7


  • Учителю
  • Жаратылыстану табиғат туралы ғылымның жиынтығы.

Жаратылыстану табиғат туралы ғылымның жиынтығы.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 5 «а» 5 «ә»

Мұғалімі :Уралбекова Индира Асылкановна

Күні : --------- оқу жылы ----------

Сабақ №1


Сабақтың тақырыбы: Жаратылыстану -табиғат туралы ғылымның жиынтығы.

Мақсаты: Жаратылыс түсінігін қалыптастыру, жаратылыстанудың негізгі нысандары мен оның негізгі мақсаты - ғылыми бағыты, адамзат үшін бұл ғылымның теориялық -сарамандық(практикалық) мәні ,жаратылыстану ғылымы дамытудың ,басқа ғылымдармен байланысын түсіндіру.

Тірек білім: Жаратылыстану пәні кіріккен курс екенін, ол пәндердің бұған қатыстылығын оқушы түсінігімен сұрақ- жауап түрінде алу,өмір тәжірбиесінен білетіні.

Қажетті құрал - жабдықтар: әртүрлі денелер (стақан ,доп,қағаз,қаламсап ,ойыншықтар және т.бс ) бөлме және жабайы өсімдіктер табиғи құбылыстар түсірілген суреттер (қар ,жаңбыр, қырау және т.б)

Сабақтың барысы:

  1. Табиғатты оқып танудың жолдары. Табиғат бөліктерін атап оны оқып танысуда қандай ғылымдар көмекке келетінін түсіндіру.

  2. Жер бетіндегі біздің қоршаған денелар жайлы түсінік беру.

Жаңа материалды игеру:

  1. Жаратылыстанушы деген сөздің мағынасын оқушылар қалай түсінеді?

  2. Барлық денелер заттан тұрады

А)денеге нақты анықтама беру. Денеге сипаттама бере білу- пішінін ,т.сін ,салмағы.

Ә) затқа нақты анықтама беру. Мысал ретінде су, тұз, қанттың зат ерітіндісін дәлелдеп .оны көрсету. Олардың түсін,дәмін,агрегаттық күйін анықтау.

Б) барлық дене заттан тұрады. Мысал. Доп,кітап,резеңке,және т.б

Оқушылар арасында кім қанша дене туралы айтады және оның құрамдас бөліктерін атап беру туралы жарыс ұйымдастыру.

  1. Май, ақуыз(белое),көміртегі(крахмал) заттардың бар екендігін анықтайтын тәжірбие жүргізу. Жаңғақты жарып жемісін алып оны қағаз арасына салып қысып көреміз , қағазға жабысқан майлы дақтардың бар екендігін көреміз. Яғни дененің құрамында май бар. Ұннан қамыр илеп, оны сумен тазалап жуамыз,су бетінде қалқып жүрген қою сұйықтықтың өсімдік ақуызы екендігін түсіндіреміз.

Лай судың үстіне бір тамшы йод құйсаңыз су біртіндеп көк түске өзгереді. Яғни ол крахмалдың бар екндігі.

  1. Биология дегеніміз не ? оған анықтама беріңдер.оқушылар оған мысал келтіреді. (ол үшін сөздікті пайдалану керек)

  2. « Дүниетану » курстан табиғат құбылыстарын естеріңе түсіріндер . кейіннен оқушыларға сөздік жұмыстарын тапсырыңдар. Танымал деген табиғаиғат құбылыстарын дәптерге теріп жазу. Тақтаның артына тексеру үшін дұрыс жауаптарын жазып қоямын. Оқушылардың білімдерін тексерумен бірге өздерін қалай бағалайтындығын да тексеріемін. Әсіресе оқушылардың сөзді реттілігімен дұрыс жазуына көңіл бөлемін.

А)күн мен түннің ауысуы.

Ә) жылдық маусымдардың ауысуы

Б) күннің шығуы және батуы

В) жер сілкіну

Г) жаңбыр ,қар және т.бс

6. сабаққа жақсы қатысып ойын бөліскен оқушылар бағаланады. Оқушылардың білім деңгейіне қарай отырып оларға үйге жұмыс беремін


Үйге тапсырма:

Берілген бір ғылымға қысқаша баяндама ретінде төмендегідей кестені толтыруға беремін

Ғылымның аты

Ол нені зерттейді(үйретеді?)

Астрономия


Жаратылыстану


Биология


Химия


Физика


География


Экология




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал