7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Өкпенің құрылысы мен қызметі 8 класс

Ашық сабақ Өкпенің құрылысы мен қызметі 8 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Пәні: Биология

Класы: 8

Сабақтың тақырыбы: Өкпенің құрылысы мен қызметі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға ағзадағы тыныс алудың маңызын, өкпенің құрылысы және қызметі туралы білімді меңгерту, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру;

Дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін жадында сақтау қабілетін дамытып жетілдіру, зейін қойып тыңдауға үйрету, өз беттерінше ізденуін қалыптастыру. Сабаққа белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттыру;

Тәрбиелік: оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйластықты ояту. Тұлғалық ізгілік қасиеттерге баулу және ұқыптылыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың типі: Сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: Талдау, түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, муляж, тірек-сызбалар, электронды оқулық.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру: оқушылармен амандасу, қатысымын тексеру, сабақты бастау үшін оқушыларды топқа бөлу.

Тақырыпты ашу үшін өкпенің суретін көрсетемін, оқушылар атағаннан кейін сабақтың тақырыбын айтып тақтаға жазамын.

Топқпа бөлу үшін магнитті суреттерді таңдап алады. Ал суреттердің артында з түрлі топтың аты жасырылған: 1. Бронхы

2. Альвеола

3. Өкпе

ІІ. Үй тапсырмасын тескру:

  • «Аялдама, алға ұмтыл» тапсырмасы (жедел сұрақтар):

1.Тыныс алу жүйесі өте маңызды қандай қызмет атқарады? (газ алмасу)

2. Тыныс алу мүшелеріне не жатады? (мұрын,аңқа, көмей, кеңірдек, бронхы,өкпе)

3.Ауаны жұтқыншақтан кеңірдекке өткізеді? (көмей)

4. Көмей шеміршектерінің арасында қандай сілемейлі қабаттар болады?

(2 дыбыс сіңірі)

5. Ұзындығы 9-13 см өңештің алдында орналасқан түтік. (кеңірдек)

6. Диаметрі 0,2-0,3мм қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады (альвеолла)

7. Мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше.(көмекей)

8. Қан жасушалары- лейкоциттердің мұрынқуысы үшін маңызы қандай?

(микробтарды жояды)

9.Дыбыс сіңірлері арасындағы кеңестік не деп аталады? (дыбыс саңылауы)

10.Тыныс алу органдарының ішінде ең үлкен орган? (өкпе)

  • «Сырлы сурет» (суретке анықтама):



Жауабы:

  1. Мұрын қуысы 6. Ауыз қуысы

  2. Жұтқыншақ 7.Көмей

  3. Кеңірдек 8. Бронхылар

  4. Қабырға 9. Өкпеқап

  5. Көкет 10. Өкпеқап қуысы



Ашық сабақ Өкпенің құрылысы мен қызметі 8 класс



















  • «Сөйлейтін сандар» (криптограмма):

Ашық сабақ Өкпенің құрылысы мен қызметі 8 класс





17,27,23,37,18 мұрын



14,21,17,8,13 көмей



14,8,19,38,23,7,8,14 кеңірдек



3,23,20,18,30,37,16,1,23 бронхылар



21,14,22,8 өкпе







ІІІ. Жаңа сабақ.

Өкпенің құрылысы мен қызметі.

Ашық сабақ Өкпенің құрылысы мен қызметі 8 классӨкпе- кеуде қуысында орналасқан шымыр, кеуекті жұп мүшелер. Оң жақ өкпе бөлікаралық жүлгелермен бөлінген үш бөліктен, ал сол жақ өкпе екі бөліктен тұрады. Өкпенің сыртқы дөңес бетін қабырғалар қоршайды, ал ішкі, ойыс, жүрек жақ бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Өкпе қаңқасы арқылы негізгі бронхылар, өкпе артериялары, жүйкелер кіріп, веналар мен лимфа тамырлары шығады.

Альвеолалар-диаметрі0,2-0,3 мм, тереңдігі 0,06-0,3 мм, ауаға толы өкпе көпіршіктер. Альвеола қабырғасы бір қабатты эпителийден тұрады, сырты капиллярлардың қалың торымен шырмалған.

Өкпедегі газ алмасу. Адам құрамында 21% оттек6 79% азот6 0,03% көмірқышқыл газы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы ауада 16% оттек, 4,0% көмірқышқыл газы және 79% азот болады. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырашылығы-өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады.

Көмірқышқыл газы ұлпа жасушаларынан капиллярларға ұлпа сұйықтығы арқылы диффузияланады. Ұлпадағы газ алмасуды ішкі тыныс алу дейді.

Тыныштық күйінде ересек адам минутына 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасайды.



ІV. Бекіту.

  • КАшық сабақ Өкпенің құрылысы мен қызметі 8 классесте толтыру:

Ашық сабақ Өкпенің құрылысы мен қызметі 8 класс

  • «бас қатырғыш» (функциональдық сауаттылықты қалыптастыру):

1 есеп. Қалыпты жағдайда жүрек 1 минут ішінде орта есеппен 6л. Қанды тамырларға айдаса, 1 сағатта және 1 тәулікте қанша мөлшерде қан айдайды?

Жауабы: 60*6=360рет, яғни 1сағатта 360рет

360*24сағ.=8640литр, яғни 1тәулікте 8640литр қан айдайды.



  • «Сөздерді тану» (анықтамаларды негізгі сөздіктермен теңестіру):

  1. Өкпе - кеуде қуысында орналасқан шымыр, кеуекті жұп мүше

  2. Альвеолалар - диаметрі 0,2-0,3 мм, тереңдігі 0,06-0,3 мм ауаға толы өкпе көпіршіктері.

  3. Көкет - көкірек қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшық ет.

Ү Қосымша дерек:

«Білгенге маржан»

Медицина саласына көп еңбек сіңірген ғалым Халел Досмұхамедұлының «танысың сау болсың десең»-деген оқушының саулығын сақтау жөніндегі ұсынысы:

1.Дем алғанда ауызың ылғи да жабулы болсын

2.Шаңда не ауасы бұзылған орында тұрма.Жүрген жеріңді шаңдатпай жүр, әсіресе үйдің ішінде шаң көтеруші болма.

3.Киімінді, төсегінді үйдің ішінде қақпа, сілікпе тазалама сыртқыа шығарып тазала.Үйдегі нәрселердің шаңын дымқыл шүберекпен сүрт.

4. Үйде жұмыс істегенде жылы уақытта терезең ашық болсын.

5. Суық кезде есік терезені ашып, үйіңнің ауасын жаңартып тазалап тұр.

6. Гулеме желден сақтан.

7. Шылым тартпа, темекінің ағзаға өте зиян екенін ұмытпа.

ҮІ Үйге тапсырма:

  • Мәтіндік жұмыс: Өкпенің құрылысы мен қызметі.

  • Шығармашылық жұмыс: сөзжұмбақ

  • Жазба жұмыс: сөздіктерге анықтама



ҮІІ Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал