7


  • Учителю
  • Биология пәнінен сабақ жоспары 8 сынып

Биология пәнінен сабақ жоспары 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өсімдік жасушасы

Сабақтың мақсаты:
1. Жасушаның тіршіліктің ең кішкентай құрылымдық бірлігі екенін ұғындыра отырып, оның құрылысымен таныстыру;
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, білімдерін жетілдіру;
3. Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікпен жұмысты атқара білуге, қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, зертханалық жұмыс жасау
Әдісі:
Көрнекілік: микроскоп, өсімдік жасушасының құрылысының плакаты, интерактивті тақта, лупа, препарат дайындауға арналған заттық шыны, жабын әйнек, қабығы аршылған пияз, сапты ине
Барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Ұлғайтқыш құралдар
1. Оқушылар, өте ұсақ, көзге көрінбейтін тіршілік иелерін немесе жасушаны қарау үшін қандай ұлғайтқыш құралдар қолданамыз?
2. Өткен сабақта қандай микроскоптың құрылысымен таныстық?
3. Жарық микроскопының құрылысын айтындаршы, алдымыздағы микроскоптарға қарайық.
4. Көретін затты неше есе үлкейтетінін білу үшін не істейміз?
5. Препаратты қалай дайындаймыз?
6. Өздерін алда тұрған заттарды (заттық шыны, жабын әйнек, сарымсақ, пипетка, су, сапты ине) пайдаланып препарат жасандар
7. Осы препаратты микроскопқа орналастырайық
8. Орналасқан препаратты қараймыз, не байқадық?
3. Жаңа тақырып:
Бүгін біз препараттан көріп отырған жасушаның құрылысымен танысамыз. Интерактивті тақтаға наза аударындар. Мына сурет өсімдік жасушасының құрылысы. Жасушаның өте кішкентай екенін білеміз, сол кішкене ғана тіршіліктің қүрылым бірлігінің құрылысы күрделі болады екен. Жасушаның сыртқы бөлігі қабықшасы деп аталады. Ол өте тығыз, қалың, қатты, ыстық суда, басқа да қосылыстарда ерімейтін мықты болады. Қабықша жасунықтан тұрады. Оның өте жұқа жерін саңылау деп атайды. Саңылау арқылы за алмасады. Қабықша ішкі бөліктерді зақымданудан қорғап, жасушаға мықтылық, беріктік қасиет береді. Жасушаның ішіндегі қоймалжың зат цитоплазма деп аталады. Оның ішінде түрлі қызмет атқаратын органоидтар болады. Олар: ядро, пластидтер, вакуоль т. б.
Ең басты органоид ол, ядро деп аталады. Ол жасушаның көбеюіне қатысады. Сыртын екі қабат қабықша қаптайды. Ядро қабықшасында да саңылаулар бар. яғни цитоплазма мен ядро арасында да зат алмасып тұрады. Пластидтердің өсімдік жасушасында үш түрі бар, олар: хлоропласт, хромопласт, лейкопласт. Хлоропласт - өсімдікке жасыл түс береді, онда жасыл пигмент хлорофилл бар. органикалық зат түзуге қатысады. Хромопласт - гүл күлтелеріне, күзгі жапырақтарға, піскен жемістерге, жемтамырларға қызыл, сары түс береді. Лейкопласт - өсімдіктің тұқымында, тамырында, түйнегінде кездесетін түссіз, ұсақ деешіктер. Вакуоль - өсімдіктің қысымын реттеп отыратын органоид, егер өсімдік жасушасында қысым өзгерсе, өсімдік құрап қалады. Вакуольдың іші шырынға толы болады.
4. Енді алдымыздағы микроскоптан көріп отырған препараттың суретін интерактивті тақтадағы суретпен салыстыра отырып, суретті дәптерге салу керек.
5. Биологиялық диктант
1. Жасуша............ жасушаның чыртын қаптайды.
2. Қабықшаның жұқарған жерін.......... деп атайды.
3. Жасушаның тіршілігіне қажетті заттар.......... орналасады.
4......... көбеюге қатысады.
5. Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай пластидтер.......,
......., және....... деп бөлінеді.
6. Жасуша ішіндегі қысымды реттеуге қатысатын органоид ол -....... деп аталады.
6. Жаңа таңысқан термин сөздерді сөздік дәптерге жазып қою:
Жасуша қабықшасы, цитоплазма, ядро, пластид, хромопласт, хлоропласт, лейкопласт, вакуоль
7. Үйге тапсырма: оқып келу, кесте толтыру: жасушаның құрылысы және атқаратын қызметі



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал