- Учителю
- Сабақ жоспары Ұлғайтқыш құралдар: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек тақырыбында
Сабақ жоспары Ұлғайтқыш құралдар: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек тақырыбында
.09.2016 |
Биология 6 «а», «б»
|
Сабақтың тақырыбы |
§5. Ұлғайтқыш құралдар: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек. Ұлғайтқыш құралдарды қолдану тәсілдері. Препараттар даярлау. Материалдар және құрал жабдықтар. Қауіпсіздік техникасы. № 2 зертханалық жұмыс. Ұлғайтқыш құралдармен және зертханалық құрал-саймандармен танысу.
|
Сабақтың мақсаты,міндеті |
Ұлғайтқыш құралдардың құрылысымен танысу, қолдану тәсілдерін үйрену. Білімділігі -микроскоптың құрылысымен таныстырып, дайын микропрепараттар жасау тәсілін үйрету. Тәрбиелілігі - адамның тұлға ретінде қалыптасуында ғылыми дүниетанымын байыту. Дамытушылығы - электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
|
Оқыту нәтижелері |
Ұлғайтқыш құралдардың құрылысын біледі, талдай алады Жұмыс жасауға дағдыланады. Өз бетінше қорытынды жасай алады. |
Сілтеме |
Биология оқулығы 6 сынып, слайд
|
Негізгі идеясы |
Нақты ойлау арқылы ой қорыту |
Қолданылған әдістері мен тәсілдері |
Блум таксономиясы, диалог,жеке жұмыс, топтық жұмыс, «Миға шабуыл» әдісі, «Сиқырлы шаршы» немесе «Sudoku» күрделенген тапсырмасы
|
Ресурстар |
Интерактивті тақтамен жұмыс, сызба-кестелер, суреттер, сұрақтар жазылған парақтар |
Сабақ жоспары |
|
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Оқушының іс-әрекеті:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Сәлемдеседі, бір-біріне сәттілік тілейді
Оқушыларды топқа бөлу:
Стикерлер арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу.
Оқушылар стикерлерді таңдау арқылы топқа бөлінеді.
Білу
Үй жұмысын сұрақтар
-
Өсімдіктердің тіршілік әрекеттері?
Бір қарағанда өсімдік өзгеріссіз сияқты көрінеді. Ол топыраққа бекіп, белгілі бір уақыт мөлшерңнде тіршілік етеді. Өсімдік өсіп-жетіліп: жапырағы, жас өркені, гүлі, жемісі, тұқымы пайда болады. Өсімдік ағзасында жүретін бұл процесстерді тіршілік әрекеттерә дейді.
-
Өсімдіктерге әсер ететін орта факторлар?
Өсімдіктердің өсіп жетілуіне қажетті негізгі
факторлар - жарық, жылу, ауа, су және қоректік заттар. Осы факторлардың біреуі немесе бірнешеуі өсімдіктерге жетіспесе, онда еш уақытта мол өнім алынбайды. Сондықтан ауыл шаруашылығымен айналысатын мамандардың негізгі міндеті - өсімдік тіршілігіне қажетті, жетіспейтің факторды дұрыс анықтау және оның өсімдіктерге жеткілікті мөлшерде болуын реттеу. Жарық. Жарықтың өсімдіктер тіршілігіндегі маңыздылығы - олардың қатысуымен фотосинтез процесі жүріп, өсімдіктерде күрделі органикалық заттар түзілетіндігі. Жақсы тускен жарықтың әсерінен өсімдік тамырларының өсуі күшейеді, оның жапырақтары мен сабақтары жақсы өседі де жоғары өнім береді, сондай-ақ өнімнің сапасы да едәуір жақсарады. Мұның бәрі өсімдіктердің өсу-жетілу процестерінің жақсы жүруімен байланысты.
-
Абиотикалық факторлар дегеніміз не?
Абиотикалық факторлар (гр. 'a' - теріс және bіotіkos - тірішілік, өмір) - бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары.
Ол физикалық абиотикалық фактор (темпиратура, жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей, радиоактивті сәуле шығару т.б.), химиялық Абиотикалық фактор (атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгінді құрамы және олардағы қоспалар т.б.), климаттық абиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т.б.) болып бөлінеді. Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим. құрамына қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі т.б. Абиотикалық факторға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың химиялық және физикалық құрамының өзгеруі тірі организмдерге де әсер етеді. Мысалы, 20 ғасырда Арал теңізінің тартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне байланысты, миллиондаған тонна тұзды шаң тірі организмдерге үлкен әсерін тигізді.
Абиоталық факторды химиялық (атмосфераның, теңіздің, тұщы судың құрамы және тағы да басқалары) және физикалық (климат, орография) деп екіге бөледі. Абиоталық фактор биоталық және антропогендік факторлармен қосылғанда экологиялық факторлар құрайды.
-
Биотикалық фактор дегенімізді қалай түсінесіңдер?
Биотикалық фактор, биогендік фактор - ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері. Биотикалық фактордың абиотикалық фактордан айырмашылығы, мұнда әр түрге жататын азғалар бір-біріне өзара және айналадағы ортаға әсерін тигізеді. Мысалы, жәндіктер өсімдіктерді тозаңдандырады, бір ағза екінші бір ағзаны қорек етеді, микроорганизмдер топырақ құрылымын өзгертеді, т.б. Биотикалық факторлар бір популяция ішіндегі дара бастар арасында да, жекепопуляциялар арасында да байқалады.
Мысалы, ақ бөкендердің жайылымдардағы өсімдіктерге әсері, ақ бөкендердің өзара әсері немесе қасқырдың ақ бөкенге шабуылы, т.б. Биотикалық фактор түрішілік және түраралық болып ажыратылады.
Түрішілік Биотикалық факторға жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдердің өз өсімталдығын арттырудағы әрекеті (демогр. әсер), мекен ететін аумағын қорғаудағы жануарлардың мінез-құлығы (этологиялық әсер), т.б. әсерлер жатады.
Түраралық Биотикалық факторға
комменсализм (сіңісу), симбиоз (селбестік), нейтрализм (бейтарап селбесу), масылдық (басқа ағза есебінен күн көру), жыртқыштық әсерлер жатады. Биотикалық фактордың қалыпты жағдайдан ерекше ауытқуы ағзалардың қалыптасқан тіршілігіне әсерін тигізбей қоймайды, соның нәтижесінде табиғи тепе-теңдік бұзылады.
-
Антропогендік факторлар дегеніміз не?
Антропогендік фактор (грек. anthropos - адам, genos - тегі, пайда болуы, лат. factor - іс-әрекет) - адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері.
Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады.
Интернет жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, өсімдіктердің 25 - 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот және көміртек оксид|оксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды.
Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий</<font color="#000000"> алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр.
-
Өсімдіктердің тіршілік ортасы?
Жер бетінде ағзалардың тіршілігін қамтамасыз ететін төрт түрлі ортасы бар: су, құрлық-ауа, топырақ, паразиттік.
Тақырыптың басты идеясын табады. Сұрақтарға жауап беру арқылы өткен тақырыптағы
мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
Түсіну
Жаңа сабақ түсіндіру.
Топтарға тапсырмалар бөліп беру.
1. Жасушаның ашылу тарихы
2. Микроскоптың құрылысы
3. Микропрепарат дайындау
Топтар талдап түсіндіреді
Қолдану
Теорияны тәжірибеде үйлестіру үшін тақырыпқа тиісті тапсырмалар береді
Қима қағаздағы суреттер арқылы микрооскопты құрастырады ,құрылысымен танысады.Қауіпсіздік ережесімен танысады
№2 зетханалық жұмыспен танысып, орындау
Теорияны тәжірибеде үйлестіре тапсырмалар орындайды.
Талдау
Тақырыпта берілген сұрақтарды талдауға үйренеді. Оқушылар бір-біріне жуан және жіңішке сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты тағыда бір пысықтайды.
Оқушылармен бірге сабақты талдау.
1.Жасушаның ашылу тарихы
2.Ұлғайтқыш құралдарды кім ашты?
3.Ұлғайтқыш құралдардың бөлімдерін атаңдар?
4.Қауіпсіздік техникасы
Талдау жасау арқылы тақырыптың мағынасын түсінеді
Салыстырады, сараптайды
Жинақтау
Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, түйіндеу үшін?
Тапсырмалар беріліп, сұрақтар қойылады.
Топтық жұмыс
Пияз қабығының жасушасын зерттеу.
Төмендегі сөйлемдерді оқып шығып,ойланып тұсындағы сандарын торкөздің ішіне препарат дайындау ретіне қарай орналастырыңдар
-
Препаратты жабын шынымен жабады
-
Пияз қабығын аршиды
-
Зат шынысына йод тамшысын тамызады
-
Пияздың шырынды қабатының дөңес жағынан жұқа өңіні сылып алады
-
Зат шынысына су тамызады
-
Пияз өңінің бүктелген жерін сапты инемен түзейді
-
Препаратты зат үстелшеге орналастырады
Берілген тапсырманы орындайды,білімдерін жинақтайды, сараптайды
Бағалау
Оқушылардың ерекше ой - пікірлері, өз көзқарастары, қорытынды шешім қабылдап қорытынды жаза білу.
Критерийлер бойынша бағалайды
Өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды
Рефлексия
Сабақтан алған әсерлерін сұрайды.
Нені үйрендің?
Не қиын болды?
Енді нені үйренгің келеді?
Үйге тапсырма: §5. Ұлғайтқыш құралдар: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек.
Біліміңді тексер тапсырмалары
14-сурет салып келу
Сабақтан алған әсерлерін берілген сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді.
Топтық жұмыс
Пияз қабығының жасушасын зерттеу.
Төмендегі сөйлемдерді оқып шығып,ойланып тұсындағы сандарын торкөздің ішіне препарат дайындау ретіне қарай орналастырыңдар
-
Препаратты жабын шынымен жабады
-
Пияз қабығын аршиды
-
Зат шынысына йод тамшысын тамызады
-
Пияздың шырынды қабатының дөңес жағынан жұқа өңіні сылып алады
-
Зат шынысына су тамызады
-
Пияз өңінің бүктелген жерін сапты инемен түзейді
7.Препаратты зат үстелшеге орналастырады
Топтық жұмыс
Пияз қабығының жасушасын зерттеу.
Төмендегі сөйлемдерді оқып шығып,ойланып тұсындағы сандарын торкөздің ішіне препарат дайындау ретіне қарай орналастырыңдар
-
Препаратты жабын шынымен жабады
-
Пияз қабығын аршиды
-
Зат шынысына йод тамшысын тамызады
-
Пияздың шырынды қабатының дөңес жағынан жұқа өңіні сылып алады
-
Зат шынысына су тамызады
-
Пияз өңінің бүктелген жерін сапты инемен түзейді
7.Препаратты зат үстелшеге орналастырады
Топтық жұмыс
Пияз қабығының жасушасын зерттеу.
Төмендегі сөйлемдерді оқып шығып,ойланып тұсындағы сандарын торкөздің ішіне препарат дайындау ретіне қарай орналастырыңдар
-
Препаратты жабын шынымен жабады
-
Пияз қабығын аршиды
-
Зат шынысына йод тамшысын тамызады
-
Пияздың шырынды қабатының дөңес жағынан жұқа өңіні сылып алады
-
Зат шынысына су тамызады
-
Пияз өңінің бүктелген жерін сапты инемен түзейді
7.Препаратты зат үстелшеге орналастырады
Топтық жұмыс
Пияз қабығының жасушасын зерттеу.
Төмендегі сөйлемдерді оқып шығып,ойланып тұсындағы сандарын торкөздің ішіне препарат дайындау ретіне қарай орналастырыңдар
-
Препаратты жабын шынымен жабады
-
Пияз қабығын аршиды
-
Зат шынысына йод тамшысын тамызады
-
Пияздың шырынды қабатының дөңес жағынан жұқа өңіні сылып алады
-
Зат шынысына су тамызады
-
Пияз өңінің бүктелген жерін сапты инемен түзейді
7.Препаратты зат үстелшеге орналастырады
Аты-жөні
бі-лу
түсі-ну
қол-дану
талдау
жи-нақтау
баға-лау