: салыстыру,баяндау.

Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру.

2.үй тапсырмасын тексеру.

3.жаңа сабақты түсіндіру



Буылтық құрттар типi - жоғарғы сатыдағы құрттар (~9000 түр). Буылтық құрттардың денесi кезектесiп қайталанып орналасатын сегменттерден немесе метамерлерден құралған. Олардың әрқайсысының бүйiрiнде метамерлi және жұптасып өсiндiлер немесе параподия деп аталатын алғашқы аяқтары орналасады. Денесi бас, тұлға, аналь бөлiмдерiнен тұрады. Дененiң екiншi қуысы немесе целом қуысы бар.Сабақ жоспары № 18 10 сынып

Буылтық құрттардың негiзгi белгiлерi:

  •  Буылтық құрттардың денесi бас бөлiмнен (простомиум), сегменттелген тұлға бөлiмiнен және құйрық бөлiмiнен (пигидий) тұрады. Бас бөлiмiнде сезiм мүшелерi орналасады.

  •  Терi, бұлшық ет қапшығы жақсы дамыған.

  •  Дененiң екiншi қуысы немесе целом қуысы бар; әр сегментте жұп целом қуысы бар. Бас және құйрық бөлiмдерiнде целом қуысы жоқ.

  •  Ауыз тесiгi перистомиум сегментiнде орналасқан. Асқорыту жүйесi ауыз қуысынан, жұтқыншақтан, ортаңғы және құйрық бөлiмiнде аналь тесiгiмен аяқталатын артқы iшектен тұрады.

  •  Буылтық құрттарда жақсы дамыған қан айналу жүйесi тұйық.

  •  Зәр шығару қызметiн нефридиялар атқарады. Әрбiр сегментте бiр жұп нефридиялар орналасқан.

  •  Нерв жүйесi жұп ми ганглиясынан, жұтқыншақ асты ганглиясынан, жұтқыншақ маңындағы сақина-коннективадан және құрсақ нерв тiзбегiнен құралған. Құрсақ тiзбегi - әрбiр сегментiнде орналасқан нерв ганглияларынан тұрады. Еркiн тiршiлiк ететiн түрлерiнде сезiм мүшелерi жақсы дамыған.

  •  Полихеттер дара жыныстылар; олигохеттер және сүлiктер гермафродиттер.

  •  Буылтық құрттардың жұмыртқаларына спиральдi детерминативтi бөлшектену тән.

  •  Төменгi сатыдағы буылтық құрттардың дамуы метаморфоз арқылы, личинкалары-трохофора кiрпiкшелерiнiң көмегiмен жүзiп жүредi.

  •  Буылтық құрттар типi екi тип тармағына бөлiнедi: белдеусiздер және белдеулiлер. Белдеусiздер тип тармағына көпқылтандылар класы, ал белдеулiлерге - азқылтандылар класы және сүлiктер класы жатады.

Көпқылтандыларға -нереида , құмқазар

Азқылтандыларға- шұбалшаң, сүліктер.

Сүліктер-буылтық құрттар типіне жататын арнайы кластың өкілі.





Сыныпта орындалатын тапсырмалар:



1.Трохофора, пароподия, гермофродит, гирудин, целом сөздерінің мағанасын талда.



2.Шұбалшаң мен сүліктің пайдасын оқулықтан тауып оқы.



3.Буылтық құрттардың қанайналым жүйесіне сипаттама Бер.





Үйге тапсырма: §44





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал